Бейсенбі, 9 Ақпан, 2023
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Деструктивті уағызшылардың елдегі дүрбелеңге қатысы бар ма?

20.01.2022
- Ағымдар ақиқаты
0
1.2k
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Егер мәзһабсыз болсақ…

25.01.2023
Әлеуметтік желі адастырмасын…

Әлеуметтік желі адастырмасын…

12.01.2023

Деструктивті деп пиғылы мен ойлау жүйесі теріс, сауаты төмен, түсінігі тарларды айтамыз. Діни тұрғыдан түсініктеме берер болсақ, біздің сан ғасырлық діни ұстанымымыздан, яғни ханафи мазһабы мен матуриди сенімімен үйлеспейтін өзіндік оғаш діни көзқарасы бар кері тартпа жамағат. Бұл теріс пиғылды қой терісін жамылған жамағат көсемдері қазіргі күні көше кезіп табанын тоздырмай-ақ интернет арқылы бүкіл кеңістікке сөздерін жеткізуде.

Елімізде жат ағымның жетегінде жүрген жастарымызбен «Жусан» операциясы арқылы Шам елінен қайтарылған қандастарымыдың ешқайсысын заманында келіп қолынан сүйреп мәжбүрлеп ешкім әкеткен емес. Олар интернет арқылы теріс насихаттарды тыңдап соған сеніп ақырында өз елінен кетті. Бүгінде бұл дінбұзарларды тоқтатар толық заң да, күш те болмай тұр. Тек шара сақтық пен діни сауаттылықта. Олай болса бұл деструктивті уағызшылар ғаламторда елді не нәрсеге шақыруда? Қысқаша тоқталсақ, олар мыналар:

  1. Әуелі сайлауға шақыратын демократияны ұстану күпірлік, өйіткені демократияда билік Алланың емес, халықтың қолында болады, ал ислам шариғатында билік пен басқарушылық тек жалғыз Алланың иелігінде болуы керек деп түсіндіреді.
  2. Сонымен қатар парламенттік жүйе және ол жердегі заң шығарушы адамдардың барлығы күпірлік іспен айналысып жатыр, өйткені заң шығару бұл Алланың заңынан бас тарту болып табылады.
  3. Құқық қорғау саласындағы қызметкерлер, соның ішінде полицей болып жұмыс істегені үшін кәпір болды деп айыптайды, тіптен ол намаз оқып, ораза ұстаса да діннен шықты, себебі Алланың заңынан басқа заңмен жүретін мемлекеттің қызметкері.
  4. Орта Азия президентерінің бәрі діннен адасып күпірлік жолына түсті, себебі олар Алланың үкімдерінен бас тартып мүртад, кәпір болды. сол үшін олардың ешқайсысына бағынып мойынсұнбау керек.
  5. Намаз оқымайтын адамға үйленуге болмайды, онымен жақын қарым-қатынас та жасамау керек, себебі Алланың әмірін орындамаған адамнан ұзақ болу керек.
  6. Қазақстан үкіметі «тағут», оның шығарған заңдары күпірлікке негізделген және бұл ел кәпір мемлекет, себебі күні кешегі орын алған көтеріліс, тонау, ұрлық, тағы өзге қылмыстарды пайдаланып мұсылмандарды өлтірді деп айыптайды.

Қысқаша айтқанда, теріс пиғылды уағызшылар осындай айыптауларын ашық әлеуметтік желі арқылы өз жамағаттарына жаппай жеткізуде және мұндай жалғаншыларды тыңдаушы жамағат та аз емес. Олар жоғарыдағы айтқандарымен өз жақтастарын әуелі сайлау жүйесі, сосын демокртиялық басқару, президент, парламент, полиция, т.б елдің негізі құрылымдарының барлығын жоққа шығарып, ақыр соңында өз елінен жиіркеніп кетуден басқа жол қалдырмайды.

Бұлардың көсемдері мен уағызшылары өздері шет елдерде отырып, елде орын алып жатқан оқиғаны көздерімен көрместен кесіп үкім айтып елді арандатуда. Мұндай жалғаншылардың көксегеніне көбіне діни білімі аз сауаты төмендер көніп, айтқандарына сеніп, соңында жақтасына айналады. Олай болса, жоғарыдағы жат ағымның айтқандарына жауап берсек:

