Сәрсенбі, 27 Қыркүйек, 2023
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Дін – маңызды әлеуметтік институт

15.05.2023
- Мемлекет және дін, Таңдаулы
0
176
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Адамзат өмірінің тарихын дінсіз және діни нанымдарсыз елестету мүмкін емес. Қайбір заман болмасын, адамзат өзінен тыс әлдебір күш бар екеніне сенгені анық. Сондықтан да дін мәдениеттің ажырамас бөлігі ретінде қоғам өмірінде дүниетанымдық, тәрбиелік, біріктірушілік, қарым-қатынастық секілді өзіндік қызметтер атқарып келеді.

Бұл қызметтер негізінен қоғам өмірінің рухани саласына қатысты. Әл-Фараби, Қожа Ахмет Иассауи, Абай, Шәкәрім секілді даналарымыз өз еңбектерінде адамның өз ішкі дүниесін түсінудегі және жоғары адамгершілік-рухани қасиеттерді игерудегі діннің тәрбиелік маңызын ерекше атап өтті.

2022 жылдың 14-15 қыркүйегінде өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда «бірлігіміз – әралуандықта» қағидаты негізгінде 18 конфессияның 4 мыңға жуық діни бірлестігі еркін жұмыс жасап жатқанын баяндады. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы съезде цифрлық технологиялардың әсерімен қоғамның бөлшектеніп, көзқарастар қайшылығы күшейе бастағанын жеткізіп, гуманизм идеалдары мен берік рухани құндылықтарды ілгерілетуге шақырды.

Дәстүрлі құндылықтар – қазіргі зайырлы қоғамдардағы әлеуметтік-саяси қатынастарды реттеуші және ішкі саяси үдерістердегі тұрақтандырушы негізгі факторлардың бірі. Бұл факторға Қазақтстан қоғамы ғана емес, бүкіл әлемдік қоғамдастық, соның ішінде, әсіресе тарихи тағдыры өзімізбен ортақ ТМД елдері баса назар аударуда.

Адамзат қоғамының дамып, күрделенуіне байланысты дін сенімдер де өзіндік эволюциядан өтіп, монотеистік діндер пайда болды. Олардың кейбіреулері өз кезегінде таралу аймағына сәйкес әлемдік діндерге айналды. Сонымен бірге, осы үдеріс негізінде көптеген дәстүрлі емес діндер де пайда болды. Олардың қалыптасу кезеңі негізінен ХХ ғасырдың ортасын қамтиды.

Олардың қызметіне сәйкес қоғамдық діни санада түрлі әлеуметтік қайшылықтар орын ала бастады. Дәстүрлі емес діндердің басты ерекшелігі ретінде белгілі-бір ұлттың өткен тарихымен байланысының болмауын, дәстүрі мен мәдениетіне сіңбегендігін, уағыздаушылардың қызметі арқылы ғана таралуын атауға болады. Яғни, кез келген дәстүрлі емес ағым әлдебір ұлт үшін жаңа құбылыс және сол ұлтттың өз дәстүрі мен мәдениетіне, дәстүрлі сеніміне қайшы келеді.

Екіншіден, дәстүрлі емес ағымдар белгілі-бір қоғамның әлеуметтік, мәдени өміріне, құндылықтарына әлдебір қарсылық ретінде пайда болады. Сондықтан олар сол қоғамдағы әлеуметтік тұрақтылықты бұзуға, ұлтаралық қатынастарды шиеленістіруге тырысады. Дегенмен, дәстүрлі емес ағымдардың пайда болуын тек саяси, әлеуметтік, мәдени мәселелермен ғана түсіндіруге болмайды. Ол көбінесе адамзат өмірінің кейінгі ғасырында көрініс беріп отырған ғаламдық мәселелермен де байланысты. Мысалы, соғыс қаупі, экологиялық, демографиялық мәселелер, енжарлық, психологиялық қысым, мақсатсыздық, жоғары құндылықтар мәнінің жоғалуы, қоғамдық қысым және т.б.

Қазақстандағы дін мен дәстүр сабақтастығы

Қазақтың киіз үйі Словакияның тарихи орталығына тігілді

27.09.2023
Бас мүфти: Сауд Арабиясымен тығыз қарым-қатынастамыз

Бас мүфти: Сауд Арабиясымен тығыз қарым-қатынастамыз

27.09.2023

Осы аталғандарды дәстүрлі емес діндердің пайда болу негіздері ретінде санауға болады. Өйткені, олар өз ілімдерінде адамдарды жарқын болашаққа жететініне, адамның жеке өз басының бақытына сендіруге тырысады. Мұның өзі сол ұйым жетекшісінің шексіз беделінің қалыптасуына әкеліп, фанатизмді тудырады.

