Бейсенбі, 10 Қыркүйек, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Дұрыс діни білім көркем мінезге жетелейді

10.09.2026
- Ислам, Таңдаулы
0
2
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Аса қамқор ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын! Барлық мақтау күллі әлемнің Раббысы Алла Тағалаға тән. Ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммедке Алланың салауаты мен сәлемі болсын!

Адам баласының өмірінде білімнің орны ерекше. Өйткені білім адамның дүниетанымын кеңейтеді, ақ пен қараны, дұрыс пен бұрысты ажыратуға үйретеді, қоғамда өз орнын табуына жол ашады. Ал діни білім осы дүниелік біліммен қатар адамның рухани әлемін қалыптастырып, өмірінің мәнін түсінуге, Жаратушысын тануға, өзіне және өзгеге жауапкершілікпен қарауға бағыттайды.

Асыл дініміз  білімге ерекше мән береді. Қасиетті Құранның адамзатқа түскен алғашқы аятының «Оқы!» деп басталуы – осының айқын дәлелі. Бұл аяттағы «оқу» ұғымының мәні өте терең. Мұсылман адам дүниені танып-білуге, жаратылыстың сырын зерттеуге, пайдалы білім игеруге ұмтылуы тиіс. Сонымен бірге ол өзінің кім екенін, не үшін жаратылғанын, өмірінің мақсаты қандай екенін де білуі қажет.

Шын мәнінде діни білім тек мешітте оқылатын дәріс немесе белгілі бір құлшылықтың үкімін үйренумен шектелмейді. Діни білім адамның иманын, мінезін, дүниетанымын және өмірлік ұстанымын қалыптастырады. Білімсіздік адамды қателікке, ал діни білімсіздік сенім мәселесінде адасуға алып келуі мүмкін.

«Алтын Орда: дала империясы әлемді қалай өзгертті» кітабы таныстырылды

«Алтын Орда: дала империясы әлемді қалай өзгертті» кітабы таныстырылды

10.09.2026
Қасым-Жомарт Тоқаев: Отбасы – халқымыз үшін қасиетті ұғым

Отбасы күніне арналған апталық саналы ата-ана болу тақырыбында өтіп жатыр

09.09.2026

Адам қандай да бір істі дұрыс атқару үшін алдымен оның негізін білуі керек. Намаз оқығысы келген адам намаздың шарттарын, парыздарын, уәжіптері мен әдептерін білуге тиіс. Ораза ұстаған адам оразаның үкімдерін білуі шарт. Зекет беретін адам оның кімдерге, қандай жағдайда берілетінінен хабардар болғаны абзал. Отбасы құрған жан ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттерін білгені жөн. Бұл діни білімнің күнделікті өмірмен тікелей байланысты екенін көрсетеді.

Адам дін туралы үстірт ақпаратпен шектеліп, әлеуметтік желідегі кез келген бейнероликке немесе жазбаға сене берсе, қателесуі ықтимал. Өйткені интернетте дін туралы дұрыс мәліметпен қатар, шала түсіндірілген, контекстен жұлып алынған немесе мүлде бұрмаланған ақпараттар да кездеседі.

Сондықтан мұсылман адам діни мәселеде сенімді ғалымға, білікті ұстазға, ресми діни ақпарат көздеріне жүгінгені жақсы. Егер діни білім алғасы келсе дәстүрлі діни білім беретін оқу орындарына, атап айтқанда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты Нұр-Мүбарак университетіне, медресе-колледждерге барғаны дұрыс. Өйткені қасиетті Құранда: «Егер білмесеңдер, білім иелерінен сұраңдар» («Нахыл» сүресі, 43-аят), – делінген. Бұл аят кез келген мәселені білетін, білікті адамнан сұрап үйренудің маңызын меңзейді.

Дұрыс діни білім иманымызды бекемдей түседі. Иман жүректегі сенім негізі болғандықтан оны бекемдеу үшін кез келген мұсылман баласы діни негіздерді білуі қажет. Себебі Алланы тану, Оның көркем есімдері мен сипаттарын білу, пайғамбарларға, кітаптарға, періштелерге, ақырет күніне, тағдырға иман келтіру сынды амалдар – мұсылман сенімінің негіздері.

Иманды біліммен бекемдеген адамның сенімі кездейсоқ пікірлерге тәуелді болмайды. Ол діни мәселеде әркімнің сөзіне ермей, дәлелге сүйенуді үйренеді. Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Алла кімге жақсылық қаласа, оған дінде терең түсінік береді» (Бұхари, Мүслим), – деген. Бұл хадис дінді дұрыс түсінудің үлкен нығмет екенін көрсетеді.

