Сәрсенбі, 12 Тамыз, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Жалған ақпараттың құрбаны болмау үшін не істеу керек?

12.08.2026
- Қоғам, Таңдаулы
0
1
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Қазіргі таңда ақпараттық кеңістікте таратылатын және жарияланатын мағлұматтар өте көп. Бір жаңалықты бірнеше секундта мыңдаған адам көріп, бөлісе алатыны сөзсіз дәлел. Бірақ көп таралған ақпараттың бәрі шындыққа жанаса бермейді. Жалған ақпарат адамның пікіріне, шешіміне, тіпті қоғамдағы тыныштыққа әсер етуі мүмкін. Сондықтан кез келген ақпаратқа бірден сенбей, «Ақпаратты нақты тексер – Талдау жүргіз – Содан кейін ғана бөліс» қағидасын ұстанған дұрыс. Сол себепті осы тақырыпқа нақты нұсқаулықтарды талдайтын боламыз.

Ақпараттың дереккөзін тексеру өте маңызды. Ақпаратты кім жариялады? Ресми орган ба, сенімді БАҚ па, әлде белгісіз парақша ма? Автор көрсетілмесе немесе дереккөз күмәнді болса, сақ болған жөн. Қоғамда әлеуметтік желілер арқылы адамдардың ой санасына тікелей әсер қалдыра алатын ақпараттар өте көп. Дегенмен бұл ақпараттардың қаншалықты қауіпті екеніне мән берместен жариялау немесе өзгеге тарату жауапкершілікке әкеліп соғатындығын ұмытып жатады. Алаяқтар тіпті құзырлы органдар немесе мемлекеттік маңызы бар құрылымдардың да атын жамылып адамдарды тұзағына түсіре алатын уақытта абай болған жөн. Егер де өзіңізге қажетті дүниені іздестірсеңіз онда бір ғана ақпарат көзімен шектелмеген жөн. Маңызды жаңалықты бірнеше тәуелсіз әрі сенімді дереккөзден салыстырып көріңіз. Егер ақпарат тек бір жерде ғана кездессе, оның рас-өтірігін анықтамай тұрып таратпаңыз.

  1. Арандатушы тақырыптарға абай болу қажет. Әлеуметтік желілердің басым көпшілігінде: «Шұғыл!», «Бұны барлығы білуі керек!», «Дереу таратыңыз!» сияқты эмоцияға тікелей әсер ететін сөздер сізді ойланбай әрекет етуге итермелеуі мүмкін. Психологиялық тұрғыдан алғанда адамның рухани жағдайына эмоциялық тұрғыдан әсер ету кез келген контенттің басты мақсаты деуге болады. Себебі қарапайым жарнама агенттіктерінің өзі сатуда немесе мақсатына жету жолында барлық әдістерді қолданғаны секілді іріткі салушы контенттер де осы тұрғыдан қызмет жасайды.
  2. Парақшаларда жарияланған фото мен видеоға да бірден сенбеңіз. Кейде шынайы фото немесе видео басқа оқиғаға, басқа уақытқа немесе басқа елге қатысты болуы мүмкін. Сондықтан оның қашан және қай жерде түсірілгенін тексеріңіз. Әлеуметтік көмекке мұқтаж жандарға қатысты парақшаларда түрлі видеолар таратылып жатады. Қосымша ретінде банк есепшотының реквизиттері немесе өзге де ақпараттар жарияланып аудиторияны барынша сендіруге тырысуы мүмкін. Алайда сол сілтемелерге өтіп қауіпті қадам жасаудан сақтану қажет. Себебі мұндай бейнежазбалар көбіне бірнеше жылдар бойы интернет кеңістікте қайталанып жүрген болуы мүмкін. Ең маңыздысы өзіңіз білмейтін ақпаратты таратпаңыз. «Маған біреу жіберді», «бәрі айтып жатыр» деген сөздер ақпараттың рас екенін дәлелдемейді. Мессенджерлерде достар немесе туыстардан құрылған көптеген топтар болуы мүмкін. Жүздеген, мыңдаған адамдар аталған топтарда өздеріне ұнаған видеоларды адамдарда әсер қалдыру немесе таңғалдыру мақсатында жариялауы мүмкін. Дегенмен бұл материалдар заңмен тыйым салынған болса өзіңізге қауіптілігі жоғары болмақ.

Ең маңыздысы: Жалған ақпаратты тоқтатудың ең қарапайым жолы – оны тексермей тұрып таратпау. Ақпаратты жылдам тарату – оңай. Ал шындықты анықтау – жауапкершілік. Егер өзіңіз кездестірген ақпараттың қауіптілігін байқасаңыз немесе бейтаныс парақшалардан өзіңізге себепсіз сілтемелер немесе бейнежазбалар келіп жатса жергілікті құқық қорғау органдарына хабарласуды кешіктірмеген абзал. Бұл әрекет тек өзіңізді ғана емес, өзге адамның да өмірін қорғауға септігін тигізеді. Сондықтан әр ақпаратқа сенбес бұрын өзіңізге үш сұрақ қойыңыз: Бұл ақпараттың дереккөзі кім? Оған дәлел бар ма? Мен мұны таратсам, біреуге зияны тиюі мүмкін бе? Сол себепті ақпаратты тексеру – өзіңізді ғана емес, айналаңыздағы адамдарды да жалған ақпараттан қорғау болып табылады.

Олжас НАРЫМБЕТОВ,

Хуситтер әскери нысандарға соққы жасады

Хуситтер әскери нысандарға соққы жасады

12.08.2026

Адамдардың бір-біріне мейірімсіз болу себебі неде?

12.08.2026

Қызылорда облысы дін істері

басқармасы «Дін мәселелерін

зерттеу орталығының» теолог маманы

Таңбалар: жалған ақпараттеріс ақпарат
БөлісуТвитергеБөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Түркі мемлекеттеріндегі жалған ақпаратпен күрес тақырыбына арналған форум өтуде
Жаңалықтар

Түркі мемлекеттеріндегі жалған ақпаратпен күрес тақырыбына арналған форум өтуде

19.12.2025
Дархан Қыдырәлі: Әріптестерімді дәйекті деректерге ғана сүйенуге шақырамын
Қоғам

Фейк ақпаратты қалай ажыратамыз?

01.10.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Хуситтер әскери нысандарға соққы жасады

Хуситтер әскери нысандарға соққы жасады

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Танымал тақырыптар

  • Тарихқа тағылым болған әділет

    Тарихқа тағылым болған әділет

    30
  • Ағаш отырғызудың сауабы қандай?

    24
  • Исламда жалқаулықтың орны қандай?

    19
  • Әлеуметтік желіде біреудің айыбын ашу күнә ма?

    15
  • «Бауырын өзінен артық көргендер»

    15

Соңғы жарияланымдар

Хуситтер әскери нысандарға соққы жасады
Жаңалықтар

Хуситтер әскери нысандарға соққы жасады

12.08.2026
Қоғам

Жалған ақпараттың құрбаны болмау үшін не істеу керек?

12.08.2026
Сұрақ-жауап

Адамдардың бір-біріне мейірімсіз болу себебі неде?

12.08.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00