Сейсенбі, 27 Қазан, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Қу дүниеге құштарлық

27.02.2018
- Ғибратты әңгімелер
0
148
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

– Нанды кім алды? – деп серігінен сұрайды.

– Білмеймін, – деп жауап береді жолдасы.

Иса (а.с.) қайталап сұрамай, тұрып жүре береді. Жолдасы еріп отырады. Олар ұзақ жүреді. Жолда егіз лағымен бір киік жайылып жүреді. Иса (а.с.) лақтың біреуін ұстап сойып, екеуі еттің жартысын асып жеп алады. Иса пайғамбар (а.с.) қалған шикі етке: «Аллаһтың рұқсатымен қайтадан тіріл» дегенде, ет дереу баяғы сүйкімді лақ қалпына келіп, енесіне қосылып жортып кетеді. Иса (а.с.) жолдасына қайтадан:

– Осы мұғжизаны көрсеткен Алланың атымен сұраймын, нанды кім алды? – дейді. Жолдасы тағы да білмейтінін қайталайды. Иса (а.с.) қазбалап сұрамастан ары қарай қадам басады, жолдасы еріп отырады. Біраз жүргеннен кейін алдарынан үлкен көл шығады. Пайғамбар серігін қолынан жетектеп, өзеннің арғы бетіне су үстімен жер басып жүргендей адымдап өте шығады. Сосын тағы да:

Уағызды кім айтар еді…

19.10.2026

Меккеден алған өмірлік сабақ

17.10.2026

– Осы мұғжизаны көрсеткен Алланың атымен сұраймын, нанды кім алды? – дейді. Жолдасы әдеттегідей жарытып жауап бермейді. Екеуі ұзақ жерді бағындырады. Алдарынан шөл дала кездеседі. Иса (а.с.) сусыған құмды уыстап бір жерге жинап, көлемі біршама үлкен бір төмпешік жасайды. Одан соң пайғамбар: «Алланың рұқсатымен алтын бол» дегенде, жаңағы үйінді әп-сәтте алтынға айналады. Иса (а.с.) серігіне баяғы сұрақты және қояды. Серігі бастапқы жауабынан танбайды. «Ендеше, – дейді Иса пайғамбар, – мына алтынның үштен бірі менікі, үштен бірі сенікі, қалған үштен бірі нанды алғандікі». Бұл жолы жолдасы беті бүлк етпестен нанды өзі алғанын айтады. Ерткен адамының арсыздығына қынжылған Иса (а.с.) дүниенің құлы болған өтірікші жол серігін алтындардың жанына тастап жеке кетіп қалады. Ұры болса ойланбастан оңай олжаға мәз боп қала береді.

Кенет алыстан екі адамның қарасы көрінеді. Олар жақындап келіп төбе боп үйілген алтынды көріп, иелене қалған арсыздан тартып алмақ болады. Алтын иесі қарақшылардың әрқайсысына алтынның үштен бірін беріп әйтеуір жанын алып қалады. Бірігіп, алтынды қалаға апару жағын ойластырып үшеуі бір шешімге келеді. Қарақшылардың біреуі қаладан көлік пен азық-түлік әкелмек болып аттанады. Алайда жолда арам бір ойдың жетегімен өзіне тиесілі алтынды азырқанып, қалған екеуін өлтіріп байлығын еселей түскісі келеді. Сол ниетпен әкелетін тамағына у қосуды жөн көреді. Мына жақта алтынды күзетіп қалған екеу де нашар пиғылдарын жоспарлап, іске асырмаққа келісіп алады. Мақсаттары ананың әкелген асын ішіп, көлігін пайдаланбақ, өзін өлтіріп, алтынды үшке емес екіге бөлмек. Көп ұзамай қалаға кеткен серіктері келді. Келді де сол жерде екі досының қолынан қаза тапты. Дүние мен байлыққа тоймаған екі сорлы да марқұмның әкелген асын қомағайлана ішіп, артынша уланып, жан тапсырды.

Біраздан соң еліне қайтып келе жатқан Иса (а.с.) үш бірдей адамды жұтып тынған үйінді алтын мен үш ашкөздің өлігін көрді. Тамағына кептелген өксіктен даусы дірілдеп жанындағыларға:

– Міне, қу дүниеге құштар болған адамдардың тағдыры. Мұндайдан сақ болыңдар. Түсінген адамға бұдан артық қандай ғибрат керек?! – деді. 

Қ. Сабыржанұлы 

Бөлісу4Твитерге2БөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Құздағы соңғы намаз немесе Малайұшқан
Қоғам

Құздағы соңғы намаз немесе Малайұшқан

26.10.2026
Деструктивті діни ағым деген кімдер?
Ағымдар ақиқаты

Деструктивті діни ағым деген кімдер?

26.10.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Насихат қалай айтылады?

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Танымал тақырыптар

  • О молитве джамаатом после намаза

    Намаз жайлы қысқаша сипаттама айтасыз ба?

    76
  • Діни азғындануға алып баратын себептер қандай?

    73
  • Тағаттылық Ислам дініне қайшы ма?

    68
  • Сауд Арабиясы бес ұшқышсыз ұшу аппаратын атып түсірді

    68
  • Елімізде тіркелген діни білім беру ұйымдары (3-тоқсан)

    64

Соңғы жарияланымдар

Құздағы соңғы намаз немесе Малайұшқан
Қоғам

Құздағы соңғы намаз немесе Малайұшқан

26.10.2026
Деструктивті діни ағым деген кімдер?
Ағымдар ақиқаты

Деструктивті діни ағым деген кімдер?

26.10.2026
Елімізде қанша құлшылық орны бар (3-тоқсан)
Инфографика

Елімізде қанша құлшылық орны бар (3-тоқсан)

26.10.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00