Жұма, 1 Мамыр, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

«Оразаның сауабын Өзім беремін» деген хадисті қалай түсінеміз?

08.05.2019
- Сұрақ-жауап
0
1.5k
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Сұрақ: «Оразаның сауабын Өзім беремін» деген хадисті қалай түсінеміз?


Жауап: Алла елшісінің (с.а.с.) бір хадисінде: «…Алла Тағала: «Ораза Мен үшін ұсталды. Оның сауабын Өзім беремін», – деді»[1] делінеді. Бұл хадистің бірнеше мағынасына қысқаша төменде тоқталып көрелік.

Әуелгісі, Алла Тағаланың разылығы мұрат етілген әрбір ісіміз ғибадат-құлшылық санатына жататынын білгеніміз жөн. Ораза құлшылығындағы құпия сырдың мәні де осында деуге болады. Немесе ораза құлшылығына берілетін сауап Аллаға ғана мәлім. Одан періштелер де бейхабар. Өйткені, ораза – риясыз ғибадат. Адам өзге ғибадаттарын халықтың көз алдында жасағандықтан, өзгелер әңгіме етіп: «Пәленше тақуа екен, құлшылығына берік екен…» деген сынды мақтаулар адамды желпіндіріп, өзін керемет сезіндіруі мүмкін. Міне, бұл адам баласының осал тұсы. Ібіліс шайтан да мұндай сәтте қарап қалмасы ақиқат. Ораза ғибадаты болса, Ібіліс шайтанның азғыруына төтеп беру үшін риясыз жасалатын бірден-бір құлшылық деуге болады. Себебі, оразаны кім қалай ұстап жүр, ол жағы Жаратушы Хақ пен құл арасындағы құпия сыр ғана.

Екіншісі, адам баласы бұл дүниеде қанша көп сауапты іс істеседе, Алланың шексіз нығметтерінің қарымтасын қайтара алмақ емес. Алланың рахымына мұқтаж. Сол себепті, Алла Тағала: «Оразаның сауабын Өзім берем» деп, құлына деген рахымының шексіздігін оның риясыз ғибадат етумен байланыстырды деуге болады. Күннің ұзақтығына, ыстықтығына қарамай Алла разылығы деп оразасын ұстағн жандардан сүйіншіленген сол риясыздықты көруге болады.

Дінаралық татулықта зайырлылықтың рөлі қандай?

27.04.2026
Дәрет алуда қандай әдептерді сақтағаным дұрыс?

Дәрет аларда қандай мәкрүһ амалдарға жол бермеу керек?

24.04.2026

Үшіншісі, Алла Тағаланың: «Оразаның сауабын Өзім берем» деген сөзінен кез-келген адам Жаратушысына жақындығын сезеді. Оған ғана ғибадат етуге ынтасы арта түседі. Өзінің оразалы болуын тіршілікпен астасқан ғибадатта болуым деп ұғады. Сөйтіп, күні бойы жұмысын істей жүріп, оразасын кешке дейін аман-есен аяқтағаны үшін қуанады. Әрі ұстаған оразасын қияметте Жаратушысының дидәрін көруге апарар бірден-бір себеп деп біледі. Сондай-ақ, тағы бір хадисте: «Ораза ұстаған адамның екі қуанышы бар. Бірі ауыз ашқан кезі. Екіншісі, қияметте Алланың дидәрін көрген сәті»[2] делінеді. Яғни, Алла Тағаланың дидәрін көру мәртебесі ораза ұстаған адамға тиесілі етіліп тұр.

Төртіншісі, Алла разылығы үшін ораза ұстаған адам, бойындағы нәпсісінің құ­мар­лық се­зімін әл­сі­ретіп, өзін сабырлыққа тәрбиелейді. Осы сәт­те адам бойындағы ру­ха­ни күші, ар-ож­даны басым орынға шығады. Әрі сә­ре­сі­ден кеш­ке дейін ора­за ұс­тап, аш жүрген адам бір тойып жейтін тамаққа зәру жандардың да хәлін түсініп, оларға деген жа­на­шырлық сезімі ояна бастайды. Бұл қоғамдағы байлар мен кедейлер арасында өзара бауырмалдық қалыптастырып, бақытты өмір сүруге серпін беретін игілікті істердің молынан атқарылуына жол ашады.

