Жұма, 8 Мамыр, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Отанды сүю – иманнан

08.05.2026
- Ислам
0
0
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Отан – адам баласының өсіп-өнген, тыныс алып, тіршілік еткен қасиетті мекені. Онда адамның балалық шағы, естелігі, қуанышы мен қайғысы тоғысады. Сол себепті әрбір адамның жүрегінде туған жерге деген сүйіспеншілік табиғи түрде орныққан сезім болып табылады. Ислам діні де бұл табиғи сезімді жоққа шығармайды. Керісінше, оны дұрыс арнаға бағыттап, Отанды сүюді иманмен, жауапкершілікпен және игі амалдармен ұштастыруды үйретеді. Өйткені Отанның амандығы – адамның өз амандығы, қоғамның тыныштығы – діннің де тыныштығы. Сондықтан Отанды қорғау, оның бірлігін сақтау және оған адал қызмет ету мұсылманның адамгершілік әрі діни міндеттерінің бірі ретінде қарастырылады.

Ислам діні өзінің тәрбиелік жүйесінде Отанға деген сүйіспеншілікті нығайтуға және тереңдетуге ерекше мән берген. Осы тұрғыда: «Отанды сүю – иманнан» деген нақыл сөз де айтылған. Сондықтан да бұл сүйіспеншіліктің Алла Елшісінің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) жүрегінде орнығуы таңғаларлық емес. Ол өз Отанының тұрғындарынан қаншама қиындықтар мен қауіп-қатер көрсе де, Отанға деген махаббаты сөнбеді. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Меккеден Мәдинаға қоныс аударып бара жатқанда, Меккенің шекарасынан шығар сәтте оған қарап былай дегені риуаят етіледі:

مَا أَطْيَبَكَ وَأَحَبَّكَ إِلَيَّ وَلَوْلاَ أَنَّ قَوْمَكَ أَخْرَجُونِي مِنْكَ مَا سَكَنْتُ غَيْرَكَ

«Сен мен үшін сондай көркем және сүйіктісің! Егер халқың мені сенен қуып шығармағанда, сенен басқа жерде тұрмас едім», – деген (имам Табарани). Бұл – өз халқынан көрген ауырлықтарға, тіпті оны өлтіруге дейін барған әрекеттеріне қарамастан туған жерге деген сүйіспеншіліктен айтылған сөз.

Әбу Ханифаның хадистегі орны

06.05.2026

Өте маңызды өсиет

04.05.2026

Сондай-ақ, Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Мәдинаға бара жатқан жолында Жухфа жеріне жеткенде, Меккеге деген сағынышы қатты артқаны айтылады. Сол кезде Алла Тағала оны жұбату үшін мынадай Құран аятын түсіреді:

إِنَّ الَّذِي فَرَضَ عَلَيْكَ الْقُرْآنَ لَرَادُّكَ إِلَىٰ مَعَادٍ ۚ

«(Уа, Мұхаммед!) Саған Құранды парыз қылған Алла сені қайтар жеріңе (яғни, кезінде тәрк етуге мәжбүр болған қасиетті Меккеге) сөзсіз, (айқын жеңіспен) қайтарады», – деген («Қасас» сүресі, 85-аят).

Бірінші: Отанды сүю – бос ұран емес

Ислам түсінігінде Отанды сүю – бос ұран емес, керісінше жүректегі құлшылық, көркем мінез-құлық және шариғи міндет. Алла Тағала былай дейді:

وَلَوْ أَنَّا كَتَبْنَا عَلَيْهِمْ أَنِ اقْتُلُوا أَنفُسَكُمْ أَوِ اخْرُجُوا مِن دِيَارِكُم مَّا فَعَلُوهُ إِلَّا قَلِيلٌ مِّنْهُمْ

«Егер оларға: Алла жолында бастарыңды өлімге тігіңдер немесе атамекендеріңді тастап шығыңдар», – деп бұйыратын болсақ, олардың арасынан ат төбеліндей аз ғана адамнан басқасы мұны орындамас еді», – деген («Ниса» сүресі, 66-аят).

