Бейсенбі, 24 Қыркүйек, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Мәзһабтар арасындағы адамның іс-әрекеттеріне қатысты түсініктер

24.09.2026
- Ислам, Таңдаулы
0
2
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Ақида ғылымында адамның іс-әрекеттері маңызды зерттеу мәселелерінің бірі болып саналады. Бұл тақырып аясында адамның әрекеті қалай пайда болатыны, ерік-жігердің рөлі және адамның іс-әрекеттерінің Алланың жаратуымен арақатынасы қарастырылады.

Адам басқа тіршілік иелері сияқты табиғи және физикалық болмысқа ие болғанымен, оны ерекшелендіретін негізгі қасиеттері – ақыл-парасат, еркін таңдау қабілеті және моральдық жауапкершілік. Осы себепті адамның әрекеттері тек сыртқы қозғалыстардың жиынтығы ретінде ғана емес, белгілі бір моральдық және діни мағынасы бар іс ретінде түсіндіріледі. Адамның жасаған әрекеті сауапқа немесе жазаға себеп болуы мүмкін. Сондықтан ислам теологтары адамның еркіндігі мен жауапкершілігінің табиғатын, сондай-ақ адамның таңдауы мен Алланың құдіреті арасындағы байланысты түсіндіруге ерекше көңіл бөлген.

Ислам дінінің сенім ілімінде бұл мәселе «аф’ал әл-ибад», яғни «адамдардың іс-әрекеттері» ұғымы арқылы түсіндіріледі. Мұндағы негізгі сұрақтардың бірі – адамның өз әрекеті үшін қаншалықты жауапты екендігі және сол әрекеттің жаратушысы кім екендігі. Бұл мәселеге қатысты исламдағы әртүрлі теологиялық мектептердің көзқарастары бірдей емес. Муғтазила мәзһабы адамның өз іс-әрекетін өзі жүзеге асырады және жасаған әрекеттері үшін толық жауап береді деп есептейді.

Ал Жәбрия мәзһабы адамның іс-әрекетінде дербес ерік жоқ, оның барлық әрекеті мәжбүрлі түрде жүзеге асады деген пікірді ұстанады. Ал сунниттік теология осы екі көзқарастың арасында ортақ жолды ұстанады. Бұл түсінік бойынша, барлық нәрсенің, соның ішінде адамның іс-әрекеттерінің де жаратушысы – Алла. Алайда адамға таңдау жасау және қалау мүмкіндігі берілген. Сондықтан адам өз таңдауы негізінде жасаған әрекеттері үшін жауап береді. Бұл мәселе әсіресе Ашғари және Матуриди мектептерінде өзіндік ерекшеліктермен түсіндірілген.

Қасым-Жомарт Тоқаев: Құрбан айт – имандылық пен ізгілік символы

Сауд Арабиясының Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

23.09.2026
Газадағы шабуылдардан тағы үш адам қаза тапты

Газадағы шабуылдардан тағы үш адам қаза тапты

23.09.2026

Адамның іс-әрекеттерін негізінен еріксіз және ерікті әрекеттер деп екіге бөлуге болады. Жүректің соғуы, қанның айналуы немесе қолдың өздігінен дірілдеуі сияқты әрекеттер адамның қалауына байланысты емес. Сондықтан олар еріксіз әрекеттерге жатады. Ал адамның ойланып, белгілі бір мақсатпен және өз қалауымен жасаған әрекеттері ерікті әрекеттер. Мұндай әрекеттер үшін адам жауап береді. Демек, адамның белгілі бір ісі үшін моральдық немесе діни жауапкершілікке тартылуы оның сол әрекетті ниетпен, өз еркімен және саналы түрде таңдауы арқылы жүзеге асады. Егер адам белгілі бір әрекетті мәжбүрлі түрде жасаса, ұйықтап жатса немесе не істеп жатқанын түсінбейтін жағдайда болса, оның бұл әрекет үшін жауапкершілігі толық болмайды. Осы тұрғыдан алғанда, адамның іс-әрекетіне қатысты Жәбрия, Муғтазила, Ашғари және Матуриди мектептерінің көзқарастары ерекше маңызға ие.

