Бейсенбі, 30 Сәуір, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Һижри күнтізбенің қалай пайда болғанын білесіз бе?

12.09.2018
- Қоғам
0
861
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Йемен әкімі Яғлә бин Умәййа (р.а.) Халифа Омарға (р.а.) бір хат жолдайды. Алайда хатың жылы көрсетілмеген еді. Пайғамбарымыздың кезінен бергі хат жазысу тәсілі осындай болатын. Бірақ, бұл жолы хаттың қай айда жазылғаны да көрсетілмеген. Бұл жағдай мұсылмандар үшін кәдімгідей проблема болды.

Басрада да осыған ұқсас жағдай болған. Басра әкімі Әбу Мұса әл-Әшғариге соңғы төлем күні Шағбай айы деп көрсетілген бір түбіртек келеді. Шағбан айы деп көрсетілгенінде проблема жоқ қой, мәселе қай жылдың Шағбан айы? Осы жылдың ба, жоқ әлде өткен жылдың ба, әлде келесі жылдың Шағбаны ма, осы мәселе біраз тартыстарға себеп болып, мұсылмандарды қиын жағдайда қалдырды. Осының нәтижесінде Басра әкімі Әбу Мұса әл-Әшғари Халифа Омарға дереу хат жазды. Хатында:

­– Уа, Мүминдердің әміршісі! Сізден бізге уақыты нақты көрсетілмеген хаттар келеді. Хатта мәселен «Шағбан айы» деп көрсетесіз. Алайда біз оны осы жылдың Шағбаны ма, жоқ әлде келесі жылдың Шағбан айы ма, осыны біле алмай біраз дал боламыз, ­– деп мұсылмандарға да бір күнтізбенің қажет екендігін түсіндіреді.

Мәселенің маңыздылығын ұққан Хазірет Омар мәжіліс құрады. Мәжіліске алдыңғы қатарлы сахабалар қатысады. Жиында Йемен әкімі Яғлә бин Умәййадан келген хатқа қатысты болған проблемаға ұқсас жағдай Басра әкімі Әбу Мұса әл-Әшғариде де туындағаны айтылады. Осылайша Әбу Мұса әл-Әшғаридің көтерген мәселесі күн тәртібіне шығарылады. Бұдан былай ресми бір күнтізбенің бекітілуі шарт деген мәселе көтеріледі. Мәселеге қатысты көзқарастар мен ұсыныстар сұралады. Айтылған пікірлер бағамдалады. Пікір-талас барысында ай күнтізбесін қолдану мәжілістің ортақ шешімі болады. «Ал күнтізбе қашаннан басталуы керек?» деген мәселеге келгенде әркім әртүрлі пікір білдіре бастайды.

Дәлелханның көш жолындағы Балуан тасы

Дәлелханның көш жолындағы Балуан тасы

24.04.2026
Мәдени байланыстар – мызғымас көпір

Мәдени байланыстар – мызғымас көпір

23.04.2026

Сахабалардың әрқайсысы Ислам мен мұсылмандар үшін маңызды деп білген оқиғаларды күнтізбенің басы ретінде ұсынады. Ұсыныстардың арасында Құран түсе бастаған жылдан бастап, Пайғамбарымыздың (с.а.у.) дүниеден озған күні де бар еді. Хазіреті Әли (р.а.) Пайғамбарымыздың (с.а.у.) һижрет еткен жылын ұсынады. Ұсыныстардың ішінде ең ұнамдысы да осы болады. Бұл ұсыныс Хазіреті Омарға да ұнайды. Ақиқатында да, һижрет Ислам және мұсылмандар үшін жаңа бір кезеңнің бастауы еді. Пайғамбарымыздың һижрет жылы болған 622 жылды күнтізбенің басы деп қабылданады.

Ендігі кезек күнтізбенің бірінші айын бекітуге келеді. Жаңа күнтізбе 12 айдың қайсысымен басталуы тиіс деген мәселе ортаға тасталады. Хазіреті Османның ұсынысы бойынша Мұхаррам айы жылдың алғашқы айы болып қабылданады. Пайғамбарымыздың дүниеден озғанынан 6 жылдан кейін бекітілген бұл күнтізбе Пайғамбарымыздың (с.а.у.) һижретін күнтізбенің бастауы ретінде алғандығынан «Һижри күнтізбесі» деп аталады. Хаттардағы күн де осы күнтізбеге қарап жазылатын болды.

Һижри күнтізбенің айлары:

  1. Мұхаррам
  2. Сафар
  3. Рабиғул-Әууәл
  4. Рабиғул-Ахир (немесе Рабиғус-Сәни)
  5. Жумадаул-Әууәл
  6. Жумадаул-Ахир (немесе Рабиус-Сәни)
  7. Рәжәб
  8. Шағбан
  9. Рамадан
  10. Шәууәл
  11. Зул-Қағда
  12. Зул-Хижжа

Сұлтан Керім

Таңбалар: исламҚазақМухаррам
Бөлісу21Твитерге13Бөлісу3Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Мұсылман ғалымдары билік, мемлекет құрылымы жайында еңбектер жазған ба?
Сұрақ-жауап

Мұсылманның қоғамдағы орны қандай болу керек?

16.04.2026
Дінді саясиландыру қауіпті ме?
Сұрақ-жауап

Дінді саясиландыру қауіпті ме?

07.04.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Бір сәжденің сыйы

  • Індеттен қайтыс болған адамның мәйітін жерлеу туралы пәтуа

    123496 бөлісті
    Бөлісу 49398 Твитерге 30874
  • Духа намазы қалай оқылады?

    5261 бөлісті
    Бөлісу 2104 Твитерге 1315
  • Сәби шағында қайтыс болған бала ата-анасына шапағатшы бола ма?

    3078 бөлісті
    Бөлісу 1231 Твитерге 770
  • Құран аяттарын ғұсыл-дәретсіз оқуға бола ма?

    3345 бөлісті
    Бөлісу 1338 Твитерге 836

Соңғы жарияланымдар

Аргентинада мектептегі музыка кабинетіне Димаш Құдайбергеннің есімі берілді
Жаңалықтар

Аргентинада мектептегі музыка кабинетіне Димаш Құдайбергеннің есімі берілді

29.04.2026
Жаңалықтар

Бүгін – Халықаралық би күні

29.04.2026
Дипломсыз медресе – дүбара дін
Видео

Дипломсыз медресе – дүбара дін

28.04.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00