Бейсенбі, 30 Сәуір, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Имам Әшғари өмір сүрген дәуір

18.09.2013
- Ислам
0
978
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

 

Имам Матуриди мен имам Әшғари бір дәуірде өмір сүріп, бір бағытта еңбек еткен. Бірақ имам Әшғари Исламды іштен ірітпек болған дұшпандармен бірге күн кешті. Ол өмір сүрген Басра қаласы Мұғтазила мәзһабының отаны еді. Мұғтазила мәзһабының өкілдері мен фиқһ-хадис ғұламалары арасындағы қақтығыстың майданы осы Ирак өңірі болатын. Ал Матуриди өмір сүрген Мауараннаһр өлкесі сүнниттік ғалымдар мен Мұғтазила мәзһабының өкілдері арасындағы пікірталастан біршама алыс еді. 

Дегенмен, Мәймун, Муғтасым, Уасиқ секілді халифтердің дәуірінде Мұғтазилиттік сенімнің мемлекеттік идеологияға айналуына байланысты, олардың пікірлері халифаттың барлық өңірлеріне тарап жатты. Мауараннаһр өлкесінде Мұғтазила мәзһабы басым күшке ие болмағанмен, олардың пікірлерін уағыздаушылар бірлі-жарым болса да бар еді. Имам Матуриди Мұғтазила мәзһабының ондай өкілдерімен пікірталас жүргізгендігі белгілі. Имам Әшғари мен имам Матуридидің пікірталас майдандары бір болғандықтан, олардың ортақ ұстанымдары ғана емес, шариғатты түсіндіру тәсілдері де бір-біріне ұқсайтын. Десек те, екі имамның пікірталастағы кейбір әдістемелік ерекшеліктері мен ұстанымдағы айырмашылықтары болды.

Бірақ зерттеушілердің көпшілігі имам Матуриди мен имам Әшғари пікірлерінде айта қаларлық өзгешелік болмағандығын білдіреді. Мысалы, Шейх Мұхаммед Абдуһ имам Әшғари мен имам Матуридидің арасындағы ерекшеліктер үлкен қарама-қайшылық туғызбайтынын айтқан. Бірақ екі имамның кәләм іліміне қатысты көзқарастарына келер болсақ, олардың пікірлерінде азды-көпті айырмашылық барын байқаймыз.

Тазалық, табиғат пен қоршаған ортаны қорғау

24.04.2026

Кітап – даналықтан басталады

23.04.2026

Екі имам да Құран Кәрімді зерттеу барысында ақыл мен қисынға мейлінше сүйенген. Олардың бірі екіншісіне қарағанда ақылға көп арқа сүйеді. Имам Әшғари Алла тағаланы Құран-хадис арқылы тануға көбірек мән берсе, имам Матуриди имам Ағзамның жолын ұстанып, Алланы ақылмен тануға бейімділік танытты. Имам Әшғари ақыл-ой бір нәрсенің жаман-жақсысын шариғатсыз ажырата алмайды десе, имам Матуриди шынайы ақыл жақсы-жаманды өздігінен ажырата алатынын айтады. Имам Матуриди ақиқатқа жету үшін ақылды қолданғанда, әсіре сілтеп жібермей, ақыл мен қисынға орнымен жүгінеді.

Ал имам Әшғари мен оның ізбасарлары нақылға (Құран мен Сүннетке) көп мән беруімен өзгеше. Осыған орай, Матуридилікті Мұғтазила мен Әшғарилік арасындағы ақида мәзһабы деп түюге негіз бар. Ал Әшғарилік – Мұғтазила мен фиқһ-хадис ғалымдарының арасындағы мәзһаб. Имам Матуриди ақылға шариғаттың шеңберінде жүгінді. Нақылмен бірге, ақылды да ақиқатты танудың қайнар көзі деп білді. Имам Әшғари да ақиқатқа дәлел келтіруде нақылға ақылды сүйеніш еткен. Бірақ ол ақылды ақиқатты танудағы нақылға көмекші құрал ғана деп түсінді. Ал имам Матуриди ақылды да сенім мәселелеріне қатысты дәлел келтірудің дербес қайнар көзі деп білді, бірақ мұғтазилиттер секілді нақылсыз жалаң ақылмен ақиқатты табуға бас қойып қателікке ұрынбады.

