Сейсенбі, 26 Қыркүйек, 2023
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Хадис фақиһ ғалымнан басқаны адастырады

01.02.2022
- Ислам, Қоғам
0
622
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Еңбектеп жүрген жөргектегі нәрестенің қызыл шоққа қол созуы ақымақтық емес. Алайда, шариғат бойынша былай болады деп фиқһтан хабарсыз жастардың «пәтуа» айтуы ақымақтық.

«Неге дінге мұншама немқұрайлы қарайсың?» – десең, «Мен пайғамбардың сөзіне сүйеніп айтып жатырмын. Хадисте: «Төреші үкім шығаруда ижтихад етіп, дұрыс үкім етсе, оған екі сауап. Ал, үкім етіп ижтихад жасағанда қателессе, бір сауап[1]», – деген» деп, өз әрекетін ақтап алуға әрекет етеді.

Алайда, бұл хадис барлық мұсылмандарға қатысты емес. Аталмыш риуаят белгілі топқа, дәлірек айтқанда, ижтихад ету құқығына ие ғалымдарға тиесілі. Мағалим сунән кітабында: «Бұл ижтихад құралдарын бойына жинаған, шариғат (фиқһ) негіздерін жетік білетін мұжтахид ғалымдарға қатысты. Ал, ижтихад ету құқығына ие емес адамға бұл хадистің үкімі жүрмейді. Мұндай адам үкім шығарып қателессе, кешірім жоқ. Тіпті, оның күнәсі ауыр боп келеді», – деп түсіндіреді.

Жоғарыдағы хадиске қатысты имам Науаи: «Ғалымдар бірауыздан бұл хадис ғалым һәм үкім шығару құқығына ие тұлғаға қатысты деген. Міне, осындай ғалым үкім шығаруда дәл дұрысын тапса екі сауапқа ие. Бір сауабы ижтихад еткендігі үшін, бір сауабы дұрыс жауабын тапқандығы үшін. Ал, қателессе ижтихад еткені үшін бір сауап беріледі.

Ал енді, ижтихад етуге құқығы жоқ адам үкім шығаруға рұқсат етілмейді. Оның үкім ету әрекетіне сауап жоқ, керісінше күнә болады. Үкімі шариғатқа сүйенген емес, сәйкестікпен дұрыс шығуы мүмкін. Айтқан сөзі шариғатқа сай келсе де, келмесе де күнәһар болады[2]», – деп жазады.  

Жастар арасындағы ортақ діни проблема – хадис және хадис талдауы кітаптарын оқумен шариғатты түсінемін деген жансақ ой. Тіпті, кейбірі шағын хадис мәтіндеріне сүйене отырып «ижтихад» етеді. Әрине, мұның екеуі де қателік. Себебі, хадис кітаптарында таңдаулы кейбір мәселелерге ғана фиқһ тұрғысынан түсінік беріледі. Ал, фиқһ кітаптарында әліптен бастап соңына дейін егжей-тегжейлі шариғат мәселелері қамтылады.

Екіншіден, әдетте хадис кітаптарында фиқһи мәселенің шарттары, талаптары және нәзік мәселелері қозғалмайды. Өйткені, хадис кітаптары фиқһқа арналған еңбек емес.

Үшіншіден, хадис мәтіндеріне жазылған түсіндірме еңбектерінің авторлары түсіндірген азын-аулақ шариғи мәселені тек өз мазхабының аясында жазады. Ең соңғысы, хадис түсіндірмелерін (шархын) оқитындар қажетті деңгейде фиқһи сауат алмайды.

Хадисші имам Хаттаби Әбу Дәудтің Сунән кітабына жазған түсіндірме еңбегі «Мағалим сунәнда»: «Біздің заманымызда білім иелері екі топқа бөлініп кетті: хадис мамандары және фиқһ ғалымдары. Бұл екі топ та бір-бірінен дербес әрекет ете алмайды. Әрқайсысы серігіне мұқтаж. Өйткені, хадис ғимараттың іргетасы, ал фиқһ қабырғасы сияқты. Іргетасы қаланбаған қабырға ұзаққа бармайтындығы мәлім. Ал, қабырғасы жоқ іргетас та мүжіліп кетеді» деп жазады.

Демек, фиқһ – хадистің жемісі. Хатиб Бағдадидің «Фақиһ уа мутафаққиһ» кітабында мынадай оқиға бар: «Ибн Мағин, Әбу Хайсама және Халаф бин Сәлим бір топ кісі болып өзара хадис дәрісін жүргізіп жатқан еді. Бір әйел келіп: «Етеккірі келген әйелдің мәйітті жууына бола ма?» – деп сұрады. Әйел мәйіт жуады екен.

Қажылар туралы хикаялар – 10

26.09.2023

Домбырасыз қазақ жетім

26.09.2023

Бұл сұраққа ешқайсысы жауап бермеді. Осы кезде Әбу Саур келе жатқан. Мәжілістегілер сол кісіден сұра десті. Ғұлама: «Иә, етеккірі келген әйел мәйітті жуа алады. Бұған Айша анамызға Пайғамбарымыздың айтқан: «Етеккір сенің қолыңда емес», – деген риуаяты негіз. Сонымен қатар, Айша анамыздың: «Етеккір кезімде Алла елшісіннің шашын сумен жуатынмын», – деп айтқан хадисі дәлел. Демек, тірі адамның басын жууға рұқсат болса, мәйітті жуындыруға әбден болады», – деп түйіндейді.