Діни білім адамның жүрегіне қорқыныш қана емес, үміт, сүйіспеншілік, жауапкершілік және көркем мінез қалыптастырады. Шынайы діни білім алған адам Алладан қорқумен қатар Оның рақымынан үміт етеді. Құлшылықты адамдарға көрсету үшін емес, Алланың разылығы үшін орындайды. Өзгені айыптауға асықпайды. Өзінің кемшілігін түзетуге көбірек көңіл бөледі.

Діни білім алу – дінмен өмір сүрумен тең. Діни білім алу көп ақпарат алу дегенді білдірмейді. Діни білім алудағы басты мақсат – білген нәрсені өмірде қолдану. Адам адал мен арамды білсе, адалдықты таңдауы керек. Ата-ананың хақысын білсе, оларды құрметтеуі қажет. Өтіріктің күнә екенін білсе, өтіріктен тыйылуы тиіс. Біреудің ақысын жеудің қиянат екенін түсінсе, өзгенің мүлкіне қол сұқпауы керек. Міне, діни білімнің мақсаты осындай игі амалдармен орындалады.

Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сөзі мен өмірі білімнің амалмен ұштасуының ең көркем үлгісі болды. Сондықтан діни білім адамның мінезінен көрінуі қажет. Егер адам діни білім алып, бірақ ата-анасына дөрекілік көрсетсе, өзгелерді менсінбесе, өтірік айтса, аманатқа қиянат жасаса, онда оның алған білімінің тәрбиелік нәтижесі бойынан көрініс таппай отыр деген сөз. Ғалымдарымыз білім адамды кішіпейілділікке бастауы тиіс екенін айтқан. Расында адамның шынайы білімі артқан сайын ол өзгелерді емес өзін тәрбиелеуге ден қояды.

Біз түрлі жиындарда жастарға дұрыс білім алуды насихаттап келеміз. Өйткені олар жаңа ақпаратты тез қабылдайды, жаңа ортаға тез бейімделеді. Сондықтан жастардың діни сауатты болуы қоғамның рухани қауіпсіздігі үшін де маңызды болмақ. Бүгінгі таңда жас буын өкілдері дін туралы ақпараттың үлкен бөлігін интернеттен алады. Бұл бір жағынан үлкен мүмкіндік болса, екінші жағынан жауапкершілікті талап етеді.

Әлеуметтік желідегі бір минуттық бейнероликтен күрделі діни мәселеге қатысты толық әрі дұрыс түсінік алу мүмкін емес. Кейбір адамдар діни мәтіннің түпкі астарын, тарихи жағдайын, ғалымдардың түсіндірмесін білместен бір ғана үзіндіге сүйеніп қорытынды жасайды. Бұл жастарды қате түсініктерге алып келуі мүмкін. Сондықтан мұндай жағдайда біздің жастарымыз «Бұл ақпаратты кім айтты? Оның діни білімі қандай? Қандай дереккөзге сүйенді? Басқа ғалымдар бұл мәселені қалай түсіндіреді?» деген сұрақтарды өздеріне қоя білуі керек. Діни сауаттылық дегеніміз осыдан басталады. Ақпаратты дұрыс саралай білген адам адаспайды.

Жастарды жат ағымдар мен деструктивті идеологиялардан қорғаудың ең тиімді жолдарының бірі дұрыс діни білім беру екенін белгілі. Өйткені діни сауатты адам діни мәтіндерді өз бетінше бұрмалап түсіндіруге тырысқандардың сөзіне, біреудің радикалды көзқарасына ермейді. Исламның негізгі қағидаларын, мәзһабты, ақида мәселелерін, Құран мен сүннетті дұрыс түсіндіру жолдарын меңгерген жас діни ұранның ар жағындағы мақсатты да аңғара алады.

Біздің ғұлама бабаларымыз ғасырлар бойы Ислам өркениетінің дәстүрлі жолын ұстанып, діни білімді ғалымдардан алған. Әбу Ханифа мәзһабы мен Матуриди ақидасы халқымыздың діни дүниетанымында орныққан дәстүрлі негіздердің бірі болды, болашақта да солай бола бермек. Сондықтан дін мен дәстүрдің сабақтастығын түсінген жас буын өкілдері өз ұлтының мәдениетін, тілін, тарихын және рухани мұрасын құрметтейді.

Діни білім алуда ұстаздың орны ерекше. Қазіргі заманда кітаптан, интернеттен, түрлі электронды платформалардан ақпарат алу оңай. Бірақ ақпарат пен білімнің арасында айырмашылық бар. Білімнің тәрбиелік мәнін ұстаздың өнегесі арттырады.

