Дүйсенбі, 11 Мамыр, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Ықылас деген не?

19.11.2015
- Қоғам
0
3.4k
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Ықылас – жүректің кіршіксіз адалдығы мен ниеттің тазалығын білдіреді. Әр істі қолға аларда түпкі ниет маңызды болғандықтан, ықыласпен істелген істер барынша таза ниеттен туады. Хадисте Жаратушы ие тек өзінің разылығын қалап, ықыласпен істелген істерді ғана қабыл алатындығы ескертілген (ән-Нәсаи, Жихад, 24). Сондықтан да мұсылмандар күнделікті құлшылықтары мен жасаған сауапты істерін Жаратушы ие қабыл алуы үшін әрдайым ниетті таза ұстауға тырысқан. Бастапқыда иманда еліктеушілік деңгейінен табылса да, бара-бара шынайы иманға жетуге талпынған.

Ықыластылық құлшылықтарды Алла бұйырғандықтан істеу, Жаратушыны разы етуді қалауды қамтиды. Оған бөтен пиғыл араластыру рияға, көзбояушылыққа т.б. жатады. Мұсылман адам құлшылық жасауымен дүниелік пайданы, атақ-абыройды т.б. мұрат тұтпауы тиіс. Ардақты пайғамбарымыз (с.а.с.) былай деуде: «Мен Жәбірейілден ықыластың не екенін сұрадым. Маған «Мен де Жаратушы иеден ««Ықылас» деген не?» деп сұрағанымда, «Ықылас – мендегі бір сыр. Оны сүйген құлдарымның жүрегіне сыйлаймын» деп бұйырды».

Имам Ғазали «Зат түрлі қоспадан арылғанда ғана тазарады. Кіршіксіз таза әрекеттер де ықылас деп аталады» деуде (Ихияу улумуддин, IV, 379 б.). Сондықтан шынайы, таза ниетпен жасалған іс-әрекеттердің барлығын ықыласқа  жатқызуға болады. Ықылас адамның ынтасын еселеп, ерекше құлшындырады. Ықыласпен істелген іс аз ғана болса да, ықылассыз істелген көп істерден артық тұрады. Хазірет Али (р.а.) бұл туралы істің көбіне емес, аз болса да ықыласпен істелуіне көңіл бөлуге кеңес берген.  

Ықыластылық – барша пайғамбарлардың қасиеті. Пайғамбарлардың қай қайсысы да ғибратты ғұмырында тек қана Жаратушыны разы етуді қалап, өз міндеттерін қалтқысыз орындауға тырысқан. Халықтан қанша құқай көрсе де еш мойымаған. Дүние байлық пен атақ, мансапты көзге ілмеген.   

Қалалану қарқыны

02.05.2026
Дәлелханның көш жолындағы Балуан тасы

Дәлелханның көш жолындағы Балуан тасы

24.04.2026

Ықыласты құлдардың көңілі әрдайым Хақта болғандықтан, олар күнәлі істерден бойын барынша алыс ұстайды. Айталық, Зылиха ыстық махаббатпен өзіне құшақ жая шақырғанда, Жүсіп пайғамбар (а.с.) «Мен Құдайдан қорқамын» деп арсыз істен басын ала қашқан. Бұның ықыласты құл болудан туған өнегелі іс екені жайында Құранда былай делінген: «Міне, Біз одан (Жүсіптен) жамандық пен арсыздықты алыстату үшін осылай істейміз. Өйткені ол біздің ықыласты құлдарымыздың бірі» (Юсуф: 12/24).

Ықыласты мұсылман қолға алған әр ісіне ерекше ден қойып, шын пейілімен, жанын салып істейді. Шайтанның арбауынан аман қалатын бірден-бір кісілер де ықыласты құлдар болмақ. Өйткені шайтан күнәлі істерді қанша әдемі етіп көзіне көрсетсе де шын ықыласты құлдар бойын тез жиып алып, ондай жамандықтарға аяқ баспайды. Құранда шайтанның былай дегені айтылады «Жер бетіндегі пенделерге (жамандықтарды) әдемі етіп, міндетті түрде олардың барлығын аздырамын. Араларындағы ықыласты мүминдер ғана бұдан тыс» (әл-Хижр: 15/40). Бұдан шын ықыласты мүминдерді азғыруға шайтанның шамасы келмейтіні аңғарылуда.

Иә, әр сауапты ісін Жаратушының қабыл алғанын қалап ықыласпен істеу, ықыласты құл болуға тырысу әр мүминнің асқақ арманы болуы тиіс. Ал ықыласқа кері ықпал ететін жайттар қатарында мыналарды атап кетуге болады: атаққұмарлық, мансапқұмарлық, көзбояушылық пен рия, мақтаншақтық, жұрттың қолпаштауын күту, ойсыз бәсекелестік, еренсіздік, иманның әлсіздігі, орынсыз үрейге берілу, істеген ісіне осы дүниеде қайтарым дәмету, тоғышарлық т.б.

Құдайберді БАҒАШАР,

исламтанушы

  

 

Бөлісу81Твитерге51Бөлісу10Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Қазақстанға Түркия президенті келеді
Жаңалықтар

Қазақстанға Түркия президенті келеді

10.05.2026
Пәтуа берудің жауапкершілігі мен әдіснамасы
Жаңалықтар

Пәтуа берудің жауапкершілігі мен әдіснамасы

10.05.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Рашид МУХИТДИНОВ: Сәләфи ағымының таралуына көптеген факторлар ықпал етеді

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Танымал тақырыптар

  • Дарын Мубаровқа 865 мың теңге айыппұл салынды

    Дарын Мубаровқа 865 мың теңге айыппұл салынды

    214
  • Өте маңызды өсиет

    194
  • VIP қажылық ысырап емес пе?

    119
  • Тек ниет жеткіліксіз, амал қажет!

    109
  • БҚО: Байқоныс ауылында жаңа мешіт ашылды

    101

Соңғы жарияланымдар

Қазақстанға Түркия президенті келеді
Жаңалықтар

Қазақстанға Түркия президенті келеді

10.05.2026
Пәтуа берудің жауапкершілігі мен әдіснамасы
Жаңалықтар

Пәтуа берудің жауапкершілігі мен әдіснамасы

10.05.2026
Сұрақ-жауап

Саудада ант ішуге бола ма?

10.05.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00