Сәрсенбі, 28 Қазан, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Қыз тағдыры – ел тағдыры

01.11.2017
- Қоғам
0
1.1k
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Міне, бұл оқиға шетелде емес, өзіміздің Қазақстанда болып жатыр. Қызын қадірлейтін, тазалық пен пәктікті бағалайтын, обал-сауап ара-жігін ерекше ажыратып отыратын қазақтың даласында орын алған. Өздерін мұсылман санайтын адамдар осындай қылыққа барған.

Жап-жас қызды қорқытып-үркітіп некеге тарту, аз уақыт нәпсісін тоят еттірген соң керексіз зат секілді «талақсың» деп лақтырып тастау олардың ойынша мұсылмандыққа жарасатын іс екен. Не істерін білмей дал болып отырғанда тағы біреу алып пайдаланып, ол да лақтырып тастайды. Үшінші адам алып ол да шамалы қызығын көрген соң «талақсың» деген «смс» жазып жібереді де өз жөнімен кете береді. Үш жыл ішінде не істеп, не қойғанын өзі түсінбей, қай «братқа», қай «сестраға» өкпелерін білмей дал болып бұл қалады.

Сонда әйел затының сұрауы жоқ па, неке мен талақ ойыншық па, нәпсі құмарлығы үшін отбасы деген асыл ұғымды аяқ асты етуге бола ма деген сұрақтар туады. Сонда бұл адамдардың ұстанып жүргені қай Ислам?

Нағыз ислам дінінде әйел затының мәртебесі өте жоғары. Ешбір дін немесе сенім жүйесі әйелдерге дәл ислам секілді маңыз беріп, құрмет көрсете алмаған. Әсіресе, қыздарды тірідей шұқанаққа көметін, базарда сатылатын, олардың жаны бар ма, жоқ па деген сұрақ қойылатын кезде «Сендердің ең жақсыларың әйеліне жақсы қарағандарың» деген қағида ұсынған иләһи дін осы ислам болатын.

Құздағы соңғы намаз немесе Малайұшқан

Құздағы соңғы намаз немесе Малайұшқан

26.10.2026
Демографиялық өсім – өркендеу негізі

Демографиялық өсім – өркендеу негізі

26.10.2026

Сүйікті Мұхаммед пайғамбарымыз (с.ғ.с.) дүниеден өтер шағы таяғанда бүкіл сахабасын жинап Қоштасу құтбасын жасағаны тағы мәлім. Сонда Қияметке дейін келетін барша мұсылмандарға ерекше ескертіп айтқан өсиеттерінің бірі ретінде былай деді: «Әй, адамдар! Әйелдердің ақыларын өтеуді және бұл жағынан Алладан қорқуды өсиет етемін. Сендер әйелді Алланың аманаты ретінде алдыңдар. Олардың ар-намысын Алланың атына сөз беріп тұрып өздеріңе адал етіп алдыңдар!».

Ислам діні әйелдерді адал аспен асырауды, оларды бағып-қағуды, баспанамен қамтамасыз етуді, тіпті төсектегі қажеттілігін қамтамасыз етудің өзін еркектердің мойнына міндет етіп жүктеген.

Ал енді әйелдерді жоғарыдағы айтылғандай керексіз зат сияқты қолдану олардың Алланың аманаты екенін ұмытуға жатады. Алла Тағала ақиретте бұл аманаттың есебін міндетті түрде алады. Ал енді әлгі «талақ еткіш» үш еркексымақтан қалған әйелді ішіп-жеммен, киім-кешекпен, баспанамен, тиісті жұмсақ көңілмен кім қамтамасыз етеді.

Алла Тағала Құран Кәрімде 176 аяттан тұратын «Ән-ниса» («Әйелдер») деген арнайы сүре түсіруі бекер ме? Сондай-ақ, «Мәриям», «Нұр», «Ахзаб», «Мұмтахина», «Тахрим», «Талақ» сүрелерінде де дініміздегі әйел адамның орны туралы айтылған.

Әрбір әйел біреудің қызы, қарындасы немесе анасы. Сондықтан, асыл дінімізде мұсылманның өз анасына, әйеліне, жас қызына көрсететін құрметі бөлек-бөлек етіп қарастырылады. Олардың әрқайсысының қадір-қасиеті мен мән-маңызын жеке-жеке көрсетіп берген.

Әйелдерге бөлінетін көңіл, берілетін сый-сыяпат, жасалатын жақсылық үшін мол сауаптар уәде етілген.

Қысқарта айтқанда, қыз баланың өміріне ойыншық секілді қараудың сұрауы өте ауыр. Өз қызымызға, қарындасымызға немесе анамызға қандай құрмет көрсетсек, таңдап алған өмірлік серігімізге де сондай сыйластықпен қарауымыз міндет. Алла Тағала ел-жұртымызға амандық, тыныштық, бірлік-ынтымақ берсін!

Асылбек ӘУЕЗХАНҰЛЫ

Бөлісу26Твитерге16Бөлісу3Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Шынайы тәуекел
Ғибратты әңгімелер

Шынайы тәуекел

28.10.2026
Қыш өнеріне арналған халықаралық жәрмеңке өтеді
Жаңалықтар

Қыш өнеріне арналған халықаралық жәрмеңке өтеді

28.10.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Ершат ОҢҒАРОВ: Ислам – білім мен ғылым жолы

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Танымал тақырыптар

  • О молитве джамаатом после намаза

    Намаз жайлы қысқаша сипаттама айтасыз ба?

    79
  • Діни азғындануға алып баратын себептер қандай?

    75
  • Тағаттылық Ислам дініне қайшы ма?

    70
  • Сауд Арабиясы бес ұшқышсыз ұшу аппаратын атып түсірді

    68
  • Елімізде тіркелген діни білім беру ұйымдары (3-тоқсан)

    66

Соңғы жарияланымдар

Шынайы тәуекел
Ғибратты әңгімелер

Шынайы тәуекел

28.10.2026
Қыш өнеріне арналған халықаралық жәрмеңке өтеді
Жаңалықтар

Қыш өнеріне арналған халықаралық жәрмеңке өтеді

28.10.2026
Бейжіңде тоғызқұмалақтан шеберлік сабағы мен турнир өтті
Жаңалықтар

Бейжіңде тоғызқұмалақтан шеберлік сабағы мен турнир өтті

27.10.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00