  1. Ислам – күллі жаратылыстың жақсылығын қамтыған аманат діні. Сондықтан да ислам шариғаты аманатты орындауға шақырады. Алла Тағала Құранда: “Алла Тағала сендерге аманатты иесіне орындауларыңа әмір етеді” деп айтады. Қоғамды тыныштықта сақтау – басшылардың аманаты. Ал сол басшының лайықты болуы – бұл әрбір адамның аманаты. Сондықтан адамдардың лайықты басшыны сайлауы шариғат тарапынан жүктелген. Алла Тағала: “ақылдас олармен” [Аль-Имран, 159] деп бірлесіп жасалған амалдың берекелігін көрсетеді. Пайғамбар (с.а.с.) айтады: “Ешкімде иман еткен болып есептелмейді өзіне не тілегенді бауырына тілемейінше” [Бұхари, Муслим]. Алғашқы халифа Әбу Бәкірдің тағайындалуы үлкен сахабалардың сайлауымен болған. Бұл тағайындалу көпшілік ғалымдардың айтуынша демократиялық сайлау. Әбу Бәкірді тағайындау кезінде жиналған үлкен сахабалар халықтың атынан дауыс берген болып есептеледі. Сонымен қоса күніміздегі ислам ғұламалары демократиялық жолмен сайлауда дауыс беру арқылы басшыны тағайындау шариғаттың бұйрығы екенін алдыға тартады. Аль-Азхардың ғұламалар кеңесі 2018 жылы берген фәтуасында демократиялық жолмен сайлауға қатысу шариғаттың құп көрген (мұстахаб) амалынан екенін бекітеді. Ал халықтың демократиялық жолмен дауыс беріп сайлауы – билік халықтың қолына өтеді деген мағына бермейді. Тіптен егер билік халықтың қолында болғанның өзінде ол Алладан билік кетті деген мағынада емес.
  2. Қоғамдағы тұрақтылықты сақтау үшін заңдар шығару бұл Алланың әміріне қарсы шыққанды білдірмейді. Егер заң шығару күпірлікті білдірсе, онда мұсылмандардың әміршісі хәзретті Омар күпір амал жасаған болып есептелінетін еді. Ол Ислам әлемінде бұрын-сонды болмаған “диуан” заңдарын енгізген. Ол заңдар сол кездегі Парсы, Рим секілді алып өркениеттідің заң жинағы ретінде қолданған. Бұл заң жинағы 4 тараудан тұрған. Олар: әскерге қатысты заңдар, кадрлық қызметке қатысты заңдар, қазынаға қатысты заңдар, адам құқығына қарайтын жұмысшыларға қатысты заңдар.
  3. Бұл негізсіз жалған сөздер ислам дініндегі төрт мазһабқа да сай емес. Қоғамда адамдар заң шығарғаны және өзге жаңа заңдар еңгізгені үшін күпірге түспейді. Хәзретті Омар Құранмен келген ұрлықшының қолын кесу жазасын өзгерткен. Егер жаңа заң шығару мен Алланың жазасының орындалмауы күпірлікке алып баратын болса, онда Омар мұндай іс жасамас еді. Тіпті егер өмір сүріп жатқан мемлекет мұсылман емес ел болатын болса да, мұсылман адам ол жерде жұмыс істегені үшін кәпір болмайды, өйткені мұсылманның мұсылман емес қоғамда әрі адамның қол астында жұмыс істеуі шариғат тарапынан рұқсат етілгендігі жайлы Ибн Абидин өзінің “Родду аль-Мұхтар” және Марғинанидің “Хидая” еңбегінде келтірілген.
  4. Бұл жерде егер Алланың заңынан бас тарту дегенде Құранда келген әмірлер мен тыйымдардың орындалмауын меңзесе, онда бұл дұрыс емес. Алланың үкімдерінің орындалмауы тәкпір қылуға себеп болмайды. Өйткені Алланың үкімдерінің орындалмауы күпірлікке себеп болғанда Омар (р.а.) ұрлыққа қатысты Алланың үкімін тоқтатпайтын еді. Бұл жердегі айта кететіні Алланың үкімдерінің орындалмауы мен мойындамауында айырмашылық бар. Егер Алланың үкімдерін мойындап, бірақ орындамаса онда ол күпірлік болмайды.
  5. Некенің қиылуы намаздың оқып немесе оқымағанына қарамайды. Өйткені егер неке тек намаз оқыған адамдармен қиылатын болса, онда мұсылман ер намаз оқымайтын христиан немесе яһуди әйелмен үйленуге болмайтын еді. Бірақ біз пайғамбарымыздың (с.а.с.) және сахабалардың намаз оқымайтын әйелдерге үйленгендігін анық білеміз, бұл шариғатта мұсылман еркекке тыйым салынбаған. Бұл жайында кез келген фиқһ кітабында жазылған. Егер адам намаз оқымаса онда ол кәпір, ал кәпірге үйленуге болмайды деген түсінік болса, онда бұл да дұрыс емес, өйткені иман мен амал екі бөлек нәрсе. Егер адам Алланы жалғыз деп, Мұхаммедті пайғамбар деп сенсе, бірақ намаз оқымаса онда ол мұсылман болып қала береді. Бұл жайында Абу Ханифа “Уасыя” еңбегінің алғашқы бетінде, сонымен қоса Абду Аль-Ғони өзінің “шарх ақидату Тахауи” еңбегінің 126 бетінде және Матуруди “таухид” еңбегінің 373 бетінде бұлтартпас дәлелмен жазып кеткен.
  6. Ислам дінінде жәйдан-жәй күпірлікпен айыптауға тыйым салынған. Бұл амалды Мұхаммед Пайғамбар (с.а.с.) тоқтатқан. Ибн Нужайм өзінің “аль-ашбаһу ан-назаир” еңбегінде: Егер күпір үкімін беруде күман болса немесе анық сенімділік болмаса, онда күпір үкімі шығарылмайды. Егер мүфтиге бір мұсылман жайында екі хабар келсе, біреуі оның күпілік амалын жасады десе, екіншісі оның ондай жасамағаны туралы болса онда мүфти екінші хабарға сүйене отырып күпірлік үкімін шығармау керек” деп жазады. Ал исламның жайылуына қолдау көрсетіп отырған, мешіттердің салынуына септігін тигізіп, мүфтиятымыға, діни оқу орындардың салынуына қолдау көрсетіп отырған мемлекетімізге, сондай-ақ өздерін мұсылман деп жүрген азаматтары бар үкіметті күпірлікте айыптау ислам ілімдерін толық білмеген наданның ісі деп айтуға болады. Қазақстан үкіметін әдейі халықты қыру үшін тонау мен ұрлық қылмыстарын пайдаланды деп еш дәлелсіз үкім шығарған. Шариғат құқықтық нормасы бойынша егер бір адам бір тарапты қылмыспен айыптайтын болса, онда ол міндетті түрде дәлел алып келу керек. Аталмыш үкім төрт мазхабтың құқықтық норма еңбектері яғни фиқһ кітаптарында жазылған. Демек мұндай пікірдегі топтардың пасық, шариғатты түсінбеген шала сауатты екені анық. Сол себепті қандайда бір діни сұрақ мазалап түсінбесеңіз, оны тиісті маманынан сұрап білгеніңіз дұрыс болар. Құдайға шүкір, бүгінде барлық мешіттерімізде білімді имам ұстаздар қызмет етуде мемлекеттің дін істері басқармаларында ақысыз сенім телефондары 7 күн 24 сағат жұмыс істейді, сондай-ақ тікелей дін саласына жауапты әр өңірде теолгтар бар, жалпы айтқанда барлық мәселе қамтамасыз етілген, тек оқып біліп интернеттегі теріс насихаттан сақтансаңыз болғаны.

