Мемлекет басшысының «Кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығын іске асыру аясында Алматы облыстық орталық әмбебап кітапханасында «Зерделі ұлт және кітап оқу мәдениеті: жаңа міндеттер мен басымдықтар» атты зияткерлік алаң өтті.
Іс-шараға Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының мамандары, зиялы қауым өкілдері мен кітапхана саласының қызметкерлері қатысты.
Кездесуде кітап оқу мәдениетін дамытуға бағытталған міндеттерді орындау жолдары мен «Зерделі ұлт» тұжырымдамасының негізгі бағыттары талқыланды. Сондай-ақ кітапханалардың ағартушылық рөлін арттыру, оқырман қатарын көбейту мәселелері сөз болды.
Кітап оқуды насихаттауға, жас ұрпақтың кітапқа қызығушылығын арттыруға және кітапханалар жұмысын жетілдіруге ерекше назар аударылды.
Кездесу соңында қатысушылар кітап оқу мәдениетін одан әрі дамыту және зерделі ұлт қалыптастырудағы кітапханалардың рөлін арттыру жөнінде ұсыныстарын ортаға салды.