Жәбрия мәзһабындағы адамның іс-әрекеті туралы түсінік

Жәбрия мәзһабы адамның іс-әрекетін негізінен Алланың еркі мен құдіретіне байланысты түсіндіреді. Бұл ағымның пікірінше, адам өз әрекетін жүзеге асыру барысында толық дербес ерік пен күшке ие емес. Адам белгілі бір әрекетті орындағанымен, оның жүзеге асуы түпкілікті түрде Алланың еркі мен құдіретіне байланысты. Яғни, Жәбрия түсінігі бойынша адамның іс-әрекетінде негізгі рөлді адамның өзі емес, Алланың еркі мен құдіреті атқарады. Осы себепті адам өз әрекетінің толық әрі тәуелсіз жасаушысы ретінде қарастырылмайды.

Жәбрия өкілдері өз көзқарастарын Құран аяттары мен ақылға негізделген дәлелдер арқылы түсіндіруге тырысқан. Олардың пікірінше, адамның барлық әрекеті Алланың еркі мен құдіретінің аясында жүзеге асады. Осыған байланысты олар адамның қалауы да Алланың қалауына тәуелді екенін және адамды да, оның әрекеттерін де Алла жаратқанын білдіретін аяттарға сүйенген. Ақылға негізделген дәлел ретінде Жәбрия өкілдері белгілі бір әрекетке бір мезгілде екі тәуелсіз күш толық ықпал ете алмайды деген тұжырымды алға тартқан. Олардың пікірінше, белгілі бір әрекетті не Алла, не адам жүзеге асыруы тиіс. Ал барлық нәрсенің Жаратушысы Алла болғандықтан, адамның өз іс-әрекетін Алладан тәуелсіз түрде жаратуы немесе оған дербес ықпал етуі мүмкін емес. Осылайша, Жәбрия мәзһабы адамның іс-әрекетіндегі негізгі рөлді Алланың еркі мен құдіретіне береді. Адамның дербес таңдау жасау және әрекетке тәуелсіз ықпал ету мүмкіндігі бұл көзқараста қабылданбайды.

Жәбрия түсінігі бойынша, адамның іс-әрекетке тікелей әсер ететін тәуелсіз күші жоқ. Егер адамда белгілі бір әрекетті жүзеге асыратын дербес күш бар деп есептелсе, онда бұл күш әрекеттің пайда болуына нақты ықпал етуі керек. Алайда Жәбрия мәзһабында барлық нәрсені жарататын және басқаратын — Алла. Сондықтан адамның бойындағы күш әрекеттің пайда болуына тәуелсіз түрде әсер ете алмайды. Осыған байланысты олар ешқандай нәтижеге ықпал етпейтін күштің дербес мәні жоқ деп есептеген. Сондықтан Алладан басқа ешбір жаратылыстың іс-әрекетті жүзеге асыруға толық тәуелсіз күші жоқ деген қорытындыға келген.

Муғтазила мәзһабындағы адамның іс-әрекеті туралы түсінік

Муғтазила мәзһабының пікірінше, адам өз іс-әрекетін жүзеге асыруға қабілетті және сол қабілеті арқылы әрекеттерін өзі жасайды. Сондықтан адам жасаған ісі үшін жауап береді. Егер жақсы іс жасаса, сауап алады, ал жаман әрекет жасаса, жазаға лайық болады. Муғтазила мәзһабының бұл көзқарасының негізінде Алланың Әділ әрі Дана екендігі туралы түсінік жатыр. Олардың пікірінше, Алланы зұлымдықтың немесе әділетсіздіктің жаратушысы ретінде түсіндіруге болмайды. Себебі әділ әрі дана Алланың адамдардың жаман және әділетсіз әрекеттерін тікелей жаратуы олардың түсінігіндегі Алланың әділдігіне қайшы келеді.Сондықтан Муғтазила өкілдері адамның жақсы немесе жаман әрекетті өз еркімен таңдап, өзі жүзеге асыратынын алға тартады. Бұл адамның өз әрекеті үшін жауап беруін түсіндірудің негізгі жолы болып саналады.

