Сәрсенбі, 9 Шілде, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Тренинг – дінтану пәнін оқытудың жаңа құралы

10.12.2013
- Қоғам
0
622
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Сонымен қатар тренинг дегеніміз – шеберлік пен машықты қалыптастыратын жаттығулар жиынтығы деген пікірді ұстанушылар да бар. Дегенмен, бүгінде қоғамда тренингке сұраныс күннен күнге артып келеді. Мысалы, адамның өзіне-өзі сену тренингі, келісім жүргізу тренингі, сауда тренингі, топ құру тренингі, шиеленіссіз іс-әрекет тренингі және т.б. Қатынас тренингі осы аталған барлық трениг түрлерінің базалық бағдарламасы болып келеді. Себебі бұлардың бағдарламасына назар салған уақытта барлығы да әлеуметтік-психологиялық тренинг негізінде құрылғанын байқаймыз.

Тренингтік әдістердің маңызы: Тренинг барысында индивидуалдық және топтық үрдістер араласып отырады. Сондықтан мамандардың айтуынша тренинг әдістері негізінен үш деңгейде жүзеге асады:

– топ арасындағы жеке қатысушымен болатын қатынас әдісі: әдетте, ол индивидуалдық психологиялық кеңес беру жұмыстарының техникаларын көрсету мақсатында топтың бір мүшесі мен жүргізушінің диадалық өзара әрекеті;

– топпен бірге – біртұтастық әдіс: мұндай жағдайда ұстаз топтың барлық мүшесі біріге отырып орындайтын тапсырма береді. Сонымен қатар шағын топтарға да тапсырма берілуі әбден мүмкін;

Ана сүті туралы хикая

Ана сүті туралы хикая

08.07.2025
Ислам және жол ережесі

Ислам және жол ережесі

02.07.2025

– топтың құралдары арқылы жекелеген қатысушыға бағытталады. Бұл деңгейдегі жұмыс әуеліде бірінші әдіске ұқсауы мүмкін, бірақ, бұл жерде оқытушы топтың ресурстарын қатысушылардың бір немесе бірнешеуіне ықпал етуі үшін жасырын қолданады.

Семинар сабағында студенттерді топтарға бөліп, тренинг өткізуді көздеген ұстаз түрлі алгоритмдердің (әдіс-тәсілдерді) біраз бөлігін игерген болуы қажет. Ол бұларды топтың деңгейіне, олардың әрбірінің ерекшелігін ескере отырып, тақырыптың мәні мен мазмұнына сәйкес орынды қолдануы үшін керек.

Мысалы, тренингте түрлі оқиғаларды бастан кешіру қажет. Оқиғасыз тренингтің мәні де жоғалады. Ал дін тақырыбында (конфессияаралық қатынас, эносаралық тұрақтылық, исламофобия, терроризм, деструктивті ағымдар т.б.) оқиға жетерлік. Оқиғамен жұмыс істеу үшін кейбір ғалымдар мынадай кезеңдерді бөліп көрсетеді:

– сәйкестендіру (идентификация), оқиғаны өмір ағымынан ажыратып алу, яғни, қандай оқиға және ол қайда орын алды? деген сияқты сұрақтарға жауап беру;

– түсіндіру (интерпретация), оқиғаның себебін, шарттарын, салдарын анықтау, түсіндіру;

– саралау, оқиғаны келешек контекстіне қойып көру. Оның пайдасы мен зиянын салмақтау.

Дәрістің ұтымды өтуі үшін тренигпен үйлесімдік таптыру мақсатында оқытушыға қойылатын талап та аз емес. Тіпті, керек болса оқытушы кез келген сәтте үйреншікті алгоритмдерді ұмытып, сол жағдайға орай жаңа әдіс-тәсілдерді құрастырып, импровизациялауға әзір тұрады. Бірақ, ол бұл әдістерді шебер ұста ретінде қолданып, ойнауы үшін бұл жаттығулардың әрбірін өз эмоциясынан өткізгені  жөн. Сонда барып, жаттығу жай құрғақ жаттанды қимылдар жиынтығы емес, бәлкім ұстаз бен топ үшін жоспарлы қадамның бірі болмақ. Ұстаз жаттығуды түрлі топтарда семинар дәрістерінде қайталай отырып, оның бұрын соңды белгісіз жаңа қырларын ашады. Бұл айтылған жағдай парадокс емес, өмір тәжірибесі. Өйткені психологиялық ойындар мен жаттығулардың өздеріне тән ерекшеліктері бар. Жаттығуға белсенді қатыстып отырған топ мүшелерінің жан дүниелері алуан түрлі. Әркімнің бойында өзін көркемдеп тұрған мінезі бар.

