Сейсенбі, 22 Қыркүйек, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Ислам діні футболға қалай қарайды?

19.07.2019
- Қоғам
0
1.6k
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Кез келген адам денсаулығын арттыру мақсатында түрлі ойындарға қатысқаны жөн. Ислам діні бұған үнемі көңіл бөлуге шақырады. Себебі Мұхаммед  (с.ғ.с.) пайғамбар «Қуатты мұсылман, әлсіз мұсылманнан абзал» деген екен.

Исламның спортқа көңіл бөлуінің мақсаты – тән саулығын сақтай отырып, адам баласының қуатты  болуын қалайды.

Адамзаттың бақытты болуы үшін жол көрсеткен Мұхаммед пайғамбарда  жанындағы сахабаларға ат жарыс, күрес, мергендік секілді спорттың түрлерін меңгеруге шақырған. Тіпті кейбір мәліметтерге сүйенсек исламның алтын ғасыр дәуірінде мұсылмандар «курра» деп аталатын аяқдоп ойнаған екен. Яғни, бүгінгі футбол ойынын айтуға болады. Курра ойынын жергілікті халық арнайы келіп көретін болған деседі.

Сонымен қатар пайғамбарымызбен күрескен хазірет Руканә күресу нәтижесінде мұсылман болған. Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с.) Айша анамызбен бірнеше рет жарысқандығы да айтылады. Хабаштықтардың көрсеткен найза ойындарын пайғамбарымыз Айша анамызбен бірге тамашалаған екен.

Қызыр – патша, Ұлықпан хәкім – уәзір болған Қазақстандағы қай қала?

Қызыр – патша, Ұлықпан хәкім – уәзір болған Қазақстандағы қай қала?

18.09.2026
Отбасында ата-ана мен перзенттің құқығы мен орны

Отбасы тәрбиесі: Қоғам қалыптастыратын басты мектеп

18.09.2026

Жалпы ислам діні құлшылық, адамдар арасында наразылық, құмарлық, соңы жамандыққа алып бармайтын спорт ойындарына тыйым салмаған.

«Бүгінгі заманымыздағы орын алған спорт түрлерінің көбісі пайғамбар заманында болған жоқ. Дегенмен, діннің әмірлері мен тыйымдарына қайшы келмесе, ондай спорт түрлерін қолдануға дініміз рұқсат береді. Демек, ислам діні спортпен айналысуға қарсы емес, керісінше, оны барынша қолдай түседі. Мәселен, пайғамбар заманында атқа міну, садақ ату, суға жүзу, денені шынықтыру секілді спорт түрлері болған. Және оған қолдау көрсеткен. Ал ислам діні футбол ойнауға қарсы емес. Себебі, футболда жүгіру, жарысу, жылдам әрекет ету, қарсыласпен күресу сынды көптеген жаттығу түрлері сүннетке сай келеді» – дейді ҚМДБ төраға орынбасары, наиб мүфти Бауыржан қажы Есмахан.

Айтпақшы, Бауыржан Есмахан үнемі футбол ойынын жақсы көргендіктен айналасындағы таныстарын да осы ойынға шақырып, өзі бас болып ойнап жүрген суреттерін үнемі facebook парақшасына жүктеп отырады. Әрине діндар адамның футбол ойнап жүруі жастарымыз үшін үлгі екенін айтуға болады.

Бүгінде әлемге әйгілі мұсылмандар арасында көптеген футболшылар бар. Олардың арасында Зинеддин Зидан,  Мұхаммед Салах,  Біләл Франк Рибери сынды ойыншыларды үлгі етуге болады. Олар тек футболшылар ғана емес, қайырымдылығымен де танылған жандар.

Наиб мүфти спорттық ойындар мұсылмандардың құлшылықтарына, білім алуларына, жұмыстарына кедергі келтірмеу керек деп есептейді.

Сонымен қатар ойын барысында дененің де жарақат алып қалмауына да абай болғанымыз жөн.

Футбол  ойнағанда немесе көріп отырғанда мұсылманның ескеруі керек жайт:

  1. Футбол ойнап немесе көріп жатқанда жаман сөз сөйлемеу.
  2. Негізгі (маңызды) жұмысты тастап, уақытты ысырап етпеу.
  3. Ойын құмар ойынына айналмауы керек.
  4. Намаз, ораза секілді парыздарды орындауға кедергі болмау.
  5. Адамның денесіне зияны (жарақат), өлімге алып келіп соқпауы қажет. Осы жайттар орын алғанда орта жолдан ауытқушылық болады.

Халқымыз «Спорт – денсаулық кепілі» дейді. Демек, дені сау мұсылманның  құлшылыққа деген құлшынысы бекем болады.

Тұрар ТҮГЕЛҰЛЫ

Таңбалар: Бауыржан ЕсмаханисламТұрар Түгелұлыфутбол
Бөлісу39Твитерге25Бөлісу5Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Ихсанның үш түрі
Видео

Ихсанның үш түрі

21.09.2026
Исламда сөз бостандығы бар ма?
Сұрақ-жауап

Исламда сөз бостандығы бар ма?

21.08.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Дінтану. Жалпы курс.

Дінтану. Жалпы курс.

Танымал тақырыптар

  • Қызыр – патша, Ұлықпан хәкім – уәзір болған Қазақстандағы қай қала?

    Қызыр – патша, Ұлықпан хәкім – уәзір болған Қазақстандағы қай қала?

    32
  • Интернет дәуірінде кітап оқуға қажеттілік бар ма?

    28
  • Уақытты күнә істермен өткізудің салдары қандай?

    19
  • Отбасы тәрбиесі: Қоғам қалыптастыратын басты мектеп

    15
  • Иманмен дүниеден озған адамның белгілері

    14

Соңғы жарияланымдар

Радикалды идеологияның ықпалын қалай ерте байқауға болады?
Сұхбат

Радикалды идеологияның ықпалын қалай ерте байқауға болады?

22.09.2026
Жасырылған алтын туралы хикая
Ғибратты әңгімелер

Жасырылған алтын туралы хикая

22.09.2026
Бір-бірін іздеген Бақыт, Құлшылық, Иман және Адам
Ислам

Иманмен дүниеден озған адамның белгілері

22.09.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00