 Ақыл бойлай алмайтын жайттарды мойындады. Аят, хадис негізінде ақылмен әрекет етуді үндеген имам Матуриди Құран Кәрімге түсіндірме жасағанда, мағынасы айқын білдірілмеген аяттарға мағынасы анық аяттар негізінде жорамал жасау тәсілін қолданды. Оның пікірінше, егер адамның ақылы діни мәтіндерді тәуил жасауға күші жетпесе, оларға иман келтіріп қана тоқтаған жөн. Сахабалар мен табиғиндердің мағынасы анық емес діни мәтіндерге қатысты ұстанымдары да осындай еді. Имам Матуриди Құран Кәрімді мүмкіндігінше аяттармен тәпсірлеуге тырысты. Себебі Құран Кәрім аяттарында қарама-қайшылық кездеспейді: «Егер Құран Алладан басқаға тиесілі болса, онда көп қарама-қайшылық табатын еді» [1].

Имам Матуридидің мағынасы анық емес аяттарға түсіндірме жасауы, фиқһшылар мен хадисшілердің ұстанымына қайшы келсе де, сол дәуірдің заманауи қажеттілігі еді. Ислам қанатын кеңге жайған сайын, ескі діндер мен мәдениеттердің ықпалына ұшырай бастады. Ислам ғұламалары мутәшәббиһ аяттарға түсіндірме жасамағанмен, дүбәра сенімдегі кейбір ғалымсымақтар Исламдағы мағынасы анық емес мәтіндерді өз білгендерінше белгілі бір ғылыми тәсілсіз жорамалдай бастады. Олардың азғын пікірлерінен дінді құтқару мақсатында имам Матуриди мутәшаббиһ аяттарды Ислами негіздерге қайшы келмейтіндей тұрпатта жорамалдап, халық сенімінің бұзылуына тосқауыл қойды. Сүнниттік ақида мен кәләм мектебін құрушы екі мектеп те алдымен нақылға (аят пен хадис) сүйеніп, одан кейін ақылға мән береді. Олар ақида саласында ақылға мүлдем мән бермеген фиқһ-хадис ғалымдары мен ақылды шектен тыс қанаттандырып жіберген Мұғтазила ағымының ортасынан орын тепті.

http://kk.wikipedia.

Таңбалар: акидаӘшғарииманмазhaбмәзһабтаухид
Бөлісу24Твитерге15Бөлісу3Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Исламдағы Таухид түсінігі деген не?
Сұрақ-жауап

Исламдағы Таухид түсінігі деген не?

07.10.2025
Әһли сунна уәл жамағат түсінігі қалай қалыптасты?
Ислам

Әһли сунна уәл жамағат түсінігі қалай қалыптасты?

30.09.2024
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Имам әл-Матуриди ақидасы, әдістемесі мен көзқарастары

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

  • Індеттен қайтыс болған адамның мәйітін жерлеу туралы пәтуа

    123462 бөлісті
    Бөлісу 49385 Твитерге 30866
  • Духа намазы қалай оқылады?

    5260 бөлісті
    Бөлісу 2104 Твитерге 1315
  • Сәби шағында қайтыс болған бала ата-анасына шапағатшы бола ма?

    3078 бөлісті
    Бөлісу 1231 Твитерге 770
  • Құран аяттарын ғұсыл-дәретсіз оқуға бола ма?

    3345 бөлісті
    Бөлісу 1338 Твитерге 836

Соңғы жарияланымдар

Аргентинада мектептегі музыка кабинетіне Димаш Құдайбергеннің есімі берілді
Жаңалықтар

Аргентинада мектептегі музыка кабинетіне Димаш Құдайбергеннің есімі берілді

29.04.2026
Жаңалықтар

Бүгін – Халықаралық би күні

29.04.2026
Дипломсыз медресе – дүбара дін
Видео

Дипломсыз медресе – дүбара дін

28.04.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00