Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің алқа отырысында Дін істері комитетінің төрағасы Ержан Нүкежанов сөз сөйлеп, 2020 жылғы дін саласындағы жұмыс нәтижелері және ағымдағы жылы ведомствоның алдына қойылған міндеттері туралы хабарлады.

Е. Нүкежанов Комитет қызметінің стратегиялық бағыттары, ең алдымен, ел дамуының зайырлылық қағидаттарын нығайту, үйлесімді конфессияаралық қатынастарды қамтамасыз ету және халық арасында діни экстремизм идеологиясының таралуына қарсы іс-қимыл болып табылатынын атап өтті.

Бұл бағыттар 2020 жылдың соңында қабылданған дін саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырудың 2021-2023 жылдарға арналған кешенді жоспарында көрсетілген. Оның шеңберінде елдегі діни ахуалдың тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстар жүргізілетін болады.

Сонымен қатар, 2020 жылы діни қызмет саласындағы 7 мемлекеттік қызметтің 6-ы электрондық форматқа ауыстырылды. Енді оларды egov.kz порталында алуға болады. 2021 жылы осы саладағы барлық мемлекеттік қызметтерді 100% автоматтандыруды қамтамасыз ету жоспарлануда.

ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ:  Жарға жыққан жарнама

Сондай-ақ, Комитет төрағасы Дін мәселелері бойынша 229 ақпараттық-түсіндіру тобының қызметі, деструктивті діни ағымдар қатарындағы 3 мыңнан астам адамның қазақстандық қоғамның дәстүрлі құндылықтарына қайта оралғаны, террористік белсенділік аймағынан елімізге оралған әйелдердің 90%-ы оңалтудан өткені туралы хабардар етті.

Сонымен қатар, Е. Нүкежановтың айтуынша, діни радикалды идеологияның интернет арқылы таралуына қарсы тұруға ерекше көңіл бөлінеді. 2020 жылы әлеуметтік желілерде деструктивті діни ағымдар идеологиясын насихаттайтын радикалды топтарда тіркелген қазақстандықтардың саны 2019 жылмен салыстарған 44% азайып, 21 мыңнан астам радикалды материалдар жойылған және бұғатталған.

Бұдан басқа, Е. Нүкежанов өз сөзінде жемісті мемлекеттік-конфессиялық ынтымақтастық туралы айтып, пандемия және карантин режимі кезеңінде мемлекетке көрсеткен қолдауы үшін Қазақстанның діни бірлестіктерінің өкілдеріне алғыс білдірді.

Пікір жазу