Бейсенбі, 30 Сәуір, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Алғашқы сайлау ислам қоғамында жүзеге асты

19.06.2019
- Қоғам
0
696
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Тарихқа назар аударар болсақ, исламдағы ескі салт-жоралар бойынша билеушіге мемлекеттің тірегі саналатын ғалым-ғұламалар, әскери адамдар және бұқара халық сенім білдіріп (баят), оған мойынсұнатынын айтып, ант беретін болған.

Ал, билеуші болса, халықты Құран мен сүннетке сай басқарып, мирас пен өзгеде азаматтық қарым-қатынаста әділетті болуға һәм түрлі қиянаттарды тию үшін қылмыстық жаза беретіндігін және ел мүддесін қорғайтынын айтып, халыққа ант берген. Осылайша мемлекет басшысына халықтың басым көпшілігі дауыс бергенде ғана оның билігі лигитимді болып саналған.

Әсілі, билеушіні сайлайтын бұл үрдіс қасиетті Құран-кәрімнен һәм Алла елшісінің (с.ғ.с.) сүннетінен бастау алады.

Жаббар Хақ билеушіге мойынсұну жайында Құран-Кәрімде: «Күмәнсіз, саған мойынсұнғандар тек қана Аллаға мойынсұнған болып табылады. Алланың күші олардың күшінен үстем. Мынандай жағдайда кім антын бұзса, артық ол өз нәпсісі үшін антынан бет-бұрған саналады. Кімде-кім, Аллаға берген сертінен таймаған болса, Алла оған үлкен сый береді» (Фатх, 10) деп бұйырады.

Дәлелханның көш жолындағы Балуан тасы

Дәлелханның көш жолындағы Балуан тасы

24.04.2026
Мәдени байланыстар – мызғымас көпір

Мәдени байланыстар – мызғымас көпір

23.04.2026

Алла елшісі (с.ғ.с) Мәдинаға көшпестен бұрын Ақабада мәдиналықтармен келісімшарт түзу кезінде, Ясриф мұсылмандары пайғамбарымызға баят (сенім білдіру) жасаған еді.

Ал, Алла елшісі (с.ғ.с) келісім бойынша артынан ерген халықты ақиқатпен қауыштыруы тиіс болды. Сондай-ақ, Хақ елшісі (с.ғ.с) Меккені бағындырғанда да, жерлестері Оған (с.ғ.с) бағынатындығын айтып, ант берген еді. Сол кезде ант бергендердің ішінде әйелдер де бар болатын. Бұл туралы Алла Тағала Құран-Кәрімде: «Ей Пайғамбар! Мүмін әйелдер саған келіп, Аллаға серік қоспайтындығына, ұрлық істемейтіндігіне, зина жасамайтындығына, балаларды өлтірмейтіндігіне, ешкімге негізсіз жала жаппайтындығына, саған қарсы көтеріліс жасамайтындығына уәде бергенде, олардың мойынсұнуын қабыл ет, оларды кешір. Шүбәсіз, Алла кешірген және мархамат еткен болып табылады» (Мүмтахина, 12) деп баяндайды.

Ислам деректерінде Алла елшісіне (с.ғ.с.) кең көлемдегі баят жасау салты 628 жылғы Құдайбийа келісімі кезінде орын алды.

Мәдинадан умра қажылығын жасау үшін Меккеге сапарға шыққан 1400-ден астам мұсылман қауымының Құдайбийаға келгенде кідіруіне тура келеді. Меккелік мүшріктер мұсылмандардың Қағбаны тәу етуіне ада-күде қарсы болады. Екі жақтың шарпысуы бірнеше күнге созылып, нәтижесінде мұсылмандарға тиімді болған Құдайбийа келісімі жасалынды.

Осы оқиға барысында «Ридуан» (сәмура) ағашының көлеңкесінде 1400-ден астам мұсылмандар Алла елшісіне (с.ғ.с.) мойынсұнып, адал болуға һәм Хақ дінге ақырғы демі шыққанша қалтықсыз қызмет ететініне ант береді.

Бұл оқиға қасиетті Құран-кәрімде: «Расында Алла, мүміндерден ағаштың астында саған серт берген сәтте, разы болды да олардың жүректеріндегіні біліп, оларға тоқтау салды. Сондай-ақ оларға таяуда бір жеңіс нәсіп етті. Және оларға көптеген алатын олжаларды нәсіп етті. Алла тым үстем, хикмет иесі» (Фатих, 18-19) деп баяндалады.

Алла елшісі (с.ғ.с.) көз жұмғаннан кейінгі алғашқы халифа сайлау 631 жылы Ясрифтегі Сақифа жиналысында жүзеге асты. Сақифада ансарлар (мәдиналықтар) халифаны өз іштерінен сайламақ болғанда, әзіреті Әбу Бәкір Құрайыш мұһажірлерінің ансарлардан қарағанда дін исламға көбірек еңбегі сіңгенін айтып, бұл уәжін құр сөзбен емес, хадис-шарифпен дәлелдеп береді. Шынында да, мұхажірлер исламді алғаш қабылдаған әрі Мекке дәуіріндегі қиын-қыстау он жыл жылда Хақ діннің туын жықпай ұстап, Алла елшісіне (с.ғ.с.) демеу болған еді. Алла елшісі (с.ғ.с.) меккеліктер мен мәдиналықтарды бөліп-жармағанмен, мұһажірлер ансарларға қарағанда, Хақ дінмен алғаш қауышқан алғадай мұылмандар болатын.

