Сенбі, 21 Қараша, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

«БАСТЫҚ ДЕГЕН НАЗАРБАЕВ ЕМЕС ПЕ?..»

20.08.2015
- Қоғам
0
195
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Алланың сыйға берген 5 жасар қызымыз Мәриям ойын баласы болса да, біздің ісімізге, әрбір сөзімізге ден қойып, соңынан сұрақты қарша боратады. Алла зейінін арттырсын деп тілектеміз. Үйдегілер: «Журналистің қызы ғой… Түсінуге болады», – деп «тергеуші» Мәриямның әкетайын әркез «жұбатып» қояды.

Имамдарды қарапайым болуға әрдайым үндейтін мүфти-хазіретіміз биязы қалпымен  біздің ниет-тілегімізді қабыл алды. Қадірлі қонағымызды күтудің қамын ойластырып отырғанымызда орта жолдан Мәриям әдеттегі «тергеушілік» «қызметіне» кірісіп кетті.

– Әкетай, ауызашарға кім келеді сонда?

– Мүфти-хазірет келеді, қызым.

Отбасылық тәрбиенің деструктивті идеологияға қарсы ықпалы

17.11.2026

Ағайын арасына береке қайтсе бітеді?

15.11.2026

– Сонда оның аты «мүфти», ал фамилиясы «хазірет» пе?

– Ол менің жұмыстағы бастығым, қызым.

 – Бастық деген Назарбаев емес пе?..

Осы әңгімені үйге келгенде бас мүфтиге айтып бердім. Еріксіз күліп жіберді. Рамазанның соңғы күнінде осындай ғибратты басқосу өтті. Мәриям мүфтиге әнін шырқап, тақпағын айтып беріп, бәрімізді мәре-сәре етті.

 «О-О-О-Й, ӘКЕТАЙ, ҚЫЗ БОП ҚАПСЫЗ ҒОЙ…»

 Тағы да сол Рамазанның кезі. Бала байқағыш келеді екен. Тебіндеп шыққан сақалым бар еді. Оны баптап, басып тұрмаса көзге оғаш көрініп кетеді. Діни салада қызмет еткенмен, қоғамдық ортаны да ескеру керек. Көзге көрінер-көрінбес аздаған сақалды баптаймын деп бірде жөнсіз қырып алдым. Сонымен, түгел алып тастауға тура келді.

Екінші қызым 3 жасар Зейнепті үйдің ауласына ойнатуға алып шыққан бетім сол еді. Зейнеп бетіме қарап, бұл өзгерісті бірден байқады да: «О-о-о-й, әкетай, қыз боп қапсыз ғой…» деп, бұл жағдайға нүкте қойды. Ойын баласы да мұны байқаған екен. Айтарға сөз таппай, кідіріп қалыппын.

Жарасымды сақал ер кісіге көрік беретінін балалар да біледі-ау шамасы. 

 «ОРАЗА АЙТ БІТПЕСІНШІ…» 

Рамазан айын аман-есен бітіріп, ораза айтты отбасымызбен тойлап жүргенбіз. Кішкентайларды әбден ойынға «тойдырдық». Тәтті тағамдарын да әпердік. Бәрі ораза айттың қадірін арттыра түсейік деген ниет қой. «Қыздарым, бүгін ораза айт. Бүгін сіздердің айтқандарыңыз болады», – деп қоямыз көңілдерін одан сайын көтеріп.

Батуттың шаңын шығарып, балмұздақтың түр-түрін  жеп, кешке үйге қайтып келе жатқан бетіміз. Ораза айттағы көңілді күннен әсер алған Мәриям: «Әкетай, анашым, ораза айт бітпесінші осы. Күнде-күнде бола берсінші», – деп бізден бұл «мәселені» шешіп беруімізді өтінді. «Сіздер ақылды боп, тәртіпті қыз болып жүре берсеңдер, күнде осындай «ораза айт күнін» ұйымдастыра береміз», – деп қоямыз «өтінішін» жерге тастауға ұялып…

Бала көргенімен, жастайынан санаға түйгенімен өмір сүреді. Рухани, ұлттық құндылықтарды кішкентай кезінен бойына дарыта берген жөн. Сонда имани иммунитет қалыптасатыны сөзсіз.

 «ЕЙ, ІШПЕҢДЕР, АРАҚ БОП ҚАЛАСЫҢДАР…» 

Құдайдың құдіреті. Алла адам баласына ненің жақсы, ненің жаман екенін бала кезден жүрегіне ұялатып қояды. Арақ пен темекіні «кәкәй» деп, су мен шырынды «әйәй» деген талай сәбиді көрдік. Жуырда осындай жағдайдың тағы біріне куә болдық.

Кезекті демалысты пайдаланып, 10 жыл оқып, қызмет еткен әсем шаһарымыз Алматыны сағынып, отбасымызбен қалаға қыдырып бардық. Астана бізді өзіне тез баурап алғанмен, Алматының жөні, орны бөлек екен. Туысқандарды зиярат етіп, аз-маз демалған соң елордаға қайтар күн де жақындады.

Бауырым Жұмабек вокзалға шығарып салатын болды. Балалар үшін жолай дүкеннен шырын, сусын, т.б. заттар алып берді. Кішкентайларға шырын, ал маған бөтелкедегі буратиноны ұсынды. Мәриям бірден: «Әкетай, ол не? Арақ па?» деп сұрақты төтесінен қойса бола ма? Осы сөзден кейін шөлмекті ауызға алуға ұялады екенсің. Ондай бөтелкені көрмеген 3 жасар Зейнеп қызым Мәриямнан артынша іле-шала: «Ей, оны ішпеңдер, әтпесе арақ боп қаласыңдар», – деп, «насихатын» айта жөнелді.

Иә, күлмекке жақсы. Арақ боп қаласыңдар дегені – жаман боп қаласыңдар дегені ғой. Періште тілек. Бала тілі – бал дегені осы.               

Ағабек ҚОНАРБАЙҰЛЫ,

ҚМДБ Баспасөз бөлімінің меңгерушісі

Бөлісу5Твитерге3Бөлісу1Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Діндер съезі қызметіне қатысты кеңес өткізді
Жаңалықтар

Діндер съезі қызметіне қатысты кеңес өткізді

19.11.2026
Алауыздық жамағаттан алыстатады
Ағымдар ақиқаты

Алауыздық бір ауыз сөзден басталады

18.11.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Шыңғысханның «Ұлы Яса» заңын зерттеп жүрген мамансыз. Осы заң бойынша мемлекет қалай басқарылған?

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Танымал тақырыптар

  • Біз сені жақсылық қылушылардан көреміз

    163
  • Жындар не нәрсеге үйір болады?

    34
  • Өмірге қарғыс айтуға бола ма?

    24
  • Отбасылық тәрбиенің деструктивті идеологияға қарсы ықпалы

    21
  • Дін мен діни ағымның айырмашылығы неде?

    21

Соңғы жарияланымдар

Діндер съезі қызметіне қатысты кеңес өткізді
Жаңалықтар

Діндер съезі қызметіне қатысты кеңес өткізді

19.11.2026
Алауыздық жамағаттан алыстатады
Ағымдар ақиқаты

Алауыздық бір ауыз сөзден басталады

18.11.2026
Хадисте аты аталған «Жайхун» мен «Сейхун» қандай өзендер?
Сұрақ-жауап

Хадисте аты аталған «Жайхун» мен «Сейхун» қандай өзендер?

18.11.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00