Ораза – күнделікті күйбең тіршілік қойнауынан бүр жарып шыққан риясыз құлшылық дедік. Сол сияқты, өзге құлшылықтар да терең сенімнен қуат алып, риясыз жасалса оларға да есепсіз сауаптың берілері хақ. Ондай құлшылықтардың барлығы Алла мен құл арасындағы құпия сыр сандығы тәрізді. Негізінде, парыз құлшылықтардың қабыл болуы үшін таза ниет, ықылас шарт етіліп, бүкіл ғибадаттар Алла разылығы үшін жасалуы керектігі міндеттеледі.

Тағы айта кететін мәселе, Рамазан айында әлде кімнің, «Мен оразамын» деп жауапты ісіне селқостық танытып, жақын-туысқандарға қолғабыс тигізбеуі, көбірек Құран оқып, уақытты тиімді пайдаланудың орнына артық ұйықы немесе теледидардан футбол көру сияқты алданыш нәрселермен шұғылдануы қасиетті айдық қадіріне жетпегендік. Мұны шайтан Ібілістің: «Сен ыстыққа төзіп ораза ұстап жүрсің, ұйықта, теледидар көре бер» деп азғыруы ретінде ұққанымыз жөн. Алла елшісі (с.а.с): «Кімде-кім сөзі мен ісінде жалғандықтан (алданыштан) тазармаса, Алла үшін деп ішіп-жеуден тыйылудың бір пайдасы жоқ»[3], – деген.

Ескерту: Рамазан айында уақытының көбін ұйқы немесе теледидар қарау сынды істермен өткізген кісінің оразасы қабыл болмайды деуден аулақпыз. Айтпақ болғанымыз, оразаның сауабын кемітіп алудан немесе қабыл болмай қалуынан сақ болу керектігін ескерту.

[1]Бухари, Саум, 2; Муслим, Сиям, 152

[2]Бухари, Саум, 2; Муслим, Сиям, 152

[3]Бұхари, 1804-хадис.

Таңбалар: оразасауапықылас
Бөлісу37Твитерге23Бөлісу5Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Ораза кестесі – 2022
Жаңалықтар

Шәууәл айының ораза кестесі (қалалар бойынша)

23.03.2026
Артық тамақтану ағзаға қалай әсер етеді?
Қоғам

Артық тамақтану ағзаға қалай әсер етеді?

17.03.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Қанат Жұмағұл: Жас ұрпақтың бойында жетіспейтіні – мейірімділік

  • Індеттен қайтыс болған адамның мәйітін жерлеу туралы пәтуа

    123553 бөлісті
    Бөлісу 49421 Твитерге 30888
  • Духа намазы қалай оқылады?

    5261 бөлісті
    Бөлісу 2104 Твитерге 1315
  • Сәби шағында қайтыс болған бала ата-анасына шапағатшы бола ма?

    3079 бөлісті
    Бөлісу 1232 Твитерге 770
  • Құран аяттарын ғұсыл-дәретсіз оқуға бола ма?

    3346 бөлісті
    Бөлісу 1338 Твитерге 837

Соңғы жарияланымдар

Аргентинада мектептегі музыка кабинетіне Димаш Құдайбергеннің есімі берілді
Жаңалықтар

Аргентинада мектептегі музыка кабинетіне Димаш Құдайбергеннің есімі берілді

29.04.2026
Жаңалықтар

Бүгін – Халықаралық би күні

29.04.2026
Дипломсыз медресе – дүбара дін
Видео

Дипломсыз медресе – дүбара дін

28.04.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00