Ұстаз шәкіртке тек ақпарат бермейді. Ол оған әдепті, сабырды, жауапкершілікті, ізденісті және пікір мәдениетін үйретеді. Біздің ғұламаларымыз да білімді ұстаздан алған. Әбу Насыр әл-Фараби, Қожа Ахмет Ясауи, Абай Құнанбайұлы секілді ойшылдардың мұрасынан білімге деген құрметпен қатар ұстаз еңбегін бағалау мәдениетін көреміз. Сондықтан діни білім алғысы келген жас сенімді ұстазды таңдауы керек. Дін мәселесінде өзін ғалым ретінде көрсететін кез келген адамның сөзіне ере беру дұрыс емес. Діни білімнің де өз әдістемесі, жүйесі, ұстаздан шәкіртке жалғасатын дәстүрі бар. Мұны жастарымыз білуі тиіс.

Кейде жастар арасында діни білім мен зайырлы білімді бір-біріне қарсы қоюға тырысатын түсініктер кездеседі. Бұл – дұрыс емес. Ислам пайдалы білімнің бәрін қадірлейді. Дәрігерлік, инженерия, экономика, технология, педагогика, құқық, ауыл шаруашылығы және басқа да салалардағы білім қоғамға қажет.

Мұсылман адам өз кәсібін жетік меңгеріп, қоғамға пайдасын тигізуі тиіс. Бірақ кәсіби біліммен қатар діни сауаттың да болғаны абзал. Мысалы, дәрігер медицина саласын жақсы білумен қатар, адалдық пен аманаттың маңызын түсінсе, науқасқа жауапкершілікпен қарайды. Кәсіпкер діни сауатты болса, саудадағы адалдық пен әділетті сақтауға ұмтылады. Мұғалім имандылық пен тәрбие мәселесін білсе, шәкіртінің бойына тек білім емес, адамдық қасиетті де сіңіреді. Демек, білім мен иман қатар жүргенде қоғамның рухани және әлеуметтік дамуы қатар үйлесім табады.

Діни білімнің ең үлкен жемістерінің бірі – адамның өзін тануы. Адам өзін таныған сайын әлсіздігін түсінеді. Алланың алдында пенде екенін сезінеді. Өзінің бойындағы кемшіліктерін түзетуге ұмтылады. Абай Құнанбайұлы: «Адам болам десеңіз…» деп, адам бойындағы жақсы және жаман қасиеттерді саралаған. Оның «Ғылым таппай мақтанба» деген өсиеті де жастарды пайдалы білімге, еңбекке, талапқа, терең ойға шақырады. Абайдың діни-философиялық ойларында да білім мен иманның, ақыл мен жүректің, ғылым мен адамгершіліктің байланысы кеңінен көрініс тапқан. Сондықтан діни білім алған жас тек «не білемін?» деп емес, «білгенім мені қандай адам етіп қалыптастырады?» деп ойлануы керек.

Алла Тағала жастарымызға пайдалы білім, берік иман, көркем мінез, парасатты сана нәсіп еткей. Жүректерін адасудан сақтап, тура жолдан айырмағай. Еліміздің жастары білімділігімен, имандылығымен, еңбекқорлығымен, отансүйгіштігімен және көркем әдебімен өзгелерге үлгі болғай деп тілейміз.

Наурызбай қажы ТАҒАНҰЛЫ,

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти

Таңбалар: Бас мүфти Наурызбай қажы ТағанұлыДіни білімкөркем мінез
БөлісуТвитергеБөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Мешіт құрылысымен танысты
Жаңалықтар

Мешіт құрылысымен танысты

07.09.2026
Үш мешітке қызметтік автокөлік сыйлады
Жаңалықтар

Үш мешітке қызметтік автокөлік сыйлады

05.09.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба
«Алтын Орда: дала империясы әлемді қалай өзгертті» кітабы таныстырылды

«Алтын Орда: дала империясы әлемді қалай өзгертті» кітабы таныстырылды

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Танымал тақырыптар

  • Қорғансыздың тағдыры

    Қорғансыздың тағдыры

    534
  • Ер мен әйелдің беттен сүйіп амандасуы дұрыс па?

    522
  • Көкшетауда қоғамдық келісімді нығайтудағы мемлекеттік тілдің рөлі талқыланды

    516
  • Лаос Президенті Ұлттық музейге барды

    514
  • Қару-жарақ тәркіленді

    513

Соңғы жарияланымдар

Сұрақ-жауап

Ислам дінінің қоғамдағы қызметі қандай?

10.09.2026
«Алтын Орда: дала империясы әлемді қалай өзгертті» кітабы таныстырылды
Жаңалықтар

«Алтын Орда: дала империясы әлемді қалай өзгертті» кітабы таныстырылды

10.09.2026
Дұрыс діни білім көркем мінезге жетелейді
Ислам

Дұрыс діни білім көркем мінезге жетелейді

10.09.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00