Сондықтан, тренинг дегеніміз осы екен демей, жаттығулардың дайын алгоритмдерін көріп, оларда жасырын тұрған мағыналарды түсініп, әбден зерттеп алу керек. Мұнан соң ғана ол жаттығудың практикада қалай жұмыс жасайтынын көре аласыз. Мұнан соң өз пәніңізге салып, алдағы мақсатқа ұмытылуға әбден мүмкін. Егер жағдай осылай болмаса, онда студенттерге оңды пайда келтіре алмайсыз, керісінше топ арасында бір-біріне деген реніш тудыруыңыз әбден мүмкін.

Кез келген жағдайдың арнайы талаптары болғаны сияқты тренинг бойынша топпен жұмыс жасаудың де ережелері бар. Бұлардың негізгілерін атап өтер болсақ, онда төмендегі реттілікпен көрсетуге болады.

Бірінші ереже – кері байланыс. Қатысушылардың әрбірі жаттығу ойынында кімнің қалай орындағанын және оны қалай орындаса жақсы немесе дұрыс болатыны туралы айтады. Бір-бірімен пікір бөліседі. Позитивті жағдайда бір-біріне конструктивті формада кеңестер айтылады. Бұл  – пайдалы дағды. Қтысушылар бір-біріне ренжімейді, өйткені бұл ойын жаттығуы. Мұнда сын айтылмайды, кеңес беріледі. Сын айтылмау себебі, егер топ мүшелерінің басым бөлігі сын айтар болса, онда ол адам әрі қарай дамымауы мүмкін. Өзінің айтылған кемшілігінде тұрақтап қалу ықтималы бар.

Ал енді қатыстушыға оның дұрыс орындағанын және бұдан да артық орындаудың мүмкіндігі айтылса, онда студент алға ұмтылады. Оның сабаққа деген қалау еркіндігі күшее түседі.

Топтың әрбір мүшесі өзіне керек немесе қажет дүниені алады. Өйткені, тренигте тек бұлай жасауыңыз қажет деп қатып қалған алгоритм жоқ.

Екінші ереже – қазір және осында. Жаттығуды сол заматта бар топ мүшерелі орындайды, яғни сол сәтте топта,аудиторияда бар студенттер орындайды. Егер пікірталас созылып кетсе, онда оны сол уақытта тоқтата аламыз. Дәл сол сияқты бір ойынды: «Ал мен мынадай жағдайдың куәсі болдым…»,– деген сияқты әңгімелермен бірнеше сағатқа да созылуы мүмкін. Ешкім шаршамайды, барлығына да қызықты.

Әрине, егер ұстаз топ мүшелерінің кейбірі бұл тапсырмадан жалыға бастағанын көрсе, онда ойынды ақырындап аяқтай бастаған дұрыс.

Үшінші ереже – топта жұмыс жасап үйрену дағдысы. Топ қауіпсіздігі. Шағын топ мүшерелі жаттығу аяқталмайынша басқа топ мүшелерімен бұл тақырыпта әңгімелеспейді, талдамайды. Олар тек өз топтарымен ғана пікір бөлісе алады. Топ құпиясын іште сақтайды. Мысалы ретінде, сабақ өтуіміз үшін «Толеранттылық» тақырыбын алайық.

Тренингтің жалпы сипаттамасы:

Мақсат: тыңдаушылардың этносаралық және конфессияаралық қатынастар саласындағы толеранттылық туралы түсініктерін қалыптастыру.

Бұл өз кезегінде төмендегі міндеттерді айқындайды:

– толеранттылыққа бейімдеу, жұмсақ мінезділікке бейімдеу және т.б.

– толеранттылық және интолеранттылықпен бірге жүретін эмоциалық серпіліс пен сезімді байқап көру;

Кіріспе бөлімі:

Оқытушы, тақырыпты айтып, оның қоғам өміріндегі маңыздылығын, орнын немесе ерекшеліктерімен таныстырады. Тыңдаушыларға сөз береді, олардың пікірімен танысады. Кейін бұл тренингтің жүргізу ережесін айтады.

Ереже.Уақыт белгіленеді. Ұялы телефондар өшіріледі. Сөйлейтін адам қол көтеріп, кезекпен айтады.

Топты сабаққа әзірлеу:

Ол үшін оқытушы «Әділ шешім» оқиғасын баяндайды.

