Жұма, 23 Мамыр, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Дінімізде ұлтшыл болуға рұқсат бар ма?

22.12.2014
- Сұрақ-жауап
0
550
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Дініміздің негізгі қайнар-көздері Құран мен Сүннетке назар салар болсақ, әсіреұлтшыл болуға мүлде жол жоқ. Қасиетті Құран-Кәрімде Хақ Тағала: «Ей, Адам баласы! Шүбәсіз сендерді бір ер, бір әйелден жараттық. Сондай-ақ, бір-біріңді тануларың үшін сендерді ұлттарға, руларға бөлдік. Шынында Алланың қасында ең ардақтыларың – тақуаларың. Шексіз Алла толық білуші, әр нәрседен хабар алушы» (Хужрат сүресі, 13-аят), -деп бұйырады. Бұл жерде Ұлы Жаратушы адамзат баласының бір ата, бір анадан тарағанын, яғни, түптеп келгенде бір-біріне ет жақын бауыр екенін паш етуде. Сондай-ақ, Тәңір-Тағала  Адам ата мен Хауана ана ұрпақтарын бірін-бірі тану үшін ұлттар мен руларға бөліп жаратқанын ескертіп отыр. Расында да біз қай ұлттан жаратылатынымызды өзіміз таңдаған емеспіз. Жаббар-Хақтың қалауымен біздің біріміз – қазақ, біріміз – араб, біріміз – парсы болып жаратылғанбыз. Демек, әрқайсымыздың пешенемізге бір ұлттан өрбу, бір ұлттың ұл-қызы болу тағдыры жазылған. Әйткенмен, Құдай-Тағаланың адамзат баласын ұлттар мен руларға бөлуінің илаһи сыры бар. Оның ең бастысы – бұл құбылыстың илаһи сынақ екенін пайымдай алуымыз болмақ. Жаратқан Иеміздің: «Шынында Алланың қасында ең ардақтыларың – тақуаларың…» (Хужрат сүресі, 13-аят) деген ескертпесі тек жеке адамға ғана емес, ұлтқа да қатысты десек қателеспейміз. Өйткені, Хақ Елшісі Қоштасу Құтпасында: «Араб ұлты өзге ұлттардан үстем емес. Өзге ұлттар да араб ұлтынан үстем емес. Үстемдік Аллаға деген жақындықпен өлшенеді» деп ескертен. Яғни, тахуа болумен ғана бір ұлттың өзге ұлттан шоқтығы биік бола алады. Дегенмен, тек үстем болуды көздеп ұлтты тахуалыққа үндеу де жөн емес. Біз Тәңірдің разылығы үшін ғана жақсылыққа ұмтылып, жаманшылықтан тыйыламыз. Нағында, шын ұлтшыл азамат ұлтының екі дүниедегі қамы үшін күресуі қажет. Өйткені, ұлтымыздың бұл дүниедегі халін ойлап қамықсақ та, ақыретте ұлтымызды тозақтан құтқаруға күреспесек, ондай ұлтшылдықтың еш баяны болмайды. Осыған орай, ұлтшылдықты болымды және болымсыз деп екі категорияға бөліп қарастыруға болады. Болымсыз ұлтшылдық деп – өз ұлтын дара санап, өзге ұлттарды кемсітуді айтамыз. Алла Елшісі (с.а.у): «Нәсілшілдікті қоздырған бізден емес…» (Мүсілім, Имарат/57; Әбу Дәуіт, Әдеп/113; Ибн Мажа, Фитан/7) – деп бұйырады. Демек, ұлттардың қарым-қатынасына жік түсіретін ұлтшылдықты шариғат құп көрмейді деген сөз. Ал, болымды ұлтшылдық деп –  өз ұлтының саясат пен экономикада һәм рухани-мәдени өсіп-өркендеп, екі дүниенің бақытына кенелуі үшін ынты-шынтымен күресуді айтамыз. Осы тұрғыда айта кететініміз, Хақ Елшісінің: «Мен екі құрбандықтың ұлымын» (Бұхари, Мәнақиб: 23), деп ата-бабаларының ерліктерін үмбетіне өнеге еткенін ескерер болсақ, әрбір азаматтың ұлтының ұлыларын ұлықтауға, бабаларының тағылымды тарих жасауға ат-салысқанын насихаттауына толық қақысы бар деген сөз. Бір сөзбен айтқанда, ұлтымыздың иір-бұтақ ұлылары: Әл-Фараби, Ибн Сина, Жүсіп Баласағұн, Ахмет Иүгінеки, Қожа Ахмет Ясауи, Берке хан, Бейбарыс, Өзбек хан, Жәнібек хан, Асан қайғы, Тоқтамыс хан, Ер Едіге, одан берідегі Қазақтың хандары, батырлары, ақын-жыраулары, Ыбырай мен Мәшһүр Жүсіп, Абай мен Шәкәрім, Алаш қайраткерлерін т.б алып-ерендеріміз бен шахид болған бабаларымыздың тарихи тәбәрігінен тәлім алу – дін үшін сөлекет емес әрі әсіреұлтшылдыққа жатпайды. Шегінен шығармаған болсақ, қайта шариғат құптайтын қайырлы іс саналады.   

 

О совершении намаза на восходе солнца

Жолаушы адам парыз намаздарын қалай оқиды?

23.05.2025
Исламда денсаулық жайлы не айтылған?

Исламда денсаулық жайлы не айтылған?

22.05.2025
Таңбалар: Мұхан Исахан
Бөлісу13Твитерге8Бөлісу2Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Иттифақ-ул-муслимин – Ресейдегі алғашқы мұсылмандар одағы
Ислам

Иттифақ-ул-муслимин – Ресейдегі алғашқы мұсылмандар одағы

22.08.2023
Мұсылмандар бюросының мүшесі – Жұбаныш Бәрібаев
Ислам

Мұсылмандар бюросының мүшесі – Жұбаныш Бәрібаев

17.08.2023
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Тәффәккур жөнінде Сіз не айтасыз?

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Көп қаралғаны

  • Індеттен қайтыс болған адамның мәйітін жерлеу туралы пәтуа

    76694 бөлісті
    Бөлісу 30678 Твитерге 19174
  • Сәби шағында қайтыс болған бала ата-анасына шапағатшы бола ма?

    2493 бөлісті
    Бөлісу 997 Твитерге 623
  • Тәһәжжүд намазын түннің қай уақытында оқыған дұрыс?

    2724 бөлісті
    Бөлісу 1090 Твитерге 681
  • Духа намазы қалай оқылады?

    4644 бөлісті
    Бөлісу 1857 Твитерге 1161

Соңғы жарияланымдар

Ислам

Сауда-саттық жасау әдебі

23.05.2025
Сауд Арабиясымен архив саласында ынтымақтастық орнайды
Жаңалықтар

Сауд Арабиясымен архив саласында ынтымақтастық орнайды

23.05.2025
Мұсылман ғалымдары билік, мемлекет құрылымы жайында еңбектер жазған ба?
Ислам

Алла мақтаған қауым

23.05.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2024 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2024 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00