Муғтазила ілімінде Алланың әділдігі ерекше маңызды орын алады. Олардың ғұламалары Алланың Әділ («Адил») және Дана («Хаким») екенін ерекше атап көрсеткен. Бұл түсінік Алланың зұлымдық пен әділетсіздік жасамайтынын білдіреді. Осыған байланысты Муғтазила мәзһабының өкілдері әділетсіздік, күнә, имансыздық және зұлымдық сияқты жаман әрекеттерді Аллаға тікелей жатқызуға болмайды деп есептеген. Өйткені мұндай әрекеттерді Аллаға телу Оның әділ әрі дана екендігі туралы түсінікке қайшы келеді. Сондықтан Муғтазила түсінігінде адамның жаман әрекеттері Алланың тікелей жасаған ісі емес, адамның өз таңдауы мен әрекетінің нәтижесі болып табылады. Яғни, жақсы немесе жаман әрекетті адам өзі жүзеге асырады және соған сәйкес жауапкершілікке ие болады.

Муғтазила мәзһабы адамның белгілі бір әрекет үшін жауапты болуы сол әрекетті жасауға қажетті қабілетке ие болуына байланысты деп есептейді. Осыған орай, олар адамның әрекет жасау қабілеті — қудра немесе иститағат — тек әрекет жасалған сәтте ғана пайда болады деген пікірді қабылдамайды. Олардың түсінігі бойынша, егер адамның белгілі бір істі жасауға қабілеті тек әрекет жасалған уақытта ғана пайда болса, онда ол әрекетті жасамас бұрын оған қабілетсіз болған болып шығады. Мысалы, дінсіз адамға иман келтіру бұйырылған жағдайда, оның иман келтіруге алдын ала мүмкіндігі болуы қажет. Егер мұндай мүмкіндігі болмаса, одан шамасы жетпейтін нәрсені талап ету болып саналады. Ал бұл Муғтазила түсінігінде Алланың әділдігіне қайшы келеді. Сондықтан Муғтазила мәзһабы адамның белгілі бір әрекет үшін жауапты болуының негізгі шарттарының бірі – сол әрекетті жасауға қажетті қабілеттің әрекет басталмай тұрып болуы деп есептейді.

Муғтазила мәзһабында адамның жасаған әрекетінің жақсы немесе жаман болуы оны жүзеге асырған адамның өзіне байланысты. Күпірлік, әділетсіздік және күнә сияқты жаман әрекеттерді Алла жаратты деп айту олардың түсінігінде қабылданбайды. Өйткені мұндай әрекеттерді Аллаға жатқызу Алланың әділдігі туралы түсінікке қайшы келеді. Сондай-ақ адамның отыруы, тұруы, тамақтануы немесе су ішуі сияқты күнделікті әрекеттерін де тікелей Аллаға жатқызу дұрыс емес деп есептеледі. Сондықтан Муғтазила мәзһабы адамның іс-әрекеттерін адамның өзіне қатысты деп түсіндіреді. Осы арқылы Муғтазила екі негізгі мәселені негіздеуге тырысады: біріншіден, Алланың әділдігін сақтау, екіншіден, адамның өз әрекеттері үшін жауапты екенін дәлелдеу. Қорытындылай келе, Муғтазила мәзһабының түсінігінде адам әрекет жасауға қажетті күшке, ерік-жігерге және таңдау мүмкіндігіне ие. Сондықтан адам өз ісіне өзі жауап береді. Адам өз әрекетінің негізгі орындаушысы болып саналады, ал Алла оған әрекет ету қабілетін берген Жаратушы ретінде түсіндіріледі. Осыған сәйкес, жақсы және жаман әрекеттер адамның өзіне қатысты болады. Адам жақсы ісі үшін сый алады, ал жаман ісі үшін жазаға лайық болады. Муғтазила ілімі осылайша адамның еркіндігі мен жауапкершілігін және Алланың әділдігін қатар негіздеуге тырысады.

