Бейсенбі, 21 Мамыр, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Елордада “Таусылмас тағзым” атты театрландырылған концерт өтті

06.05.2026
- Жаңалықтар, Таңдаулы
0
74
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

6 мамыр күні Астана қаласында Жеңістің 81 жылдығы мен Отан қорғаушы күніне арналған «Таусылмас тағзым» атты театрландырылған концерт өтті. Тағылымы мол мәдени іс-шараны Сарыарқа ауданы бойынша Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы аудан әкімдігі мен ардагерлер кеңесінің қолдауымен ұйымдастырды.

Мерекелік кештің басты ерекшелігі – «Соғыс көлеңкесі» атты театрландырылған композиция болды. Қойылымды орталықтың өнерпаз зейнеткерлері хореограф Әлия Абылкасымованың жетекшілігімен сахналады. Сахналық көріністе соғыс жылдарының ауыртпалығы, майдандағы ерлік пен тылдағы еңбек, аналардың сағынышы мен сарбаздардың қайсар рухы көркем бейнеленді. Бұл қойылым көрерменді өткен тарихқа жетелеп, бейбіт күннің қадірін терең сезінуге мүмкіндік берді.

«Бүгінгі театрландырылған көрініске 45 зейнеткер қатысты. Өнерпаздар би қимылдары арқылы соғыс жылдарындағы ауыртпалықты, қазақ ауылдарының тұрмысын, тыл еңбеккерлерінің еңбегін, қаралы хабардың жетуін және Жеңістің қуанышын жеткізуге тырысты. «Соғыс көлеңкесі» композициясын би үйірмесінің жетекшісі Әлия Талғатқызы бір айға жуық уақыт дайындады. Жалпы Сарыарқа ауданының өнерлі ата-әжелері мерекелік концертке 20-ға жуық музыкалық номер әзірледі», – деді орталықтың мәдени ұйымдастырушысы Айару Бақытова.

Батырлық пен ерлікке арналған кеште Сарыарқа ауданы бойынша әлеуметтік қызмет көрсету бөлімінің басшысы Кенжеболат Бапишев, тыл еңбеккерлері, ауған соғысының ардагерлері мен ардагерлер кеңесінің өкілдері жүрекжарды лебіздерін білдірді.

Бір хадистен – жеті хикмет

20.05.2026
Сарапшылар кеңесінің кезекті мәжілісі өтті

Сарапшылар кеңесінің кезекті мәжілісі өтті

20.05.2026

Кеш барысында майдан даласында шырқалған әндер орындалып, батырларға тағзым жасалды. Атап айтқанда, «Бейбіт күннің тілегі», «Идет солдат по городу», «Смуглянка», «Жди меня», «Журавли», «Синий платочек» сынды туындылар көрерменге ұсынылды. Бұл әндер арқылы сол бір сұрапыл жылдардың рухы қайта жаңғырып, ерлікке деген құрмет арта түсті.

Сонымен қатар, мерекелік бағдарлама аясында «Әгугай» этно-фольклорлық ансамблі, «Шабыт», «Әдемі дәуір», «Гауһартас» би ұжымдары және өзге де өнерпаздар өнер көрсетті. Әрбір шығармашылық номер кештің мазмұнын байытып, көрерменге көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

«Мұндай іс-шаралардың басты мақсаты – Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің ерлігін ұлықтау, кейінгі ұрпаққа патриоттық тәрбие беру және бейбіт өмірдің қадірін насихаттау. Мамыр мерекелеріне арналған мәдени, патриоттық іс-шаралар Белсенді ұзақ өмір сүру орталықтарының барлық филиалдарында ұйымдастырылады. Ескерткіштерге гүл жоқтарын қою, қайырымдылық себептерін сыйлау, ерлік сабақтарын өткізу, мерекелік концерттер сияқты 20-ға жуық шара өтеді» -деп сөзін түйіндеді әлеуметтік қызметтерді ақпараттық ілгерілету бөлімінің басшысы Меруерт Нұрғалиева.

Концерттік бағдарламаны қала тұрғындары, тыл және ауған соғысының ардагерлері, зейнеткерлер тамашалады.

«Таусылмас тағзым» концерті – аға буынның өнегелі өмірі мен ел тарихына деген құрметінің жарқын көрінісі болды.

Таңбалар: 9 мамырЕкінші дүниежүзілік соғысЖеңіс күні
Бөлісу2Твитерге1БөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Астанада майдангерлер ерлігіне арналған кітап көрмесі өтті
Жаңалықтар

Астанада майдангерлер ерлігіне арналған кітап көрмесі өтті

09.05.2026
Президент: Аға буынның өшпес даңқын ешқашан ұмытпаймыз!
Жаңалықтар

Президент: Аға буынның өшпес даңқын ешқашан ұмытпаймыз!

09.05.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Әбу Ханифаның хадистегі орны

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Танымал тақырыптар

  • Құрбан айт – құтты мереке

    Айт намазының кестесі (барлық қала бойынша)

    1.8k
  • Құрбан айт қашан басталады?

    1.4k
  • 27 мамыр – Құрбан айттың бірінші күні

    575
  • Өте маңызды өсиет

    275
  • VIP қажылық ысырап емес пе?

    151

Соңғы жарияланымдар

Ислам

Бір хадистен – жеті хикмет

20.05.2026
Сарапшылар кеңесінің кезекті мәжілісі өтті
Жаңалықтар

Сарапшылар кеңесінің кезекті мәжілісі өтті

20.05.2026
Хизбут-Тахрир қандай ұйым?
Ағымдар ақиқаты

“Хизб-ут Тахрир” ұйымының қателіктері

20.05.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00