Жұма, 13 Маусым, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Ханафилерді неге матуридилер деп атайды?

14.08.2017
- Ислам
0
192
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Әбу Ханифаның кезеңінде ақида өзі дербес ғылым саласы ретінде әлі қалыптаспаған болатын. Ол кезде фиқһтың ішіне ақидамен қатар ахлаққа қатысты мәселелер де кіретін. Ал дәстүрлі сунниттік ақида ілімін жүйелеп-дамытқан имам Әшғари мен имам Матуриди.

Негізінен «Фиқһ» (шариғат) пен «Ақида» екі бөлек пәндер. «Фиқһ» мұсылманның Аллаһ тағалаға жасайтын құлшылықтары туралы қағидаларды, ал «Ақида» иман негіздеріне қатысты мәселелерді қарастырады.

Имам Әбу Ханифа бастапқыда «Ақида» саласында кітап жазғанымен,  ол өте ықшамды түрде болатын. Ол көбіне «фиқһ» ілімімен айналысты. Ал имам Матуриди иман негіздеріне (ақидаға) қатысты мәселелерді имам Ағзамның жолымен жүре отырып, аят-хадистерді қолданумен қатар, ақыл-ойға да мән беретін өзгешерек, «кәлам» әдісін қолдану арқылы жүйелеген. Самарқанда әрі сол аймақтағы ағымдар мен бағыттарға қарсы пікірталастарында кәлам әдісін қолдану арқылы үлкен жетістікке жеткен.[1]

Міне, сондықтан, ақида саласында матуридилікті ұстанамыз. Матуридиліктің өзі Әбу Ханифаның көзқарастарының негізінде қалыптасқандықтан мәзһабы ханафилік деп аталып кеткен. Яғни оның жолы ханафиліктен бөлек емес, қайта оның жалғасы. Бірақ жоғарыда да атап өткеніміздей, имам Матуриди заман талабына қарай исламды бұра тартпақ болған ағымдардың жаңсақ пікірлерінің мұсылмандар арасында таралуын тізгіндеу мақсатында, дәстүрлі сунниттік көзқарастың шеңберінен шықпай қажырлы еңбек етіп, жүздеген шәкірт тәрбиелеп, Орта Азияда ханафиліктің дамуына үлкен үлес қосқан ғұлама.

Имам Ағзамның шығармаларында Алла Тағаланың сипаттары, иман ақиқаттары, Аллаһ тағаланы ақылмен немесе нақылмен (аят және хадистер) тану керектігі, жақсылық пен жамандықтың жаратылуы, тағдыр және өзге де сенім мәселелері қарастырылған. Сол дәуірдегі Ирак шариғат ғалымдарының көшбасшысы болған имам Ағзамның бұл шығармалардағы көзқарастарын имам Матуридидің сенімдік тұрғыдағы көзқарастарымен салыстырып көрер болсақ, бірізділік пен біртектілікті аңғару қиын емес. Осы себептен де, зерттеушілер екі ғұламаны бір-бірінен ажыратып жатпайды.

Имам Әбу Ханифа «Ақиданың» негіздерін айтып кетсе, Имам Матуриди сол негіздерді кеңінен тарқатып, егежей-тегжейіне дейін түсіндірген. Ханафи мазһабының үлкен ғалымдарының бірі Захид әл-Кәусари «Ишаратул-Мәрам» атты төлтумасының кіріспесінде былай дейді: «Мауараннаһр өлкесі бидғат пен бұзықтықтан ұзақ, тыныш ел еді. Сүннетті берік ұстанып,  оның үкімдерін ұрпақтан ұрпаққа мұра етіп қалдырып отырған. Ендігігі жерде имам, ғалым Әбу Мансур әл-Матуриди шығып, әрбір мәселеге жеке-жеке тоқталып, олардың ара-жігін ажыратып, айқын  дәлелдермен шегелеп, нақтылау жұмыстарын жүргізді.

Матуридидің шығармаларына қарап кәлам, фиқһ методологиясы және тәпсір саласы бойынша қалам тербеген беделді ғалым екенін байқауға болады. Ақида саласындағы ұстаздарының тізбегі Имам Ағзам Әбу Ханифаға барып тіреледі. Имам Матуриди имам Ағзамның кітаптарын ұстаздары Әбу Насыр Ахмад ибн Аббас әл-Бәйади, Ахмад ибн Исқақ әл-Жүрджани және Насыр ибн Йахия әл-Балхилердің көмегімен үйренгендігі, ал олардың Әбу Сүлеймен Мұса әл-Жүрджаниден дәріс алғандығы, әл-Жүрджани болса, бұл ілімді ұстазы Мұхаммед ибн Хасан әш-Шәйбаниден алғандығы тарихи шығармаларда айтылған. Ол Әбу Ханифаның ақидаға байланысты шығармаларын оқып, өз көзқарасын оның пайымдаулары шеңберінде негіздеген. Осыған орай, Матуридиге Әбу Ханифаның ізбасары деп баға беріліп, мәзһабы ханафи деп аталады.

Алау ӘДІЛБАЕВ,

дінтанушы

[1] Толық мағлұмат үшін қараңыз: А. Әділбаев, Орта Азиядан шыққан ғұлама – Матуриди/ ІІ Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары (2006-2007ж.), Исламтану және араб филологиясы мәселелері, Алматы, 2008ж, 94-100-б. 

Уважение к Священному Корану в Исламе

Өз амалымен мақтану – Алланың нығметін ұмыту

12.06.2025
«Қазақ» және қажылық

«Қазақ» және қажылық

07.06.2025

Бөлісу5Твитерге3Бөлісу1Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Үйленудің сауабы мен әдебі
Қоғам

Үйленудің сауабы мен әдебі

13.06.2025
Қостанай облысында жаңа мешіт ашылды
Жаңалықтар

Қостанай облысында жаңа мешіт ашылды

13.06.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Мәһір жайында бірер сөз

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Көп қаралғаны

  • Індеттен қайтыс болған адамның мәйітін жерлеу туралы пәтуа

    81167 бөлісті
    Бөлісу 32467 Твитерге 20292
  • Айт күндері кір жуып, үй жинауға бола ма?

    1480 бөлісті
    Бөлісу 592 Твитерге 370
  • Қуат Ерғалиұлы ғылым докторы атанды

    23 бөлісті
    Бөлісу 9 Твитерге 6
  • Сәби шағында қайтыс болған бала ата-анасына шапағатшы бола ма?

    2541 бөлісті
    Бөлісу 1016 Твитерге 635

Соңғы жарияланымдар

Үйленудің сауабы мен әдебі
Қоғам

Үйленудің сауабы мен әдебі

13.06.2025
Қостанай облысында жаңа мешіт ашылды
Жаңалықтар

Қостанай облысында жаңа мешіт ашылды

13.06.2025
Алматы – түркі әлемінің жастар астанасы
Жаңалықтар

Алматы – түркі әлемінің жастар астанасы

13.06.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2024 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2024 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00