Ашғари мәзһабындағы адамның іс-әрекеті туралы түсінік

Ашғари мәзһабы ғұламаларының пікірінше, адамның барлық іс-әрекетінің түпкілікті Жаратушысы – Алла. Себебі бір нәрсені жоқтан бар ету, яғни жарату, тек Алланың құдіретіне тән қасиет. Алайда адам өз іс-әрекетін қалап және таңдап жүзеге асырады. Сондықтан Ашғари мектебі адамның іс-әрекетін екі түрлі тұрғыдан қарастырады: таңдау және иелену жағынан әрекет адамға қатысты болса, жарату тұрғысынан әрекет Аллаға қатысты. Осы түсінік бойынша, адам жақсылықты немесе жамандықты өзі таңдайды және сол әрекетке бағытталады. Ал әрекетті жүзеге асыратын күш пен оның жаратылуы Алланың құдіретіне байланысты. Яғни, адам – әрекетті таңдаушы және оны орындаушы, ал Алла – сол әрекеттің түпкі Жаратушысы.Ашғарилердің пікірінше, егер адамның барлық әрекетін тек Аллаға ғана жатқызсақ, онда адамның жауапкершілігін түсіндіру қиынға соғады. Ал барлық әрекетті тек адамның өзіне жатқызсақ, онда Алланың абсолютті құдіреті мен барлық нәрсеге қатысты билігіне нұқсан келеді. Сондықтан Ашғари мектебі осы екі ұстанымның арасындағы жолды ұстануға тырысады. Қысқаша айтқанда, Ашғари түсінігі бойынша, адам өз іс-әрекетін таңдайды және сол таңдауы үшін жауап береді, ал сол әрекетті жаратып, жүзеге асыратын түпкі күш –Алланың құдіреті. Осылайша, Ашғари ілімі адамның жауапкершілігін және Алланың абсолютті жаратушылық құдіретін қатар түсіндіруге бағытталған.

Матуриди мәзһабындағы адамның іс-әрекеті туралы түсінік

Матуриди мәзһабында Алла Тағала адамға дұрыс пен бұрысты, жақсы мен жаманды ажыратуға мүмкіндік беретін ақыл мен қабілет берген деп түсіндіріледі. Адам осы қабілеттері арқылы жаман әрекеттерден аулақ болып, жақсы істерге ұмтыла алады. Адамның табиғатына жақсы әрі көркем нәрсені таңдауға және жаман, ұсқынсыз әрекеттерден бас тартуға мүмкіндік берілген. Ақыл-ой адамға дұрыс шешім қабылдауға көмектеседі және оның табиғатына қайшы келетін жаман әрекеттерден сақтануына ықпал етеді. Осылайша, Алла адамға ақыл, таңдау және дұрыс жолды ажырату қабілетін берген. Адам осы мүмкіндіктерді пайдалану арқылы дұрыс жолды таңдауға және жамандықтан аулақ болуға міндетті. Сондықтан ол өз әрекеттері үшін жауап береді. Имам Матуридидің пікірінше, адамның өз іс-әрекетін таңдауға еркі бар екенін дәлелдейтін маңызды мәселелердің бірі – адамның ішкі сезімі мен күнделікті тәжірибесі. Адам белгілі бір әрекетті өз қалауымен жасаған кезде, оның бұл істі өзі таңдағанын сезінеді. Тіпті белгілі бір кедергілер немесе сыртқы қысым болған жағдайда да, адам өз шешімімен әрекет етуі мүмкін. Бұл адамның ерік-жігері мен таңдау қабілетінің бар екенін көрсетеді. Сондықтан адам өз іс-әрекетінде толықтай тәуелді жаратылыс ретінде қарастырылмайды. Ол өз қалауымен жасаған әрекеттер мен мәжбүрлі түрде жасалған әрекеттердің арасындағы айырмашылықты түсіне алады.

Сонымен қатар адам белгілі бір әрекетті жасау немесе одан бас тарту мүмкіндігіне ие. Осы тұрғыдан алғанда, адам жансыз заттардан және табиғаттағы еріксіз құбылыстардан ерекшеленеді. Себебі адам ойланып шешім қабылдай алады, өз әрекетін бағыттай алады және жасаған таңдауы үшін жауап береді. Матуриди ілімінде адамның еркі мен таңдауы оның жауапкершілігінің негізгі негіздерінің бірі.