Алла елшісі (с.ғ.с.) жан тәсілім етерден бұрын мұсылман қауымына рухани көшбасшы (имам) етіп өзінің мұхажір үзеңгілес серігі, әзіреті Әбу Бәкірді тағайындады.

Расында да Хақ дінге ынты-шынтымен берілген, Хақ елшісінің (с.ғ.с.) адал досы, сахабалар арасында тақуалығымен белгілі болған Әбу Бәкірдің көшбасшылығын мұқым мұсылман қауымы бірауыздан мойындайтын. Сол Сақифа жиынындағы сындарлы сәтте мұхажірлер атынан қатысып отырған әзіреті Омар бірінші болып әзіреті Әбу Бәкірдің қолын ұстап тұрып, оған мойынсұнатындығын айтып (баят), ант береді.

Іле-шала жиынға қатысып отырған ансарлар да әзіреті Әбу Бәкірге сенім білдіріп, оған мойынсұнамыз деп уәде береді. Сақифа жиынының қорытындысы сырттағы мұсылмандарға хабарланғанда, олар да әзіреті Әбу Бәкірге мойынсұнып, оған баят жасайды. Осылайша мемлекет басшысын сайлау алғаш рет мұсылман қоғамында ашық түрде жүзеге асқан еді.

Баят жасау (сенім білдіру) үрдісі әзіреті Әбу Бәкір өлер алдында әзіреті Омарды халиф етіп (634) тағайындағанда, әзіреті Осман (644) мен әзіреті Әлиді (656) мемлекеттік кеңес (шура) халиф етіп сайлағанда да жүзеге асты.

Қалың бұқара халифтарға мойынсұнатындығы жөніндегі антты (баят) көбінесе мешіттерде айтатын. Халиф та көпшіліктің алдында ислам негіздері бойынша елді басқаратындығын айтып, серт беретін.

Халықтың халифқа сенім білдіріп, ант беру дәстүрі Әмауилер (661-750) кезеңінде және алғашқы Аббаси халифтары (751-1258) дәуірінде де жалғасын тапты. Бірақ, алғашқы төрт халифа кезеңінде сенім білдіріп, мойынсұну халықтың өз еркімен жүзеге асқан еді.

Ал, Әмауилер дәуірінде халық зорлықпен халифқа мойынсұндырылды. Хажжаж және оған ұқсас ел басқарған залым билеушілер ант берудің жаңа үлгісін ойлап тапты. Бұл жаңа үлгі бойынша халық халифқа: «Егер халифқа мойынсұнбаған болсам, құлдарым азат, әйелдерім талақ» болсын деп айтатын.

Бұл халықты еріксіз мойынсұндыру, ырықсыз ант еткізу болатын. Аталмыш үрдіс Аббасилердің алғашқы халифтары кезінде де жалғасты. Мысалы, Әбу Жафар әл-Мансұр халықты күштеп ант еткізгеніне байланысты, ғұламалар көпке дейін оны кінәлаумен болды.

Алайда, Имам Мәлік секілді ғұламалар: «Зорлықпен болған баяттың күші жоқ. Күштеп берілген талақтың да күші жоқ» деп, әділетсіз сенім білдіруді әу баста-ақ жоққа шығарған еді.

Мұхан Исахан

Таңбалар: Ислам дініМухан Исахансайлау
Бөлісу17Твитерге11Бөлісу2Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Ұрпақ тәрбиесі – ұлт тағдыры
Сұрақ-жауап

Діндегі рухани байлық не?

22.04.2026
Исламда дін ұстану еркіндігі бар ма?
Ислам

Қазақ қоғамындағы дәстүрлі Ислам ұстанымы

17.03.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Батыржан МАНСҰРОВ: Өмір сүріп отырған мемлекетке бағыну – міндетің

  • Індеттен қайтыс болған адамның мәйітін жерлеу туралы пәтуа

    123460 бөлісті
    Бөлісу 49384 Твитерге 30865
  • Духа намазы қалай оқылады?

    5260 бөлісті
    Бөлісу 2104 Твитерге 1315
  • Сәби шағында қайтыс болған бала ата-анасына шапағатшы бола ма?

    3078 бөлісті
    Бөлісу 1231 Твитерге 770
  • Құран аяттарын ғұсыл-дәретсіз оқуға бола ма?

    3345 бөлісті
    Бөлісу 1338 Твитерге 836

Соңғы жарияланымдар

Аргентинада мектептегі музыка кабинетіне Димаш Құдайбергеннің есімі берілді
Жаңалықтар

Аргентинада мектептегі музыка кабинетіне Димаш Құдайбергеннің есімі берілді

29.04.2026
Жаңалықтар

Бүгін – Халықаралық би күні

29.04.2026
Дипломсыз медресе – дүбара дін
Видео

Дипломсыз медресе – дүбара дін

28.04.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00