Бұл аятта Отаннан шығудың адамға түсетін ең ауыр сынақтардың бірі екенін дәлелдейді. Ол – жанның тәннен ажырауынан да ауыр. Бұл – мүміннің жүрегінде Отанның орны қаншалықты ұлы екенін көрсетеді. Пайғамбар (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өз Отаны Меккеге деген терең сүйіспеншілігін тек туған жері болғаны үшін ғана емес, сонымен қатар ол уахи мекені және қауіпсіздік орны болғаны үшін де білдірген. Ол сахих хадисте былай деген:

اللهُمَّ حَبِّبْ إلينا المَدينةَ كَحُبِّنا مَكَّةَ أو أشَدَّ

«Уа, Алла! Бізге Мәдинаны Меккені сүйгеніміздей немесе одан да қатты сүйікті ет!» – деп, дұға жасаған (имам Бұхари).

Отанды сүю, оған байланып қалу және оны сағыну – адам жанының табиғи болмысы. Бұл – жүректің тереңінен шығатын, адамның туған жеріне деген іштей тартылысын білдіретін асыл сезім. Ислам діні бұл сезімді жоққа шығармайды, керісінше оны дұрыс арнаға бағыттап, Алла Тағаланың разылығына қызмет ететін игі амалға айналдырады.

Кезінде Отан үшін от кешкен Бердіқожа батыр жат жерінде өлім аузында жатқанда жолдасын шақырып алып: «Менің денемді елге апару мүмкін болмайтын шығар, сондықтан ең болмағанда бір бармағымды кесіп алып, соны жерлеңдер. Жерлеген тұсқа там соғып, «Бердіқожа тамы» деп атаңдар», – деп аманат айтып кеткен екен. Қазақ жерін қорғауда өшпес ерлік көрсеткен батырдың сөзін жерге тастамаған серігі Дағанделі өзенінің жағасына там тұрғызыпты.

Осы тұрғыда тақуа ғалым Ибраһим ибн Әдһам (Алла оны рақымына алсын) былай деген: «Дүниеде бас тартқан нәрселерімнің ішінде маған Отаннан ажыраудан ауыр келген ештеңе болмады». Бұл сөз – тіпті дүние қызығынан безген адамның өзі туған жерге деген сағыныштың қаншалықты терең екенінің айқын көрінісі.

Ал Динауари «Әл-Мужәләсә» еңбегінде Асмағидің мына бір сөзін келтіреді: «Бір бәдәуидің былай дегенін естідім: «Егер адамның азаматтығын танығың келсе, оның Отанына деген сағынышына, бауырларына деген іңкәрлігіне және өткен күндерін қимай жылағанына қара».

Қисса  

Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) және оның сахабалары Мәдинаға һижрет еткен кезде, Әбу Бәкір Сыддық пен Біләл (Алла оларға разы болсын) қызба ауруына шалдықты. Сол сәтте олардың әрқайсысы жүрегіндегі берік иманға және өмірдің соңғы ақиқатына деген терең пайымына сүйеніп, тағдыр мен ақырет жайлы жүрек толқытар ойға шомды.

Әбу Бәкір (Алла оған разы болсын) ауыруы асқан сәтінде, өзін сабырға шақырып, былай деді: «Әрбір адам өз отбасында таңды қарсы алады». Яғни, әрбір адамға таңертең амандасып, «Алла таңын қайырлы етсін, күнің берекелі болсын», – деген жылы тілектер айтылады. Адам баласы осылайша өз жақындарының арасында қуанышпен, амандықпен қарсы алынады. Сосын ол терең ақиқатты еске салып былай деді: «Ал өлім оның аяқ киімінің бауынан да жақын». Яғни, өлім адамға ең жақын нәрседен де жақын. Ол аяқ киімнің бауындай ғана қашықтықта емес, одан да жақын. Өлім адамды кез келген сәтте, күтпеген уақытта басып қалуы мүмкін, тіпті адам таңды тірі қарсы алып, кешке жетпей-ақ бұл дүниеден өтіп кетуі ықтимал. Әбу Бәкір бұл сөз арқылы ол өлімнің әрбір адамға – мейлі ол ауру болсын, мейлі сау болсын өте жақын екенін, сондықтан адам әр сәтін ақыретке дайындықпен өткізуі керектігін еске салды.

