Сейсенбі, 27 Қазан, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Қазақ діндарлары ұлттық шеңберде қызмет етуі тиіс

26.12.2013
- Қоғам
0
113
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

 

Жақында «Дін мен дәстүр» атты бір кітап қолыма түсті. Атауы назарымды аудартты. Алғашқы бетіне Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бастамасымен деп жазып қойыпты. Сүйсініп қалдым. Әдетте, қарттық меңдеткен, жасы 80-ге келіп, жанары суала бастаған адамның кітапқа көңілі ауа бермейді. Сонда да, қайратымды жинап қырықтың қырқасында Бас мүфти болған жігіттің бастамасына «біздер айтқан «бір кем дүниені» бүтіндеп алатындай ой мен таным бар ма?» деп толғандым. 

Бұл еңбек аты айтып тұрғандай, дәстүр мен діннің ара жігін ажырата алмай, ата-бабасының жолынан безген, жат ағамға санасы езілген жұрттың жол сілтеушісі екен. Әуелгі «дәстүр туралы түсінік» деп басталған бөлімде дәстүрді дәріптеп, оның ұлттық болмыс пен құндылық екенін тәптіштеп жазады. Иә, біздің сал-дәстүріміз қаншама ғасырды артқа тастап, өз сүрлеуін қалыптастырды. Тіптен, жер басып жүрген жүздеген ұлт пен ұлыстан айырықша айырмамыз да осы – дәстүр. Егемендіктің 20 жылы экономикалық өрлеуге толы болды. Бірақ, діни-рухани тұсымыздың ақсап қалғаны шындық. Бұл өз кезегінде қазақтың адамгершілік құндылықтарын жоюға бет алды. Дін ұстаудың жөні осы дегендей, жөн-жосықсыз көзсіз намысқа шақырып, уағызына иланбаған бауырынан сырт айналған дүмшелер елді төбеден ұрғандай есінен тандырды. Дәстүрге суғарылмаған сананың ұшқарылығы сонша, қазақ баласы дөрекі іс-әрекеттерге де барды. Бұған кімді кінәлаймыз? Қағынан жеріген баланы ма, әлде, руханиятқа оқырына қараған өзгелерді ме? Екеуі де – өз перзентіміз. Болған іске өкпе артып, даурыққаннан іс өнбейді. Ендігі қарекет, келесі қауіпті болдырмасқа бағытталуы қажет. 

Міне, осы олқылықтың орнын толтыруға, дәстүр мен дін танымын қазақы түсінікпен жеткізуге әрекет еткен алғашқы қадамның бірі – Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының еңбегі деуге болады. Құр сөзден құлағы жауыр болған жұртқа да керегі осы еді.

Құздағы соңғы намаз немесе Малайұшқан

Құздағы соңғы намаз немесе Малайұшқан

26.10.2026
Демографиялық өсім – өркендеу негізі

Демографиялық өсім – өркендеу негізі

26.10.2026

Кітаптың екінші бөлімінде «Дәстүрдің діндегі рөліне» айрықша тоқталып, Орыс хан (XII ғ.) заманында Исламды мемлекеттік дін етіп жариялаған Дешті-Қыпшақ көшпенділерінің Араб мәдениетімен бірге өркендеген Исламды өмір салтына лайықтап ұстана білген даналығын айырықша бағалайды. Расында да, Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с) негізін қалаған діннің сенімін, ұстанымын көшпенділер өзгеріссіз қабылдап, далалық мәдениеттің мәйегімен толықтыра түсті. Соның нәтижесінде, «қазақ халқының имани дәстүрлерінің» мектебі қалыптасты. Азия мұсылмандары арасында қазақтың дүние танымы мен Ислам құндылықтары бір-біріне кірігіп, ұлттық болмысты негіз еткен «имани қарым-қатынас» ғұрыптары пайда болды. Бұған қазақтың күнделікті өміріндегі «сәлемдесуден» бастап, «ата-ананы құрметтеу», «туыс-туғанды қадірлеу», «ынтымақ пен бірліктің» ұйтқысы болған асыл қасиеттерін атап айтсақ та жетіп жатыр. Ержан қажы қазақтың Исламды ұстануы мен ұлттық ерекшеліктерге сай бейімдеп, көшпенділер өркениетінен ажырамас асыл дінге айналғанын дінтанушы маман ретінде жан-жақты жазады.

Бүгінгі қазақ қоғамында дін жайлы түсінік пен пікір екіге жарылды. Бірі – Ислам арабтанудың алғышарты қазақты жою десе, екіншісі діни сенімді көрсоқырлық деп бағалады. Осы екі тараптың ойындағы сауалға ортақ жауапты «Дін мен дәстүр» еңбегі дәл бере алады. Бас мүфтидің  күрмеуі күрделі мәселе мен таптаурын танымды ұлттық дәстүрмен жадағайлап, қазақ болмысына сай  лайықтап түсіндіруі – қазақ діндарлары ұлттық шеңберде қызмет етуге қадам басқандығын аңғартты. Кітапты оқып шыққаныма шын қуаныштымын! Қазақ халқы әлмисақтан мұсылман, бірақ, араб болуға міндетті емес. Өзінің дүние танымына,  тұрмыс салтына орайластырған құлшылық жолы, Хақты тану дағдысы бар. Оны осы қасиеттерден ажыратуға, басқа арнаға бұруға ешкімнің қақысы жоқ. Ал, біздер мұсылман жамағаты ауызбірлікті ту етіп, Діни басқарманың пәтуасы мен шариғат тәпсірлерін құлақ қоя тыңдап, құлшылығымызды жасайық.  

«Дін мен дәстүр» бірі-біріне үйлесімділік тауып, қабыса кеткенде ғана ақиқат биігіне көтерліп, ұлтты тәрбиелеудің кілтіне айналады. Бас мүфтидің бастамасымен шыққан кітаптан айқын көрініс тапқан осы идеяға сенуге қақылымыз, ағайын!

Дереккөз

Бөлісу3Твитерге2БөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Құздағы соңғы намаз немесе Малайұшқан
Қоғам

Құздағы соңғы намаз немесе Малайұшқан

26.10.2026
Деструктивті діни ағым деген кімдер?
Ағымдар ақиқаты

Деструктивті діни ағым деген кімдер?

26.10.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Зекеттің адам мен қоғамға берер пайдасы

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Танымал тақырыптар

  • О молитве джамаатом после намаза

    Намаз жайлы қысқаша сипаттама айтасыз ба?

    75
  • Діни азғындануға алып баратын себептер қандай?

    72
  • Тағаттылық Ислам дініне қайшы ма?

    68
  • Сауд Арабиясы бес ұшқышсыз ұшу аппаратын атып түсірді

    68
  • Елімізде тіркелген діни білім беру ұйымдары (3-тоқсан)

    64

Соңғы жарияланымдар

Құздағы соңғы намаз немесе Малайұшқан
Қоғам

Құздағы соңғы намаз немесе Малайұшқан

26.10.2026
Деструктивті діни ағым деген кімдер?
Ағымдар ақиқаты

Деструктивті діни ағым деген кімдер?

26.10.2026
Елімізде қанша құлшылық орны бар (3-тоқсан)
Инфографика

Елімізде қанша құлшылық орны бар (3-тоқсан)

26.10.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00