Сәрсенбі, 17 Маусым, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Бекжан Тұрыс: Дәстүрді сыйлауды неге ұмыттық?

21.03.2019
- Қоғам
0
373
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Кез келген елдің дәстүрлі мәдениеті мен діни танымы сол елдің ұлттық қасиеті мен ұлттық құндылығы болып табылады. Біз сол ұлтты ұлылыққа бастайтын дәстүрлік сипатты ұмытпаған ел едік. Әлімсақтан бері дін мен дәстүрді үйлестіріп үйлесімді өмір сүрген өнегелі ұлт едік! Иманымыз бекем, амалымыз нық болатын. Ал бүгін ше?

Басқа – басқа, бөлінбеген еншіміз – дастарқанды құрметтемеуді қай кезден ұмыттық? Дәм-тұздан аттамауды білетін қазақ Құранды ұйып тыңдауды неге естен шығарды? Біз – бата берілмей асқа қол салмауды үйренген һәм үлкен мектеп көрген ұрпақпыз. Аталарымыз бата беріп, алдымен солар астан ауыз тигеннен соң ғана дәмге қол созатын едік. Жасына қарай төрге оздырып, жағына қарай сөйлейтін қазақпыз! Бірақ қашаннан бері қазақ баласы, тойдың дастарқанын былай қойғанда, қазаға арналған дәмді құрметтемей, Құран бағышталмай тұрып, бірден дәмді бас салып, ішіп-жеуді бастайтын болған? Құран оқылып жатқанда орнынан тұрып әрлі-берлі жүретіндерді қосыңыз бұған. Үлкеннен кінә іздейін десең, бәрі де – ауылдан шыққан, ата-әженің тәрбиесін көргендер, қалалық болғандары мұнда ғана. Кішіні кінәлайын десең, алдыңғы буын – үлкеннің көрсетіп отырғаны мынау. Қателік қайдан кетті?

«Қазаның жолы –жіңішке, аруақтың орны – биікте» деп аруағын ардақтаған ел емес пе едік! Аруақ сыйлай білмесек, бір-бірімізді тіршілігімізде қадірлегеніміз қайсы? Көңілдің іздейтіні көп, табары жоқ. Өмір бар жерде өзекті өлімнің болуы да – заңдылық. Басы қаралы, жүрегі жаралы, қаза қабырғасына батқан жанның өтінішімен дастарқанның тізгінін ұстайтын сондай сәттерде байқағаным – дастарқанға отыра сап, алдындағы асты асығыс қарбытып, ішіп-жеуді бастап кететіндер, Құран үнін ұйып тыңдау былай тұрсын, имамның дауысы естілгенде алдында тұрған салфетка қағазды жалма-жан басына жабатын әйелдер…

Осындай өте сүйкімсіз әрі өрескел ерсі көріністерге жаным ауырғаннан арасында ескертіп айтқан кездерім болды. «Әлгіндей әйел заты қайтып ене атанып, қандай әже болмақ» деген ойға қалам. Ұлттың болашағы әйелдің қолында болғанымен тағдыры – ер-азаматтың уысында. Ендеше, дастарқан сыйлауды, дәм аттамауды, Ас пен той иесін құрметтеуді, салтты сақтап, дәстүрді дәріптеуді ең бірінші бүгін өзімізден бастамасақ, ертең кешігеміз. Ал бұл – оп-оңай, өлімді жерге келе жатырсың ба, бір шаршы орамал сал басыңа, бата жасалмай немесе Құран оқылмай, дәмге қол созба! Құран оқылып жатқанда күйіп бара жатқан нәрсе жоқ, шамалы сабыр сақтап, тізеңді бүк, аруақты еске ал, тіршілігіңе тәубе қылып бетіңді сипа! Мұның бәрі – жарлықпен бекітіліп, арнайы қаулы-қарарды талап етпейтін ұлттық құндылық. Ұлтыңда барды ардақтау арқылы ұл-қызыңа осындай ұлағатты сіңіре алмақсың. Ал ұлтқа еңбек ету, ұрпаққа ұлттық қасиетті ұқтыру – сіз бен біздің міндетіміз!

Бекжан Тұрыстың Facebook парақшасынан

Қазақ тарихындағы өнегелі тұлғалар – бүгінгі ұрпаққа үлгі

Қазақ тарихындағы өнегелі тұлғалар – бүгінгі ұрпаққа үлгі

16.06.2026
Террористік қылмыс жасағандарға рақымшылық берілмейді

Террористік қылмыс жасағандарға рақымшылық берілмейді

15.06.2026
Таңбалар: ислам және дәстүрсалт-дәстүр
Бөлісу9Твитерге6Бөлісу1Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Қазақ болмысындағы дін мен дәстүр жарасымы
Ислам

Қазақ болмысындағы дін мен дәстүр жарасымы

03.06.2026
Сұрақ-жауап

Жеті атаға дейін қыз алмау Исламға қайшы ма?

20.05.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Амандасу, сәлемдесу қалай жасалады? Үкімі қандай?

Танымал тақырыптар

  • Құрбан айт – құтты мереке

    Айт намазының кестесі (барлық қала бойынша)

    3.3k
  • 27 мамыр – Құрбан айттың бірінші күні

    662
  • Бір хадистен – жеті хикмет

    92
  • Қауіпсіз сана – қауіпсіз бала

    58
  • Тақ үстінде дәруіштік жол бола ма?

    43

Соңғы жарияланымдар

Қазақ тарихындағы өнегелі тұлғалар – бүгінгі ұрпаққа үлгі
Қоғам

Қазақ тарихындағы өнегелі тұлғалар – бүгінгі ұрпаққа үлгі

16.06.2026
Түс шариғи дәлел бола ала ма?
Сұрақ-жауап

Түс шариғи дәлел бола ала ма?

16.06.2026
Отандық діни білімнің игілігі
Видео

Отандық діни білімнің игілігі

16.06.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00