    Тимур НҮСІПХАНҰЛЫ,

     Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің жанындағы

                                                            Діни экстремизмге қарсы іс-қимыл орталығының директоры

Тегтер: басты тақырыпдеструктивті діни ағымдарсекта
Бөлісу28Твитерге18Бөлісу9Бөлісу

Ұқсас мақалалар

«Қаңтар қасіреті» деструктивті ағымдармен күреске жаңа  жол ашты
Қоғам

«Қанды» қаңтар қайталанбасын десек…

08.02.2023
Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мәселелері
Мемлекет және дін

Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мәселелері

07.02.2023
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Лаңкестер жерленген орын табылды

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Көп қаралғаны

  • Исламның 5 парызы – Ибраһимнің (а.с.) 5 қазынасы

    4574 рет бөліскен
    Бөлісу 1830 Твитерге 1144
  • Духа намазы қалай оқылады?

    490 рет бөліскен
    Бөлісу 196 Твитерге 122
  • Истиғфар дұғасы дегеніміз не?

    3337 рет бөліскен
    Бөлісу 1333 Твитерге 833
  • Дұрыс дұға жасау әдебі

    3202 рет бөліскен
    Бөлісу 1279 Твитерге 799
  • Төрт мәзһаб – ислам

    2613 рет бөліскен
    Бөлісу 1045 Твитерге 653

Соңғы жарияланымдар

Түркиядағы қазақстандық студенттер  ҚМДБ өкіліне алғыс білдірді

08.02.2023
0
Түркиядағы қазақстандық студенттер  ҚМДБ өкіліне алғыс білдірді

Толығырақ оқу

Түркия елшісі Қазақстан халқы мен Президентіне алғыс айтты

08.02.2023
0
Түркия елшісі Қазақстан халқы мен Президентіне алғыс айтты

Толығырақ оқу

Имамдар Түркия мен Сирия жұртының амандығы үшін дұға жасады

08.02.2023
0
Имамдар Түркия мен Сирия жұртының амандығы үшін дұға жасады

Толығырақ оқу
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

 

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2022 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Бастапқы бет
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Сауалнама
    • Кітапхана
  • Жоба туралы
  • ҚАЗ
    • ҚАЗ
    • РУС

© 2022 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіге кіріңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы аты немесе электрондық пошта мекенжайын енгізіңіз.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00