Жексенбі, 22 Маусым, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Имам Ағзам Әбу Ханифа мазхабы

21.08.2013
- Ислам
1
1.9k
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Зікір және оның пайдасы

21.06.2025
Уважение к Священному Корану в Исламе

Өз амалымен мақтану – Алланың нығметін ұмыту

12.06.2025

Араб тілінде мазһаб сөзі:
1. Тіл саласында: жол, жүріс, тұрыс, әрекет ету бейнесі.
2. Шариғат саласында: діни ғылым, мектеп, ілім, түсінік деген мағынаны береді. Ислам дінінде әһлү сүннә уәл джәмаьа болып есептелетін төрт мазһаб бар. Ол Ханафи, Шафи, Малики және Ханбали мазһабтары. Әр мазһаб сол мазһабтың негізін құраушы имамның есімімен аталады.
Бұл төрт мазһабтың шариғат үкімдерінің барлығы Қасиетті Құран Кәрім мен Пайғамбарымыз с.а.у. сүннетіне негізделу мақсатынан ешбірін қате деуге болмайды. Мазһабтардың арасында біршама айырмашылық болғанымен, олардың мәнісі болмашы.

Ханафи мазһабын негіздеуші имам Әбу Ханифа Ан Нұғман ибн Сәбит (699-767 милади).
Білімділігі себебінен тарихшылар имам Әбу Ханифаны Ағзам (Ұлы имам) деп атап: «Егер дін Шолпан жұлдызына көтеріліп кетсе, оны жерге имам Әбу Ханифа қайтарады», – деген.
Имам Ағзам мұсылманшылық фиқһ ғылымының негізін құраушы болып есептеледі. Ол Қасиетті Құран Кәрімге сүйене отырып 69 000 күрделі мәселеге пәтуә берген.
Үш мазһабтың имамы имам Шафи, имам Малик, имам Ибн Ханбал өздерін имам Ағзамның шәкірттеріміз деп есептеген.

Имам Шафи: «Адамдар фиқһ ғылымында Әбу Ханифаға тәуелді», – десе, имам Малик: «Әбу Ханифаның ой қисындылығының қуаттылығы сонша, егер ол талды алтын десе, соны дәлелдеп береді», – деген.
Мұсылмандардың арасында кең тараған мазһаб – Ханафи мазһабы. Тоғызыншы ғасырдан бастап, қысқа мерзім ішінде Ханафи мазһабы Анатолия, Балқан, Солтүстік Кавказ, Еділ аймағы, Орта Азия, Қытай, Үндістан, Ауғанстан төңірегіне және Индонезия аралдарына тараған. Әрі Ханафи мазһабын Алтын Орда хандары, Ұлы Моғолдар және Осман сұлтандары ұстанған. Қазіргі уақытта Ханафи мазһабын ұстанушылар саны жүз миллионнан астам.

 Мазһаб имамы Әбу Ханифа

 Имам Ағзам Әбу Ханифа р.л.ғ. һижраның сексенінші жылы Куфа қаласында дүниеге келген. Толық аты Нұғман ибн Сәбит ал Куфи.
Имам Ағзам р.л.ғ. Анас ибн Маликпен р.а. бірнеше рет жүздескендігі себебінен табиғиндерге жатады.
Имам Ағзамның р.л.ғ. төрт мың ғұлама ұстазы болып, солардан діннің түрлі салаларында тәлім алған. Олардың бірі пайғамбарымыздың с.а.у. сахабаларының бес жүзімен жүздес болған ұлы табиғин ғұлама Әмир ибн Шурайхил болса, бірі сахабалардың екі жүзін көрген Ато ибн Әбу Рабах болған.
Имам Әбу Ханифа р.л.ғ. өз дәуірінің ұлы ғұламасы болып, оған жан жақтан келіп, тәлім алған шәкірттері өте көп болған. Мысалы, Әбу Юсуф, Мухаммед ибн Ал Хасан Аш Шайбани, Зуфар ибн Ал Фазил, баласы Хаммад ибн Әбу Ханифа.

Имам Ағзамның р.л.ғ. имандылығы мен тақуалығына, білімділігі мен парасаттылығына қатысты айтылған пікірлерді келтірейік.
«Адамдар фиқһ ғылымында Әбк Ханифаға р.л.ғ. тәуелді» Имам Шафи р.л.ғ.
«Мен Әбу Ханифадан р.л.ғ. ғалым әрі құдайшыл адамды көрмедім» Әбу Жағфар Ар Рази р.л.ғ.
«Кімде кім Әбу Ханифаның р.л.ғ. кітаптарын оқымаса, ғылымға бойламағаны және фиқһ ғалымы болмағаны». Имам Шафи р.л.ғ.

«Мен Әбу Ханифамен р.л.ғ. бес жыл бірге тұрдым. Әбу Ханифадан р.л.ғ. аз сөзді жанды көрмедім. Ал бірнәрсе жайында сұраса, ашылып сел тәрізді ағылар еді». Жағфар ибн Рабиғ р.л.ғ.
«Әбу Ханифа р.л.ғ. ғылымға қылыштың жүзінен де өткір еді».Суфиан ас Саури р.л.ғ.Имам Ағзамның р.л.ғ. ғылымға деген құштарлығы сонша, ол қырық жыл бойы түнін ғылым ізденумен өткізіп, таң намазын құбтанның дәретімен оқитын еді. Өмірінде жетпіс мың рет Қасиетті Құран Кәрімді хатым еткен.
Имам Әбу Ханифа р.л.ғ. һижраның жүз елуінші жылында, жетпіс жасында Бағдат қаласында дүниеден қайтып, жаназа намазына елу мың адам қатысқан. Хизран қабірстанында жерленген.
Имам Ағзам Әбу Ханифа р.л.ғ. қайтыс болғанында Ибн Жәриж қайғыға салынып: «Қандай білім кетті!», деп жылаған.

 

Абдуллах ибн Дуад: «Намаздарында Әбу Ханифа үшін Алла Тағалаға дұға ету ислам жолындағылардың міндеті», деген.

Таңбалар: имам АғзамисламҚұрантөрт мазһабфиқһ
Бөлісу46Твитерге29Бөлісу8Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Исламда денсаулық жайлы не айтылған?
Сұрақ-жауап

Исламда денсаулық жайлы не айтылған?

22.05.2025
Қазақ неліктен «Шыбын жан» деп айтады?
Сұрақ-жауап

Исламда «жан» туралы не айтылған?

21.05.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Имам Әл-Матуридидің ақидасы: мәні мен маңызы

Пікір 1

  1. Zamanbek жазған:
    5 жыл бұрын

    Ассалаумагалейкум сурагым бар еди Абу Ханифа мазхабы ушке болинедима ?

    Жауап беру

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Көп қаралғаны

  • Қыздар медресесіне неше жастан қабылдайды?

    Қыздар медресесіне неше жастан қабылдайды?

    39 бөлісті
    Бөлісу 16 Твитерге 10

Соңғы жарияланымдар

Ислам НАЗАРАЛИЕВ: Орталық Азия – тұтас құрлықтың жүрегі
Сұрақ-жауап

Ислам НАЗАРАЛИЕВ: Орталық Азия – тұтас құрлықтың жүрегі

21.06.2025
Қазақ халқы қандай ырым-тыйымға сенген?
Сұхбат

Қазақ халқы қандай ырым-тыйымға сенген?

21.06.2025
Ислам

Зікір және оның пайдасы

21.06.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2024 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2024 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00