Мақсат: Қатысушыларды тақырыпқа дайындап, кірістіру.

Мәтін: Бір күні яһуди қауымынан бір адам халифа келіп,

– Уа, мұсылмандардың әмірі! Мен шағым айтқалы келдім – дейді.

Халифа оған сөйлеуіне рұқсат береді. Сонда ол мұсылмандар арасында беделді, үлкен абыройға ие Әлидің үстіне шағымданады.

Халифа оның шағымын қабылдап, алдына Әлиді шақыртады. Кейін:

– Ей, Әбу Хасан! Сенің үстіңе шағым түсті. Барып, шағымданушының қасына тұр, – дей бұйырады. Осы кезде Әлидің жүзі өзгеріп қоя береді.

Халифа бұл екеуінің бірін де алаламай дауды әділдікпен шешеді. Кейін, халифа оңаша қалған Әлиге қарап:

– Ей, Әли! Мен сені шақыртып, әлгі айыптаушының қасына тұр, дегенімде сенің түрің өзгеріп кете берді. Сен не ашуландың ба?– деп сұрайды.

Халифаның мұндай сұрағына Әли:

– Ант етейін! Ей, мүміндердің әмірі ашуланғаным жоқ! Бірақ, сен мені: «Ей, Әбу Хасан», – деп шақырған кезіңде. Мені яһудидің көзінше көтермеледі. Мұсылмандардың арасындағы әділдік жоғалыпты ғой деген қорқыныш бойымды биледі. Сол себепті түрім өзгеріп кетті – дейді.

Тақырып байланысы: Бұл оқиға адамдардың нәсілі мен тегінің, тілінің және дінінің айырмасына қарамай, дін Исламда толеранттылықтқа үлкен мән беретінін айтылады. Өмірде біз өзге ұлтты немесе этносты бізге ұқсамайды деп шағымданып жатамыз. Негізінде бұл басты мәселе емес екен, басты нәрсе, сенің оны құрметтеуің және оған дұрыс көзбен қарауың, жақсы қатынас жасау. Сонда барып ол да саған құрметпен қарайды екен. Халифа ешкімді де кемсіткен жоқ немесе құқығын шектеген жоқ.

Тренингте жұмыс жасау формалары: Шағын топтарда тақырыпқа қатысты талдау жасалады, бейнелеу жұмыстары жүреді, кейін (жобаларды, кейістерді, сызбаларды презинтациялау және т.б.) ролді ойындар элементтері, имитациялық ойындар, мәтіндерді сараптау және т.б. іс-шаралар атқарала береді.

Мұнан соң оқытушы: «Толеранттылық дегеніміз не?» және «Оның интолеранттылықтан айырмасы қандай?» деген тақырыптарға арнайы тоқталып, олардың мәнін ашып, мини-лекция оқиды. Әрине, бұл лекция да тыңдаушыға қызық әрі тартымды әдіспен ұсынылуы керек. Кейін тақырыпқа қатысты арнайы жағдайлар мен оқиғаларды келтіріп, топпен біріге отырып шешуге болады. Топта талдау жасау: Топ мүшелері пікірлерімен бөлісіп, бұл жағдайдан анағұрлым тиімді шыққан адамның қылығын атап, оның себебін түсіндіреді.

Негізінде тренинг практикалық оқуды ұйымдастыру құралдарының бірі ғана. Мұны кейбір жаңашыл оқытушылардың тренинг – мәселенің барлығын шешеді деген ойларымен де бір жақты келісу қиын. Себебі, тренингтер үшін әмбебапты немесе сиқырлы сценарии болмайды. Басқаша айтар болсақ, өмірдің барлық жағдайына қолданыла беретін ғажайып рецептісі (шипашақ) жоқ. Мұны әр оқытушы, ұстаз өзінің пәніне сәйкес жасауы тиіс. Тренингте жазуға қарағанда әрекет, қозғалыс көп. Ұстаздың өзіне тән мінезі болғаны сияқты шәкірттің де адами қасиеттері әртүрлі. Біреуі белсенді қатыстып, ойын мен әрекетті жақсы көрсе, екіншісі тыныштықты, пікір алысып, ой жүгіркені жақсы көруі мүмкін, өйткені адам жаны күрделі құбылыс. 

Тренигтің «сиқырлы сценариі» жоқ деуіміз, біздің әрбір күніміз әр түрлі. Бүгінгі күн кешегіні қайталамайды, ал ертеңгі күн бүгінмен бірдей болмасы анық. Сондықтан оның сценариі сабақ тақырыбы мен оқиғаның желісіне және жағдайына байланысты өзгеріп отырады.