Мұны естіген хадис мәжілісіндегілер: «Иә, бұл хадис пәленшеден жеткен, оның тағы мынадай жолмен келгені бар», – деп жарыса айтып жатты. Бұған әйел: «Білсеңдер, бағанадан бері қайда едіңдер?» – деген еді[3].

Ханафи ғалымы Хусейн бин Әли Саймари Ағмаш пен Әбу Ханифа оқиғасын риуаят етеді. «Ағмаштың үйінде отырған едік. Бірқатар мәселе сұралды. «Бұл жөнінде не айтасың?» – деп сұрады Әбу Ханифадан. Ол Ағмашқа былай болады, былай болады деп жауабын тарқатып жеткізді. Ағмаш: «Мұны неге сүйеніп айтып отырсың?» – дегенде Әбу Ханифа: «Сен бізге Әбу Солихтан, ол Әбу Һурайрадан, ол Пайғамбарымыздан риуаят етті дедің», – деп бірнеше хадистерді тізбектеп берді. Ағмаш: «Жүз күн айтқан хадистерімді бір отырыста айтып бердің. Сен бұл хадистерді қолданады деп ойламаппын. Уа, фиқһ ғалымдары! Сендер дәрігерсіңдер, ал біз дәрі жасаушымыз. Ал, сен Әбу Ханифа екі ілімнен де (хадис және фиқһтан) сыбағаңды алған екенсің», – деген екен[4].

Бишр бин Уалид Кинди әңгімелейді: «Біз хадисші Ибн Уйайна құзырына барып тұратынбыз. Күрделі мәселе туындай қалса ол: «Әбу Ханифаның серіктері бар ма?» – деп мәселеге жауап беруін өтінетін. Сосын: «Фақиһ ғалымдарға тапсыру – діннің амандығы[5]», – деуші еді.

Яхия бин Мағиннен: «Адам жүз мың хадис білсе, пәтуа айтуына бола ма?» – деп сұралғанда: «Жоқ», – деп бір ауыз сөзбен жауап береді.

– Екі жүз мың хадис білсе ше?

– Жоқ.

– Үш жүз мың хадиспен ше?

– Жоқ.

– Бес жүз мың хадис білсе ше?

– Үміт етемін, – деген екен.

Яхия бин Мағин – имам Ахмед, Бұхари және Муслимнің ұстазы. Бұл деректі жазған Хатиб: «Пәтуа орындығына отырған ғалым Яхия бин Мағин айтқан кітаптарды меңгеріп, бірақ сол риуаяттардан үкім шығара алмаса, талдап, зерделей алмаса, пәтуа бере алмайды. Себебі, білім – риуаятты көптеп жаттау емес, оны түсініп, мәнін ұғу[6]», – деп түйіндеген екен.

Ал, Абдулла бин Уәһб: «Хадис фақиһ ғалымнан басқаны адастырады[7]», – деп хадистің қыр-сырын түсіну және одан фиқһ үкімін шығару үлкен білімді талап ететіндігін түсіндіруде.

Руслан ҚАМБАР

[1] Бұхари, 7352

[2] Науауи, Шарх Муслим, 12/13

[3] Фақиһ уа Мұтафаққиһ, 2-том, 88-бет

[4] Манғ мин иттибағ ғойра мазахмб арбаға, 34-бет, Мұхаммед Хамид

[5] Жаухарат Мудия 1/166

[6] Жамиғ кітабында 2/174:

[7] Мадарик кітабы, 1/96,

Тегтер: басты тақырыпҚұранруслан қамбарфиқһхадисшариғат
Бөлісу15Твитерге9Бөлісу2Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Ислам

Домбырасыз қазақ жетім

26.09.2023
Саудияға барған еуропалық футболшылар исламды қабылдауда
Жаңалықтар

Саудияға барған еуропалық футболшылар исламды қабылдауда

22.09.2023
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Сыртта қалған нан қиқымы

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Көп қаралғаны

  • Індеттен қайтыс болған адамның мәйітін жерлеу туралы пәтуа

    1543 рет бөліскен
    Бөлісу 617 Твитерге 386
  • «Хикмет» cөзінің мағынасы қандай?

    824 рет бөліскен
    Бөлісу 330 Твитерге 206
  • Дұрыс дұға жасау әдебі

    4977 рет бөліскен
    Бөлісу 1989 Твитерге 1243
  • Исламның 5 парызы – Ибраһимнің (а.с.) 5 қазынасы

    7523 рет бөліскен
    Бөлісу 3009 Твитерге 1881
  • Духа намазы қалай оқылады?

    2174 рет бөліскен
    Бөлісу 869 Твитерге 543

Соңғы жарияланымдар

Не үшін Құдай жолында малдың жақсысын беру қажет?

26.09.2023
0

Толығырақ оқу

Шымкент: Діни сауат ашу үшін «Имандылық үйірмесі» ашылды

26.09.2023
0
Шымкент: Діни сауат ашу үшін  «Имандылық үйірмесі» ашылды

Толығырақ оқу

Қажылар туралы хикаялар – 10

26.09.2023
0

Толығырақ оқу
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

 

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2022 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Бастапқы бет
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Сауалнама
    • Кітапхана
  • Жоба туралы
  • ҚАЗ
    • ҚАЗ
    • РУС

© 2022 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіге кіріңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы аты немесе электрондық пошта мекенжайын енгізіңіз.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00