Жұма, 1 Мамыр, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Хамәлат-ул Арш періштелері

18.04.2019
- Қоғам
0
983
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Бұлар аршты[1] көтеретін (қалай көтеретіні бізге беймәлім) періштелер. Хамәлат-ул Арш періштелерін үлкен төрт періштеден кейінгі Аллаһқа жақын періштелер деуге болады. Бұл тақырыпқа қатысты Құранда төмендегідей аяттар бар:

وَتَرَى الْمَلَائِكَةَ حَافِّينَ مِنْ حَوْلِ الْعَرْشِ يُسَبِّحُونَ بِحَمْدِ
رَبِّهِمْ وَقُضِيَ بَيْنَهُم بِالْحَقِّ وَقِيلَ الْحَمْدُ لِلَّهِ رَبِّ الْعَالَمِينَ

«(Мұхаммед с.ғ.с.) періштелерді аршының айналасында Раббыларын дәріптеген түрде көресің. Олардың арасында ақиқат бойынша үкім етіледі. Барлық мақтау бүкіл әлемнің Раббына лайық делінеді»[2];

«Сондай аршыны көтерген және оның маңындағы періштелер, Раббыларын мақтаумен дәріптейді. Оған сенеді. Сондай-ақ мүміндер үшін: «Раббымыз! Мәрхаметің, әр нәрсені толық қамтыған. Тәубе етіп, жолыңа түскендерді жарылқа! Оларды тозақтан сақтай гөр!», Раббымыз! Оларды әрі аталарынан, жұбайларынан және ұрпақтарынан кім түзу болса, оларды өзің уәде еткен Адын жаннаттарына кіргізе гөр. Күдіксіз Сен тым үстем, аса данасың».[3]

Дәлелханның көш жолындағы Балуан тасы

Дәлелханның көш жолындағы Балуан тасы

24.04.2026
Мәдени байланыстар – мызғымас көпір

Мәдени байланыстар – мызғымас көпір

23.04.2026

Аршыны көтеруде деген сөз періштелерге аршыны қорғау және ұйымдастыру міндеті жүктелгенін білдірсе керек. Немесе бұның олардың арш иесі Аллаһ тағалаға деген жақындығының белгісі болуы да ықтимал.[4]

Олар сап-сап болып, Аллаһтың бірлігі мен ұлылығын жария етеді, дәріптейді, сонымен қоса құлшылық жасай отырып мұсылмандар үшін де дұға етеді.

Хамәлат-ул Арш періштелерінің саны туралы Құран кәрімде:

وَالْمَلَكُ عَلَى أَرْجَائِهَا وَيَحْمِلُ عَرْشَ رَبِّكَ فَوْقَهُمْ يَوْمَئِذٍ ثَمَانِيَةٌ

«Періште көктің айналасында болады (Қиямет күні аспан қақ айрылып жан-жақтан періштелер әсем түрде түсіріліп, адамдардың маңайын қоршайды). Сондай-ақ ол күні Раббыңның аршысын сегіз (жауапты періштелер) көтеріп тұрады»,[5] – дейді.

Аяттағы сегіз періште міндетті түрде сегіз емес, бәлкім сегіз топты меңзеп тұрған болар. Бірақ олардың бейнелерін біз біле алмаймыз. Әбу Дәудтің риуаят еткен бір хадисінде пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм):

ﺃﺫنَ لي ﺃنْ ﺃحدِّثَ عَنْ مَلكٍ مِن ملائكةِ الله تعالى مِن حَمَلَةِ العَرْش׃ ﺇنَّ مَا بَيْنَ شَحْمَةِ أُﺫُنِهِ ﺇلى عَاتِقِهِ مَسيرَةُ سَبْعِمِائَََةِ عَامٍ

«Маған, Хамәлат-ул Арш періштелерін түсіндіруге рұқсат берілді. Оның құлақ ұшы мен мойынының арасында жеті жүз жылдық қашықтық бар»,[6] – дейді. Яғни бұл хадистің мағынасынан мынадай қорытынды жасауға болады: бұл періштенің бейнесін елестете алмайтын және ақылымызбен топшылай алмайтындығымызды білдіреді. Бәлкім пайғамбарымыз білген және көргендерінің барлығын бізге айтпаған да болар. Сонымен қатар, олар біздің діни және әлеуметтік өмірімізге еш қатысы да жоқ. Пайғамбарымыздың Аллаһтың рұқсатынсыз еш нәрсе айтпағанын ескерсек, бұл хадисінің де бізге беймәлім нәрселердің бары күмәнсіз.

Хамәлат-ул Арш және Самауат[7] періштелердің бірі «Нәсир», екіншісі «Сәур».[8] Ұлы Жаратушы, Арш пен аспанның жеті қабатын қадағалауға міндеттеген періштелері тәрізді жер шарын да қадағалайтын екі періште тағайындаған. Ол періштелердің бірінің есімі «Һуд» екіншісі «Сәур».

Сонымен қатар «муқаррабун» яғни, Аллаһ тағалаға өте жақын, мейірімді періштелер бар. Бұлар тек құлшылықпен ғана айналысады. Құранда бұл періштелер жайлы: «…Аллаһқа жақын періштелер де Аллаһқа құл болудан әсте арланбайды. Кім Оған құлшылықтан арланып дандайсыса, сонда оларды тұтас өз тарапына жинайды»,[9] – дейді.

Қалмахан Ержан,

Теология ғылымдарының докторы

[1]    Арш-Ұлы Жаратушының ғалам үстіндегі шексіз иелігінің белгісі

[2]    Зүмәр, 39/75

[3]    Ғафыр, 40/7-8

[4]    Суат Иылдырым, Қуран-ы Хаким Мәалі, 466

[5]    Хаққа, 69/17

[6]    Әбу Дәуд, Сүннет, 18

[7]    Самауат-Аспанның жеті қабаты

[8]    Бәйхаки, Шуабул-иман, 433; Зәһаби, Мизанул-итидал, 4/352;   Суюти, әд-Дуррул-Мансур, 1/329

[9]    Ниса, 4/172

Бөлісу24Твитерге15Бөлісу3Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Ғибратты әңгімелер

Сәлемдесу аллеясы

01.05.2026
ҚМДБ жанынан «Аудармашылар алқасы» құрылды
Жаңалықтар

ҚМДБ жанынан «Аудармашылар алқасы» құрылды

01.05.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Қазақстандағы діни бірлестіктер. Қайта тіркеу

  • Індеттен қайтыс болған адамның мәйітін жерлеу туралы пәтуа

    123557 бөлісті
    Бөлісу 49423 Твитерге 30889
  • Духа намазы қалай оқылады?

    5262 бөлісті
    Бөлісу 2104 Твитерге 1315
  • Сәби шағында қайтыс болған бала ата-анасына шапағатшы бола ма?

    3080 бөлісті
    Бөлісу 1232 Твитерге 770
  • Құран аяттарын ғұсыл-дәретсіз оқуға бола ма?

    3346 бөлісті
    Бөлісу 1338 Твитерге 837

Соңғы жарияланымдар

Ғибратты әңгімелер

Сәлемдесу аллеясы

01.05.2026
ҚМДБ жанынан «Аудармашылар алқасы» құрылды
Жаңалықтар

ҚМДБ жанынан «Аудармашылар алқасы» құрылды

01.05.2026
Рухани келісім тұлғаларына құрмет
Жаңалықтар

Рухани келісім тұлғаларына құрмет

01.05.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00