Ойымызды қорытар болсақ, білім беру әдістері мен тәсілдер мәселесі адаммен бірге ертеден иық тіресіп келеді. Тіпті, практикалық оқуды ұйымдастырудың жаңа құралы деп санап отырған тренинг элеменеттері өз бастауларын сонау антикалық, кейін ортағасырлық ғалымдардан алады. Ойды дәлелдеу, шебер сөйлеу, сұрақ-жауап, пікір талас, диалектика сияқты оқытудың т.б. көптеген әдістері ертеден белгілі. Мысалы, ортағасыр заманында оқыту әдістері кеңінен етек алып, оның өзекті мәселеге айналғаны мәлім. Бұл кезде «му’аллим уа толиб» – «Ұстаз және шәкірт» теориясы қалыптасты. Ортағасырда бұл теориямен шұғылданбаған немесе өзінің зерттеу нысанасы қылмаған ғалым болмады десек қателеспейміз.

Оқыту әдістемесі деген уақытта біз «қалай білім беру керек?» деген сұраққа жуап іздейміз. Қазіргі компьютерлік технология заманында тренинг жаттығулары, кейіс тапсырмалары сияқты т.б. оқытудың жаңа әдістемелері білім беру саласында (менеджмент, конфликтология, имиджиология, психология және т.б. пәндер бойынша) практикалық тұрғыдан сұранысқа ие болып отыр. Біз бұған куәміз. Олай болса, не үшін практикалық оқуды ұйымдастырудың жаңа құралдарының бірі ретінде тренинг, кейіс сияқты әдістемелерді дінтану пәнін оқыту барысында қолданбасқа? Егер біз бұларды дінтану сабақтарында тиімді пайдалана білсек, онда шәкірттер мен студенттер дінтануды жаңа қырынан тани бастамақ. Тренинг арқылы дінтану пәніндегі жақсылық, мейірім, төзімділік, сабырлық, жұмсақтық, ізгілік, адалдық, достық, туыстық қатынас, көрші ақысы, көркем мінез, ата-ана ақысы және сол сияқты т.б. көптеген адамгершілік категориялар мен бірге қатыгездік, терроризм, экстремизм немесе жағымпаздық, сараңдық және т.б. теріс ұғымдарды белгілі дәрежеде ашып көрсетуге әбден болады.

Егер оқытушы осы аталмыш тақырыптарды арнайы жаттығулармен, кейісттік тапсырмалармен шебер түрде бере білсе, онда оқушылар мен студенттер өздеріне қажетті мәліметтерді алып, сабақ мұраты мақсатына жеткен болар еді. Әрине, трениг бұл жерде практикалық сабақтың бір құралы ретінде ғана айтылып отыр. Бірақ, бүгінде дін тақырыптарына қатысты тренигтік жаттығулар, кейістік тапсырмалар мүлдем жоқтың қасы. Бұл салада тренинг кенже қалып отыр. Дінтанумен байланысты тренингтік жаттығулар жинақтарын, кейістік тапсырмалар топтамасын әзірлеу сияқты іс-шаралар шешімін табуы қажет бүгінгі күннің мәселелері болып қала бермек.

 Жалғас САДУАХАСҰЛЫ

философия ғылымдарының кандидаты, дінтанушы

Таңбалар: дінтану пәнін оқытуЖалғас Сандыбаев
Бөлісу15Твитерге9Бөлісу2Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Аңшылықтың қандай әдептері бар?
Сұрақ-жауап

Аңшылықтың қандай әдептері бар?

03.12.2023
Сұрақ-жауап

Атып алынған киіктің еті адал ма?

03.12.2023
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Адам санасын әлеуметтік тәуелді ету механизмдері

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Көп қаралғаны

  • Медресеге қалай түсуге болады?

    479 бөлісті
    Бөлісу 191 Твитерге 119

Соңғы жарияланымдар

«Хасеки» институтына қабылданған шәкірттермен кездесті
Жаңалықтар

«Хасеки» институтына қабылданған шәкірттермен кездесті

08.07.2025
Құрақ көрпе жинаудан әлемдік рекорд
Жаңалықтар

Құрақ көрпе жинаудан әлемдік рекорд

08.07.2025
Ана сүті туралы хикая
Қоғам

Ана сүті туралы хикая

08.07.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2024 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2024 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00