Ал Біләл (Алла оған разы болсын) болса, қызбасы басылып, оның қызуы бәсеңдеген кезде, ол даусын көтеріп, өзінің Меккеге деген сағынышын білдіріп: «Шіркін бір түн Мекке аңғарында өткізіп, Меккеге деген сағынышын Мажанна сулары арқылы басып, көзін Меккеде өсетін иісі жағымды шөптер – изхир мен жалилді көру арқылы рақаттандыруын, сондай-ақ Шама мен Тафиль тауларын көруді нәсіп етсе екен», – деп тіледі.

Өйткені бұлар үшін өздерінің туып өскен мекені ыстық болды, олар оны сағынды, тіпті тау-тасы мен табиғатына дейін жақсы көрді.

Екінші: Отан тыныш болса, руханият дамиды

Расында Отан тек географиялық ұғым ғана емес, ол – болмыстың өзегі, құндылықтардың қайнар көзі, құлшылық пен бойұсынудың ортасы және ұлт үшін тыныштықтың мекені.

Ислам ғұламалары адамдарға Отанды сүюді шариғат негіздерінің бірі ретінде үйреткен. Өйткені ол діннің негізгі мақсаттары жанды, малды, ар-намысты, дінді және ақылды сақтаумен үйлеседі. Алайда өкінішке қарай, көптеген адастырушылар, жастардың санасын өздеріне тартқысы келгенде, Отан ұғымын бұрмалаудан бастады. Қасиетті Құранда да Отанның орны ерекше екені көптеген аяттарда көрініс тапқан. Тіпті адамның өз Отанынан қуылуы Алла жолында күресіп, жанын пида етуіне себеп болатыны айтылған:

قَالُواْ وَمَا لَنَآ أَلَّا نُقَٰتِلَ فِي سَبِيلِ ٱللَّهِ وَقَدۡ أُخۡرِجۡنَا مِن دِيَٰرِنَا وَأَبۡنَآئِنَاۖ

«Олар: «Біз атамекенімізден қуылып, бала-шағамыздан айырылдық, ендеше, Алла жолында соғыспай бізге не көрініпті?!» – деп айтты», – деген.

Халық нақылында: «Ұлтарақтай болса да, ата қонысы жер қымбат. Ат төбеліндей болса да, туып өскен ел қымбат», «Бақыр қазан қайнаса бәріміздің бағымыз, туған жердің әр тасы біздің алтын тағымыз», «Отан қадіріне жетпеген өз қадіріне жетпейді», – деген даналық сөздер өте көп.

Исламда бес нәрсені қызғыштай қорғау міндеттеледі: Отаныңды, дініңді, ар-ұятыңды, жаныңды және дүниеңді. Осы құндылықтарды қорғау жолында өмірден өткендер шейіт саналады. Ал шейіттердің өлмейтіндігі, ақыретте есепсіз Жәннатқа баратындығы баяндалған. Алла Тағала қасиетті Құранда «Бақара» сүресі, 154-ші аятында:

وَلَا تَقُولُواْ لِمَن يُقْتَلُ فِى سَبِيلِ ٱللَّهِ أَمْوَٰتٌ ۚ بَلْ أَحْيَآءٌ وَلَٰكِن لَّا تَشْعُرُونَ

«Алла жолында мерт болған шейіттерді өлдіге санамаңдар. Олар тірі, (Алла біледі) сендер білмейсіңдер», – деп айтқан.

Алла Тағала қасиетті Құранның «Әнфәл» сүресі, 60-шы аятында:

وَأَعِدُّوا لَهُم مَّا اسْتَطَعْتُم مِّن قُوَّةٍ

«Оларға (дұшпанға қарсы) шамаларың келгенше күш-қуат әзірлеңдер…», – деп айтқан.

Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Алла жолында (Отанды қорғап) бір күн күзетте болу – дүниеден және ондағы барлық нәрселерден қайырлы», – деген (имам Бұхари).

Тағы бір хадисінде:

كلُّ المَيِّتِ يُخْتَمُ عَلَى عَمَلِهِ إِلَّا الْمُرَابِطَ ، فَإِنَّهُ يُنَمَّى لَهُ عَمَلُهُ إِلَى يَومِ الْقِيَامَةِ ، وَيُؤَمَّنُ مِنْ فِتْنَةِ القبرِ

«Әрбір адам қайтыс болғанда оның амалына мөр басылып, тоқталады. Тек Алла жолында шекара күзетінде болған адам ғана бұдан тыс. Өйткені оның амалы Қиямет күніне дейін көбейіп, артып отырады әрі ол қабір фитнасынан (сынағынан) аман болады», – деген (имам Әбу Дауід).

