Сейсенбі, 28 Шілде, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Һарут және Марут періштелері

13.05.2019
- Қоғам
0
1.3k
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Құранда аттары аталатын осы Һарут пен Марут періштелері тұрғысында адамдар арасында жаңсақ пікір орын алған. Бұл жаңсақ пікірдің мәні Һарут пен Марут періштелері сиқырды үйретуші әрі ерлі-зайыптыларды ажыратушы дегенге саяды. Асылында, көк жүзінен жер бетіне түскен пәк екі періште адам баласына мұғжиза мен сиқырдың ара жігін ажырата білсін деп сиқыр туралы мағлұмат берген.

Құран кәрімде бұл періштелер жайлы:

«(Олар Тауратты қойып) Сүлейменнің (ғ.с.) патшалығы заманындағы шайтандар оқығанға (сиқырға) ілесті. Сүлеймен (ғ.с.) әсте күпірлік жасамады (сиқыр жасамады). Бірақ шайтандар, адамдарға сиқыр үйретіп, күпірлік жасады. Адамдарға сиқырды және Вавилонда «Һарут, Марут» атты екі періштеге түсірілген ілімді (бұрыс жолмен) үйретті. (Адамдарға сиқырдан сақтану сияқты кейбір жасырын ілімді үйреткен Һарут пен Марут): «Біз сынақ үшін келдік, бізге түсірілген ілімде сынақ әрі бүлік бар.» Осы үшін (бұны дұрыс жолда қолданыңыз; жаман жолда қолданып) күпірлікке түспеңдер! деп ескертпейінше ешкімге ешнәрсе үйретпеген. Бірақ шайтанның алдау-арбауына түскендер сиқырдан да, Һарут пен Марутқа түсірілген ілімнен де ер мен әйелдің арасын айыратын жолдарды үйренуде еді. Олар, Аллаһтан бұйрықсыз ешкімге зиян бере алмайды. Олар өздеріне зиян келтіретін, пайда бермейтін нәрсені үйренген еді. Расында оны (Аллаһтың кітабының орнына сиқырды) айырбастап алған кім болса да ақыретте ешқандай несібесі болмайтынын біледі. Олар, өздеріне нендей жаман нәрсе сатып алғандықтарын білген болса еді»,[1] – дейді. Сүлеймен пайғамбарға шайтан мен жындарды басқару билігі берілгендігі баян етіледі. Бірде олар Сүлеймен пайғамбарға қарсы шықты. Бірақ діттегендеріне жете алмады. Сүлеймен пайғамбар қайтыс болғаннан кейін шайтан кей адамдарға жамандық атаулыны үйрете бастады. [2] Сүлеймен пайғамбар қайтыс бола салысымен іштей азғындай бастаған Исрайлұлдарының халқы ендігі кезекте сиқыр мен шайтан жолына түсе бастады. Күн өткен сайын сиқыр халық арасында кең тарай бастады. Кеңінен тараған сиқырдың алдын алу үшін Аллаһ тағала Исрайлұлдарына Һарут пен Марут атты екі періште жіберді. Лұт пайғамбарға жіберілген періштелердің жас жігіт бейнесінде келгені іспетті[3] бұл періштелер де сірә адам бейнесінде келген болуы керек. Бұлар адамдарға жасырын ілімді сиқырдың алдын алу үшін үйретті. Әрі үйрету барысында үйреткендерін жаман жолға қолданып бүлікке жол ашуға болмайтындарын ескерткен еді. Соған қарамастан әрбір ілімнің нәтижесін жақсылыққа да, жамандыққа да қолдануға болатыны секілді яһудилер де осы екі періштенің үйреткендерін қоғамда жамандық атаулыға яғни бүлік шығару үшін қолданды. Бұлар әсіресе ерлі-зайыптылардың татулығын бұзуда алдарына жан салмады. Жамандық жасалу үшін жер бетінің түкпір-түкпіріне тараған шайтан әскерлері жиналғанда, іштеріндегі ерекше мақтауға ие болғаны ерлі-зайыптылардың арасына шоқ тастап, оларды ажыратып тынғаны болғаны мәлім.[4]

Қалмахан Ержан,

Қазығұрт атауы қайдан шыққан? Әулиелік нұсқа

Қазығұрт атауы қайдан шыққан? Әулиелік нұсқа

27.07.2026

Адам құқығы – басты құндылық

27.07.2026

Теология ғылымдарының докторы

[1]    Бақара, 2/102

[2]    Қараңыз: Әнғам, 6/121

[3]    Қараңыз: Һұд, 11/77

[4]    Бухари, Талақ, 25; Али Унал, Қуран мәалі, Тафсир, Бақара, 2/102

Бөлісу30Твитерге19Бөлісу4Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Қазығұрт атауы қайдан шыққан? Әулиелік нұсқа
Қоғам

Қазығұрт атауы қайдан шыққан? Әулиелік нұсқа

27.07.2026
На VII Съезде лидеров мировых и традиционных религий утвердили Итоговую декларацию
Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі

Діндер съезі – жаһандық диалогтың маңызды алаңы

27.07.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Құрандағы «соғыс» туралы аяттарды қалай түсінуге болады?

Танымал тақырыптар

  • Ясауи іліміне қатысты XVII ғасырдағы сирек қолжазба Мәскеуден табылды

    Ясауи іліміне қатысты XVII ғасырдағы сирек қолжазба Мәскеуден табылды

    518
  • Бір кесе сорпаның бағасы

    48
  • Сарышаянды арқалаған бақаның соңғы өкініші

    31
  • Қолжазбаларда ұлттың құндылығы қатталған

    24
  • Намаздың хикметі неде?

    20

Соңғы жарияланымдар

Қазығұрт атауы қайдан шыққан? Әулиелік нұсқа
Қоғам

Қазығұрт атауы қайдан шыққан? Әулиелік нұсқа

27.07.2026
На VII Съезде лидеров мировых и традиционных религий утвердили Итоговую декларацию
Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі

Діндер съезі – жаһандық диалогтың маңызды алаңы

27.07.2026
Қоғам

Адам құқығы – басты құндылық

27.07.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00