Матуриди адамның әрекет жасау қабілетін оның еркі мен таңдауымен байланыстыра түсіндіреді. Оның пікірінше, адамның еркі мен таңдауын ескермей, бойұсыну, қарсы келу немесе күнә жасау сияқты әрекеттерді тікелей Аллаға жатқызу дұрыс емес. Себебі егер адамның барлық әрекеті толығымен Аллаға қатысты деп есептелсе, онда Алланың бұйрықтары мен тыйымдарына жауап беретін де, сауап немесе жаза алатын да адам емес, Алла болып шығар еді. Ал исламдық түсінік бойынша, Алла Өзінің бұйрықтарына бойұсынған адамдарға сауап беріп, қарсы келгендерді жауапкершілікке тартады. Сондықтан Матуриди түсінігінде бойұсыну да, қарсы келу де адамның өз таңдауымен байланысты. Әрекеттің жаратылуы Алланың құдіретіне байланысты болғанымен, сол әрекетті таңдау, оған ниет ету және соған байланысты жауапкершілік адамның өзіне қатысты.

Қысқаша айтқанда, Матуриди ілімінде Алла – іс-әрекеттің Жаратушысы, ал адам – сол әрекетті таңдаушы және өз таңдауы үшін жауап беруші. Бұл түсінік Алланың абсолютті құдіреті мен адамның жауапкершілігін қатар түсіндіруге мүмкіндік береді.

Қорытындылай келе, Матуриди теологиясында адамның іс-әрекеттері Алланың абсолютті құдіреті мен адамның еркі және жауапкершілігі қатар ескеріле отырып түсіндіріледі. Бұл көзқарас бойынша, адам өз іс-әрекеттерін Алладан толық тәуелсіз түрде өзі жаратпайды. Сонымен бірге адам ешқандай еркі мен қабілеті жоқ, барлық әрекетке мәжбүр болатын жаратылыс ретінде де қарастырылмайды. Адам белгілі бір әрекетті өз еркімен таңдайды, оған ниет етеді және сол таңдауы үшін жауап береді. Ал әрекеттің жүзеге асуы мен жаратылуы Алланың құдіреті арқылы жүзеге асады. Осы тұрғыдан алғанда, Матуриди мектебі Жәбриядан ерекшеленеді. Себебі Жәбрия адамның еркін таңдауы мен әрекет ету қабілетіне жеткілікті мән бермейді.

Сонымен қатар Матуриди ілімі Муғтазиладан да өзгеше, өйткені Муғтазила адамға өз іс-әрекетін дербес жүзеге асыратын тәуелсіз күш береді. Ашғари мектебімен салыстырғанда, Матуриди ілімі адамның еркі мен әрекет ету қабілетіне ерекше мән береді және оларды адамның жауапкершілігінің маңызды негізі ретінде қарастырады. Осылайша, Матуриди теологиясы Алланың абсолютті құдіретіне нұқсан келтірмей, адамның діни және моральдық жауапкершілігін негіздеуге тырысады. Яғни, Алла – барлық іс-әрекеттің Жаратушысы, ал адам – өз таңдауы мен әрекеті үшін жауап беретін тұлға.

 PhD Исатай БЕРДАЛИЕВ,

«Qamqor- Astana» қоғамдық қорының теолог маманы

Таңбалар: адамның іс-әрекетімәзһабтар
БөлісуТвитергеБөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Мақала жоқ
Тағы жүктеу

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Танымал тақырыптар

  • Қызыр – патша, Ұлықпан хәкім – уәзір болған Қазақстандағы қай қала?

    Қызыр – патша, Ұлықпан хәкім – уәзір болған Қазақстандағы қай қала?

    39
  • Уақытты күнә істермен өткізудің салдары қандай?

    23
  • Ей, адам! Ғұмырыңды бағала…

    22
  • Отбасы тәрбиесі: Қоғам қалыптастыратын басты мектеп

    18
  • Иманмен дүниеден озған адамның белгілері

    16

Соңғы жарияланымдар

Ислам

Мәзһабтар арасындағы адамның іс-әрекеттеріне қатысты түсініктер

24.09.2026
Қасым-Жомарт Тоқаев: Құрбан айт – имандылық пен ізгілік символы
Жаңалықтар

Сауд Арабиясының Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

23.09.2026
Газадағы шабуылдардан тағы үш адам қаза тапты
Жаңалықтар

Газадағы шабуылдардан тағы үш адам қаза тапты

23.09.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00