Бейсенбі, 25 Маусым, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Пайғамбар (с.ғ.с.) мiнезi құран едi…

20.11.2015
- Қоғам
0
260
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Иə, бұндай көркем мінездің үлгілері оның өмірінде көп кездесті. Жалпы алғанда, адам баласының көркем мінезге ие болуы оның қоршаған ортасына байланысты. Əйтсе де, осы шындықты пайғамбарымызға қатысты айта алмаймыз. Неге десеңіз, сүйікті пайғамбарымыз буыны бекіп, бұғанасы қатпай жатып, əке-шешесінен айрылып қалды. Оның балалық əрі жастық шағы жылмаңдап алдап кетуді ақыл көретін, қорқау секілді өз қорасына шабатын заманға тап келді. Нəресте қыздарын тірідей көметін қатігездік бар еді. Мұндай ұйыққа тартып ұйыған дəуірде адамдарды көркем мінезге тəрбиелеу мүмкін емес еді.

Кез келген адам өз күшімен топ жарып, ерлік көрсетіп, я болмаса екінің бірінің қолынан келмейтін істің басын қайырып, төске шауып төрге озуы мүмкін. Алайда, ол қолға алған кез келген сала- ны бес саусағындай игеріп, дөңгелетіп əкете алмайды. Қандай да бір кəсіпті үйренудің өзіне қаншама жылдар керек. Медицинаның, социологияның, т.б. сала- лардың ұшар шыңына жетіп, кемеңгер қолбасшы, ұлағатты ұстаз, т.б. болған бір-ақ адам бар. Ол – Мұхаммед Мұстафа (с.ғ.с.).

Адамзат тарихында аз ғана жиырма үш жылдық уақыт ішінде, ислам діні толық түсіндірілді. Ислам діні əуелгіде бір ер адам, бір бала жəне бір əйелмен басталған еді. Бүгінгі тілмен айтқанда, педагогикалық əдістемеге сүйенетін кəсіби, əскери тəрбие жəне телескоп, микроскоп сияқты адамның ойы түгілі, түсіне де кірмейтін құрал-жабдықтардың бірі жоқ сол заманда ештеңеге қарамастан ислам дінін əлемге паш еткен Мұхаммедті (с.ғ.с.) пайғамбар демегенде кім дейміз?

Айтуға ауыз бармайтын қатыгездіктің белең алып, зұлымдық пен тағылықтың қараңғылығы тұмшалаған дəуірде пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) дəнекерлігімен тəрбиеленген, адамзаттың үлгі тұтар ең асыл тұлғалары осы жерден өркен жайды.

Қазақ тарихындағы өнегелі тұлғалар – бүгінгі ұрпаққа үлгі

Қазақ тарихындағы өнегелі тұлғалар – бүгінгі ұрпаққа үлгі

16.06.2026
Террористік қылмыс жасағандарға рақымшылық берілмейді

Террористік қылмыс жасағандарға рақымшылық берілмейді

15.06.2026

Санасын шырмаған қанына сіңісті бұрынғы нанымдарынан арылып, ақиқат жолға түсу оңай дүние емес. Ішімдік, құмар, зина, пара жəне алдау-арбау сияқты нашар əдеттерді сөз етпей-ақ қоялық… Қазіргі таңда шылымқор адамға темекіні тастатудың өзі үлкен күш. Əлем ғалымдары жабыла дабыл қағып, бір ауыздан оның зиянын қанша айтса да, зиянды əдеттерге бой алдырғандардың темекіні де, ішімдікті де қойып жатқаны шамалы.

Сүйікті пайғамбарымыз (с.ғ.с.) кез-келген істе саңыраудың өзін саңлаққа айналдыратын сүйіспеншілікті бірінші кезекке қойған. Пайғамбарымыздың сүйіспеншілігі тек айналасына шоғырланған нұр жүзді үркердей топқа ғана емес, өзіне қарсы шыққан Халид, Уахши, Əбу Суфиян, Хинд, Икримə жəне Сафуан сияқты замандастарының да жүректерін жылы лебізбен тербеген еді. Олардың да мəңгі бақытты болуы үшін жаны жай таппай, тура жолға үнемі шақырумен болды. Оларға жаны ашып, жақын тартқандығы соншалық, тіпті, өз жанын құрбан етуге де дайын еді.

Айша анамыздан пайғамбарымыздың мінез-құлқы жайлы сұралғанда: «Сендер Құран оқымайсыңдар ма? Оның мінез-құлқы Құран ғой» ( Мүслим, Мусафирин, 139) деп бір-ақ ауыз сөзбен түйіндеп жауап берген еді. Яғни, пайғамбарымыздың мінез-құлқы Құранның тəлім берген сүттен ақ, судан таза ұстанымдарының жиынтығы болатын.

Қалмахан СЕЙІТҰЛЫ,

дінтанушы

Бөлісу6Твитерге4Бөлісу1Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Діни білімге сұраныс жоғары
Видео

Діни білімге сұраныс жоғары

25.06.2026
Алматы қаласы бойынша XV республикалық Құран жарысына іріктеу сайысы өтті
Жаңалықтар

Алматы қаласы бойынша XV республикалық Құран жарысына іріктеу сайысы өтті

25.06.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Химия қабылдаған адам қаза болғанда мәйітін жуу денсаулыққа зиян бере ме?

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Танымал тақырыптар

  • Достоинства поста в день Ашура

    Ашура күнінің артықшылығы неде?

    3.4k
  • Сотталғандарға рухани-мәдени іс-шара ұйымдастырылды

    123
  • Қайролла КӨШҚАЛИ: Діни әдебиеттерді тарату заңмен реттелген

    50
  • Елордалық зейнеткерлер қымызмұрындық мерекесін атап өтті

    39
  • Түзеу мекемесіндегі топтық кездесу

    33

Соңғы жарияланымдар

Діни білімге сұраныс жоғары
Видео

Діни білімге сұраныс жоғары

25.06.2026
Алматы қаласы бойынша XV республикалық Құран жарысына іріктеу сайысы өтті
Жаңалықтар

Алматы қаласы бойынша XV республикалық Құран жарысына іріктеу сайысы өтті

25.06.2026
Чайлдфри үкімі
Ислам

Чайлдфри үкімі

25.06.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00