Сейсенбі, 23 Маусым, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

«Еті сенікі, сүйегі менікі» немесе қадірі кеткен мамандық

05.09.2014
- Қоғам
0
866
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

«Таяқты әліп деп үйреткен» ұстазды құрметтеу қазақтың қанына сіңген қасиет еді. Өкінішке орай, ғаламторда мұғалімді мазақ еткен оқушылардың бейне ролигіне куә болдым. Бұл – білім күні қарсаңында. Содан еріксіз қолға қалам алдым.  

Дінде: «Адам баласы жетістік шыңына құрмет көрсетумен шығады, ал құлдырауы құрметсіздік салдарынан», – деген нақыл бар.

Бұрынғы заманда шәкіртке «Сенің үш әкең бар: біреуі – бел әкең, тағы біреуі – білім берген ұстазың, үшіншісі – сен қызын алған кісі», – деп оқытады екен. Бұл ұстазыңды әкеңдей құрмет ет деген тәрбие болса керек. Мұғалімге деген құрмет, оның жолын кеспеу, алдына түсіп алмау, орындығына отырмау, рұқсатсыз сөз бастамау, сөзді көбейтпеу сияқты әдептілікті де қамтиды. Сондай-ақ, ұстаз шаршап тұрғанда сауал қоймау, уақытқа мән беру, мазасын алмау және ұстаз бөлмесіне есік қағып кіру де сый-құрметке  жатады. Бір қараған адамға тым асыра сілтеу сияқты. Бірақ, саңлақ сахаба Әли (р.а.): «Мен өзіме діннен бір мәселе үйреткеннің құлымын. Қаласа мені сатып жіберсін, қаласа өзіне құл етсін, қаласа бостандық берсін», – деген сөзі ұстазға жасалған құрмет әрқашан да көп етпейтіндігін көрсетеді.

Алла Талағаның сөзі Құранды үйреткен ұстаз ерекше құрметке лайық. Алайда, ақ қағазға қара қаламмен жазуды, әліппе ұстатып әріп үйреткен алғашқы ұстаздан бастап адамның ғұмыр жолында жолыққан, білім алуына ат салысқан әрбір ұстаздың орны бөлек.

Қазақ тарихындағы өнегелі тұлғалар – бүгінгі ұрпаққа үлгі

Қазақ тарихындағы өнегелі тұлғалар – бүгінгі ұрпаққа үлгі

16.06.2026
Террористік қылмыс жасағандарға рақымшылық берілмейді

Террористік қылмыс жасағандарға рақымшылық берілмейді

15.06.2026

Халифа Һарун Рашидтың ғибратты хикаясында былай жазылған: Һарун Рашид баласын атақты ғұлама Асмағиге білім және әдеп үйрену үшін тапсырады. Күндердің күні халифа оқудағы баласының жағдайын көруге барады. Ғалым Асмағи дәрет алып, аяғын жуып отырған екен. Ал, халифа баласы ұстазының аяғына су құйып тұр екен. Сонда халифа Асмағиге: «Мен сізге балама білім берсін, әдеп үйретсін деп жіберген едім. Неге балама бір қолымен су құйып, екінші қолымен аяғыңызды жууды бұйырмадыңыз?!», – деп сын айтқан екен. Иә, «Еті сенікі, сүйегі менікі» деген осы болар.

Пайғамбарлардың да басты міндеті – ұстаздық. Алла Тағалаға құлшылық етуге үндеуші елшілердің басты міндеті адамзатқа ақ пен қараны ажыратуды үйрету болды. Екі дүние сұлтаны Мұхаммед (с.ғ.с.) Пайғамбарымыз: «Ақиқатында мен мұғалім (үйретуші) етіп жіберілдім»,-деген сөзі бұған айқын дәлел.

Құрметті ата-ана! Балаңыз мектеп табалдырығын аттады. Қадамы құтты болсын! Балаңызға бірінші кезекте ұстазын құрметтеуді үйретіңіз. Себебі, тәрбиесіз білім алысқа шаппайды. Абайдың қара сөзіндегі қайрат, ақыл және жүрек үшеуі өз артықшылығын айта жарысып, ақыры төрелігін білімнен сұрағанда «…Үшеуің ала болсаң, мен жүректі жақтадым. Құдайшылық сонда, қалпыңды таза сақта, Құдай Тағала қалпыңа әрдайым қарайды деп кітаптың айтқаны осы…»,-деп білім діндарлық пен тәрбиені таңдағанын естеріңізде болғай.

Мұхаммед Ибраһим

Бөлісу21Твитерге13Бөлісу3Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Желіні кезген жалған идеология
Видео

Желіні кезген жалған идеология

23.06.2026
Дін мен дәстүрдің үйлесімдігі деп нені айтамыз?
Ислам

Қазақ қоғамындағы ислам құндылықтары

23.06.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Жүрек дерті

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Танымал тақырыптар

  • Сотталғандарға рухани-мәдени іс-шара ұйымдастырылды

    Сотталғандарға рухани-мәдени іс-шара ұйымдастырылды

    116
  • Алтын Орда тұсындағы Ислам діні

    82
  • Қауіпсіз сана – қауіпсіз бала

    60
  • Мұса пайғамбардың жәннаттағы көршісі

    47
  • Зиратты жаман шөптерден тазалауға бола ма?

    44

Соңғы жарияланымдар

Желіні кезген жалған идеология
Видео

Желіні кезген жалған идеология

23.06.2026
Дін мен дәстүрдің үйлесімдігі деп нені айтамыз?
Ислам

Қазақ қоғамындағы ислам құндылықтары

23.06.2026
«Ойыншықтар хикаясы 5» өзекті мәселені көтерді
Жаңалықтар

«Ойыншықтар хикаясы 5» өзекті мәселені көтерді

23.06.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00