Өкінішке орай, кеңестік жүйе жойылғаннан кейін, барлық посткеңестік елдер секілді, еліміз осы ағымдар үшін «діни вакумм» ретінде болды. Демократиялық құндылықтарды, сөз бостандығын, діни сенім бостандығын дұрыс түсінбеу, заңымыздың солқылдақтығы дәстүрлі емес діни ағымдардың елімізде орнығуына қолайлы жағдай тудырды. Тек соңғы уақыттарда ғана еліміз кеткен қателіктердің орнын толтыруға әрекет жасап отыр. Мұндай маңызды іс-шаралар қатарына дін мен діни сенім туралы жаңа заңның жарық көруін, діни бірлестіктер мен діни конфессияларды қайта тіркеуден өткізуді атауға болады. Соның нәтижесінде еліміздегі діни бірлестіктер саны едеуір азайып, он жеті діни конфессия қайта тіркеуден өтті. Дегенмен, тіркеуден өтпеген немесе өтуге тырыспаған дәстүрлі емес діни ағымдар өз жұмысын толығымен тоқтатты деуге әлі де ерте.

Биыл ел Президенті халқымыздың дүниетанымына сай дәстүрлі Исламды дәріптеу аса маңызды екенін мәлімдеп, әкімдіктерге құзырлы органдармен бірлесіп, дін саласындағы жұмысты жандандыруды тапсырды.

«Дін ұстай алсаң – қасиетің, ұстай алмасаң – қасіретің» демекші, дін тек сенім жүйесі емес, ол – өмір сүру мәнері, қарым-қатынас әдебі, моральдық нормалар жиынтығы, жақсы мен жаманды, адал мен арамды ажыратушы рухани қағидалар жүйесі.

Діни экстремизм мен терроризм тек біздің ел үшін ғана емес, бүкіл қоғамдастық өміріне қауіп төндіруде. Сондықтан онымен күрес тек бір елдің аумағында ғана жүргізілмеуі қажет және бұл кешенді іс-шаралардың жүйелігін қажет етеді. Ең алдымен, бұл теріс құбылыстардың көрініс беру формаларын ажырату, олардың шынайы бейнесін ашу қажет. Өйткені қазіргі күні олар дәстүрлі діндердің атын жамылып, көлеңкесін паналауда. Осыған байланысты, олардың негізгі ерекшеліктерін, идеялық ағымын ашатын күрделі зерттеу жұмыстары жүргізілуі қажет.

Екіншіден, олармен күресетін мемлекеттік органдар жұмысын үйлестіру керек, өйткені, көп жағдайда бұл мемлекеттік органдар бір-бірінің жұмыстарын қайталайды.

Болат ӘПЕНОВ,

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда

мемлекеттік университетінің аға

оқытушысы, филос.ғ.к.

 

 

 

Тегтер: басты тақырыпдіндін және мемлекетконфессияаралық келісім
Бөлісу4Твитерге3Бөлісу2Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Сайлау БАТЫРША-ҰЛЫ: Азаттықты кеш жариялауымыздың артында үлкен саясат тұрды
Сұрақ-жауап

Сайлау БАТЫРША-ҰЛЫ: Азаттықты кеш жариялауымыздың артында үлкен саясат тұрды

27.09.2023
Ислам

Домбырасыз қазақ жетім

26.09.2023
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Құрбан айт – құтты мереке

28 маусым – Құрбан айттың бірінші күні

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Көп қаралғаны

  • Індеттен қайтыс болған адамның мәйітін жерлеу туралы пәтуа

    1555 рет бөліскен
    Бөлісу 622 Твитерге 389
  • «Хикмет» cөзінің мағынасы қандай?

    837 рет бөліскен
    Бөлісу 335 Твитерге 209
  • Дұрыс дұға жасау әдебі

    4982 рет бөліскен
    Бөлісу 1991 Твитерге 1244
  • Исламның 5 парызы – Ибраһимнің (а.с.) 5 қазынасы

    7528 рет бөліскен
    Бөлісу 3011 Твитерге 1882
  • Духа намазы қалай оқылады?

    2178 рет бөліскен
    Бөлісу 871 Твитерге 544

Соңғы жарияланымдар

Қазақтың киіз үйі Словакияның тарихи орталығына тігілді

27.09.2023
0
Қазақстандағы дін мен дәстүр сабақтастығы

Толығырақ оқу

30 күн тәтті жемеу оң нәтижеге жеткізеді

27.09.2023
0

Толығырақ оқу

Бас мүфти: Сауд Арабиясымен тығыз қарым-қатынастамыз

27.09.2023
0
Бас мүфти: Сауд Арабиясымен тығыз қарым-қатынастамыз

Толығырақ оқу
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

 

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2022 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Бастапқы бет
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Сауалнама
    • Кітапхана
  • Жоба туралы
  • ҚАЗ
    • ҚАЗ
    • РУС

© 2022 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіге кіріңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы аты немесе электрондық пошта мекенжайын енгізіңіз.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00