Жұма, 12 Маусым, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Фиқһ ғалымы Ахмет Юсуф әл-Исфижаби туралы не білеміз?

26.03.2019
- Қоғам
0
692
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Ислам тарихынан белгілі фиқһ (құқық) ілімі ежелден бері ғұламалардың ыждақаты мен талаптарының арқасында күні бүгінге дейін өзектілігін жойған емес. Осы орайда қазақ дүниетанымымен біте қайнасқан Әбу Ханифа мәзһабының рөлі Ислам әлемінде орны ерекше. Мәзһабтың бастауы сонау Пайғамбарымыздың (с.а.у.) шәкірті болған сахаба Абдулла ибн Масғудқа ( – 650 ж.) тіреледі.

Осы тұста ислам ілімдерінің орталығына айналып, түрлі салада көптеген ғалымдар танылған шаһардың бірі Исфиджаб мекенін баса айту керек. Күні бүгінге дейін ханафи мәзһабының құқықтық бағытының қазақ жерінде таралуына септігін тигізіп, бірнеше еңбектер қалдырған ғалым ретінде Исфижаб өңірінің тумасы Мұхаммед ибн Ахмет Юсуф әл-Исфижаби (-591 һ.ж.) саналады. Ол ерте жасынан-ақ білімге ынтызар болып, шәкірттердің арасында белсенділік танытқан. Өсе келе ханафи мәзһабын дәріптеген Исфижабтың көрнекті ғалымына айналған. Ғалымның соңында Убайдуллаһ ибн Ибраһим ибн Ахмет әл-Махбуби ( – 630 һ.ж.) деген шәкірт қалған. «Әл-уафи бил уафият» кітабында әл-Махбуби Мәуереннаһр жерінде ханафи мәзһабын таратқан соңғы ғалым деп танылған.

әл-Исфижабидің қалдырған еңбектері бүгінге дейін Түркия, Сауд Арабиясы секілді елдердің кітапханаларында сақталған. Айталық, «әл-Хауи фи мұхтасар ат-Тахауи» атты қолжазбаның мазмұнында Имам ат-Тахауи ақидасындағы көптеген мәселелерді талқылаған. «Зәд әл-фуқаһа» еңбегінде автор Ислам дініндегі құқықтық мәселелерді, атап айтқанда, талақ, неке, сауда-саттық, аңшылық, мирасқорлық және т.б. тақырыптарды жан-жақты баяндаған. Тек «Нисаб әл-фуқаһа» атты еңбегі туралы дерек жоқ.

Сонымен қатар бүгінде Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы халқымызға рухани жол көрсететін нақты қадам ретінде қарастыратын болсақ, онда аталмыш ғалымдардың қалдырған еңбектерін жинап, оларға талдау жасау өте маңызды. Себебі бұл бағдарлама аясында еліміздің дінтанушы ғалымдары Қазақстан мұсылмандар діни басқармасымен бірігіп қазақ ұлтына тән болған төл діни мектепті қалыптастыруды қолға алып отыр. Мұндай мектеп өз кезегінде қазақ даласына нығайып орныққан исламның ертедегі ұстанымын жаңғыртып, салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды саралап, қазақтың бойындағы құндылығы мен діни болмысын өскелең ұрпаққа жеткізуде көпір болу арқылы қазіргі заманмен ұштастырып, түрлі діни ағымдарға тойтарыс береді деп білеміз.

Осындай рухани жаңғыру тұрғысында бұрын соңды қолды болмаған Мұхаммед ибн Ахмет Юсуф әл-Исфижаби және оның тың еңбектерін ортаға салып, талқылап, жаңа діни идеяларды жарыққа шығару – кезек күттірмейтін мәселе. Бұл елімізде төл діни мектепті қалыптастыру үшін де маңызды фактордың бірі болары сөзсіз. Сондықтан аталмыш ғалымның қалдырған туындыларына жіті көңіл бөліп, қоғамға қажетті тұстарын ерекшелеп, жаңа бір әл-Исфижабидің дүниеге келуіне ықпал етуіміз керек.    

Уақып – сарқылмас сауап

Шариғаттағы уақып ұғымы мен қазақ даласындағы Аққұла дәстүрінің сабақтастығы

12.06.2026
«Құран тізбегі» операциясы қалай жүргізілді?

«Құран тізбегі» операциясы қалай жүргізілді?

02.06.2026

Жалғас АСХАТҰЛЫ,

дінтанушы

Таңбалар: жалғас асхатұлыфиқһ
Бөлісу17Твитерге11Бөлісу2Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Фиқһ ілімі деген не?
Сұрақ-жауап

Фиқһ ілімі деген не?

21.11.2024
“Ханафи мәзһабының фиқһ ғұламалары” кітабы жарық көрді
Жаңалықтар

“Ханафи мәзһабының фиқһ ғұламалары” кітабы жарық көрді

02.10.2024
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Көлік жүргізуші де, жолаушы да оқуы тиіс дұғалар

Танымал тақырыптар

  • Құрбан айт – құтты мереке

    Айт намазының кестесі (барлық қала бойынша)

    3.3k
  • 27 мамыр – Құрбан айттың бірінші күні

    659
  • Бір хадистен – жеті хикмет

    87
  • Бақырша елді мекені атауы қайдан шыққан?

    84
  • Қауіпсіз сана – қауіпсіз бала

    55

Соңғы жарияланымдар

Радикалды көзқарастан арылту мен оңалту мамандарына арналған курс өтіп жатыр
Жаңалықтар

Радикалды көзқарастан арылту мен оңалту мамандарына арналған курс өтіп жатыр

12.06.2026
Ұлы даланың мәдени коды
Видео

Ұлы даланың мәдени коды

12.06.2026
Қазақстан ең тартымды мемлекет деп танылды
Жаңалықтар

Қазақстан ең тартымды мемлекет деп танылды

12.06.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00