Имам Құртуби бұл хадис жайлы: «Алла жолында шекара күзетінде болудың  сауабы болса, қиямет күніне дейін еселеніп, көбейіп отырады. Себебі оның «өсуі» дегеннің мәні – тек көбейе беру. Бұл көбейю белгілі бір себепке тәуелді емес, сондықтан себеп тоқтаса да ол тоқтамайды. Керісінше, ол – қиямет күніне дейін жалғасатын Алла Тағаланың үздіксіз берген ерекше нығметі. Өйткені барлық ізгі амалдар толық жүзеге асуы үшін міндетті түрде дұшпаннан аман болу, сақтану және дінді қорғау қажет. Бұл Исламның негізін, діннің тұтастығын күзету арқылы іске асады. Ал шекара күзетінде болу – осы ұлы мақсатты орындайтын іс. Сондықтан бұл шекара күзетінде болған адамның сауабы үзілмей жалғасады. Өйткені ол тірі кезінде жасаған барлық ізгі амалдарының берекесі ретінде оған қияметке дейін жақсылық сауап жазылып отырады. Бұл – оның амалдарының үздіксіз ағатын өзен секілді жалғасуы әрі Алланың оған берген мәңгілік игілігі».

Тағы бір хадисінде:

عَيْنَانِ لاَ تَمَسُّهُمَا النَّارُ، عَيْنٌ بَكَتْ مِنْ خَشِيَةِ اللهِ، وَعَيْنٌ بَاتَتْ تَحْرُسُ فيِ سَبيِلِ اللهِ

«Екі көзді тозақ оты шарпымайды: Алладан қорқып жылаған және Алла жолында елін күзеткен көз», – деп айтқан (имам Термизи). Яғни, тозақ оты ешқашан тимейтін, азаптан аман болатын екі көздің иелері бар. Мұнда «көз» деп айтылуы бекер емес, өйткені адамның ішкі сезімі мен сыртқы амалы көбіне көз арқылы көрініс табады. Бірақ бұл жерде мақсат көздің қадірін емес, сол көз арқылы жасалатын игі амалды көрсету.

Біріншісі – Алладан қорқып жылаған көз. Бұл – жүрегі жұмсарып, Раббысының алдында өз әлсіздігін сезінген, күнәсіна өкініп тәубе еткен сәтте көз жасын төккен адам. Бұл көз жасы – қорқыныш пен үміттің, махаббат пен иманның белгісі. Мұндай көз жасын төккен жүрек иесі Алланың мейіріміне бөленеді.

Екіншісі – Алла жолында күзетте тұрған көз. Бұл – ұйқыны тәрк етіп, халықтың амандығы үшін, діннің қорғаны үшін, ел мен жердің тыныштығы үшін сергек тұрған адам. Ол өз міндетін дүниелік мақсатпен емес, тек Алла разылығы үшін атқарады. Пайғамбарымыз (оған Алланың ссалауаты мен сәлемі болсын) осылайша бізге екі ұлы жолды көрсетеді: жүректі тазартатын көз жасы және үмметті қорғайтын сергек көз. Бірі – ішкі иманның белгісі болса, екіншісі – сыртқы жауапкершіліктің көрінісі.

Ғалымдарымыз: «Ислам шариғаты әрбір мұсылманға Отанын кез келген қауіптен қорғауға міндеттейді. Кімде-кім бұл міндетті орындаудан жалтарса, дініне және Отанына қиянат жасаған болып саналады», – деген (Мысыр пәтуа комитетінің пәтуалар жинағы, 6/62).

Құрметті жамағат!

Отан – әрбір адам баласының сүйікті мекені. Сондықтан Отанды қорғау, жанашырлықпен қарау, көркейтіп үлес қосу, адал қызмет ету, ел-жұртын сыйлау, сонымен қатар тілін, дінін, салт-дәстүрін, мемлекеттік рәміздерін құрметтеу – әрбір азаматтың борышы.

Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Ұхыд тауының қасынан өтіп бара жатып:

هَذَا أُحُدٌ وَهُوَ جَبَلٌ يُحِبُّنَا وَ نُحِبُّهُ

«Мынау тұрған Ұхыд тауы. Бұл тау бізді жақсы көреді, біз де оны жақсы көреміз», – деу арқылы біздерге туған жерді, тіпті оның әрбір тауы мен тасын, өзені мен суын жақсы көріп, бағалауға үйреткен.

Сонымен қатар Отанды қорғаудың бірнеше түрі бар. Мысалы,

  • Елдің ішкі бірлігін сақтау, қоғамға пайда әкелу де – ұлы іс.
  • Өз ісінің маманы болу, халыққа сапалы қызмет көрсету. Бұл мемлекеттің іргесін нығайтады.
  • Сауатты ұрпақ – елдің болашақ қорғаны. Дін мен дүние ілімін қатар меңгерген ұрпақ өз Отанының абыройын халықаралық деңгейде асқақтата алады.
  • Отан – ол біздің өзеніміз, көліміз, табиғатымыз бен таза ауамыз. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) ағып жатқан өзеннің жағасында тұрсаң да, суды ысырап етпеуді өсиет еткен. Сонымен қатар Отанымызды қоқыстан, түрлі ластықтан тазарту, бұл да имандылықтың көрінісі. Хадисте айтылғандай жолға бөгет болатын бір тасты не қоқысты алып тастау да – садақа.
  • Отанды жат пиғылды идеялардан, іріткі салушылықтан қорғау да маңызды. «Бөлінгенді бөрі жейді», – деген қанатты сөз, елдің қуаты бірлікте екенін аңғартады.
  • Отан ішінде ынтымақты сақтау – әрбір азаматтың қасиетті борышы.
  • Отан үшін игі-тілекте, дұғада болу. Әрбір тұрғын өз Отаны үшін дұға жасауы тиіс. Алла Тағала қасиетті Құранда Ибраһим (оған Алланың сәлемі болсын) пайғамбардың мынадай дұға жасағанын:

رَبِّ اجْعَلْ هَذَا بَلَدًا آمِنًا

«Уа, Раббым! Бұл елді аман сақтай гөр!» – деп баяндаған («Бақара» сүресі, 126-аят). Сол үшін бабалардан аманат болған сүйікті Отанымыздағы әрбір игі іс сауапқа айналары сөзсіз.

Алла Тағала қасиетті жұма күнгі дұға-тілектерімізді қабыл етіп, елімізге амандық, жұртымызға әрдайым тыныштық бергей!

Қайнар көзі: muftyat.kz
Таңбалар: басты тақырыпҚазақстанОтанды сүю – иманнан
БөлісуТвитергеБөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Бакуде «Мәдениеттер диалогы: Қазақстан – Әзербайжан» көрмесі ашылды
Жаңалықтар

Бакуде «Мәдениеттер диалогы: Қазақстан – Әзербайжан» көрмесі ашылды

08.05.2026
Қ. Тоқаев: Рамазан рухты тазартып, жан-дүниені жаңғыртады
Жаңалықтар

Прездент Отан қорғаушы күнімен құттықтады

07.05.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Ақтөбе: Халал куәліктері табысталды

Ақтөбе: Халал куәліктері табысталды

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Танымал тақырыптар

  • Дарын Мубаровқа 865 мың теңге айыппұл салынды

    Дарын Мубаровқа 865 мың теңге айыппұл салынды

    207
  • Өте маңызды өсиет

    179
  • VIP қажылық ысырап емес пе?

    106
  • Тек ниет жеткіліксіз, амал қажет!

    102
  • БҚО: Байқоныс ауылында жаңа мешіт ашылды

    98

Соңғы жарияланымдар

Шариғат – шаңырақтың тірегі
Видео

Шариғат – шаңырақтың тірегі

08.05.2026
ЖИ пәтуа бере алмайды
Видео

ЖИ пәтуа бере алмайды

08.05.2026
Ақтөбе: Халал куәліктері табысталды
Жаңалықтар

Ақтөбе: Халал куәліктері табысталды

08.05.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00