Сәрсенбі, 11 Қараша, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Көне шаһардың келбеті өзгереді

10.08.2026
- Қоғам, Таңдаулы
0
48
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлт­тық құрылтайдың Түркістан қаласында өткен екінші отырысында көне шаһардың қазақ тарихындағы орны жайында айта келе, оның қабырғаларында ұлтымыздың жылнамасы түгел жазылғанын мәлімдеген болатын.

«Шын мәнінде, киелі Түркістан – ұлы дала өркение­тінің мызғымас темірқазығы. Түркістан ғасырлар бойы қазақ халқының маңызды саяси орталығы болып келді. Қазақ мемлекетінің бас қаласы ретінде тарихқа алтын әріппен жазылды. Көптеген хандарымыз осы жерге ордасын тігіп, ұлан-ғайыр далаға билігін жүргізген… Мұның бәрі еліміздің ерте заманнан бері бір орталықтан басқарылған біртұтас мемлекет болғанын көрсетеді. Сондай-ақ қазақ мемлекеттілігінің тамыры тым тереңде жатқанын білдіреді», деді Мемлекет басшысы.

Бүгінде Мәдениет және ақпарат министрлігінің бақы­лауымен көне шаһардың турис­тік әлеуетін арттыру мақ­сатында оның тарихи орындарын қалпына келтіру мен рес­таврация жұмысы қарқынды жүріп жатыр. Министрлік таратқан мәліметке сүйенсек, Түркістандағы көне қалашықтың қорғанына реставрация жұ­мысын «Қазқайтажаңарту» РМК мамандары бастаған. Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің маңында ор­­наласқан қабырғаны қалпына кел­­тіру туралы шешім мониторинг нә­ти­жесінде қабылданған. Бақылау бары­­сында жыл са­йын оның 10–15 сан­­тиметрге ығысатыны анықталып отыр.

Жоспарға сәйкес шығыс қақпа­дан бастап 32 метр аумақ қал­пына келтіріледі. Ал апатты жағ­дайда тұрған қабырға бөлігі­нің жалпы ұзындығы – 40 метр.

Ақтауда «Қуанышты күн» атты қайырымдылық акциясы өтті

Ақтауда «Қуанышты күн» атты қайырымдылық акциясы өтті

11.11.2026
Бір мәрте Алла десе…

Таудай рия амалдан, тарыдай риза амал артық

10.11.2026

Қорған қабырғасы 2000 жылдары археологиялық зерттеу­лерге сәйкес қайта қалпына келтірілген. Бұл жолғы ғылыми-реставрациялық жұмыс кезінде іргетасы нығайтылып, апатты бөліктен алынған жарамды материалдар сақталып, солардың көмегімен қабырғаның бүлінген бөлігі қайта қаланады.

Жүргізіліп жатқан жұмыс қабырғаның одан әрі бүлінуіне жол бермей, цитадельдің солтүс­­тік-шығыс бөлігінің тарихи кел­бетін сақтауға мүмкіндік береді. Ғы­лы­ми рес­таврацияны 2026 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланған.

Сондай-ақ қазіргі таңда Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің күм­безіне де реставрация жұмы­сы жал­ғасып жатыр. Зерттеу барысында күмбездің сыртқы қабаты­ның беріктігі әлсіреп, жарылған тұстарының көбейгені анықталған.

Бұл жұмыс сыртқы қабат­тың одан әрі бүлінуі мен оның жекелеген бөліктерінің құлау қаупінің алдын алуға бағытталған. Сыртқы қабат кесененің түпнұсқа құры­лы­мына кірмейді. Ал күмбездің тарихи конструкциясы бүгінге дейін бастапқы қалпында сақтал­ған. Күмбездің қабаты оны жауын-шашыннан, желден, күн сәулесінен және өзге де сыртқы факторлардан қорғайды.

Алдағы уақытта шешімдер ғылыми зерттеу нәтижелері мен тарихи құрылымға барынша аз араласуды көздейтін қағидатқа сәйкес қабылданады.

Айта кетсек, Қожа Ахмет Ясауи кесенесі – елімізден ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енген алғаш­қы ескерткіш. Ғылыми-рес­таврациялық жұмыс мәдени мұраны сақтау жөніндегі халықаралық талаптарға сәйкес және Мәдениет және ақпарат министрлігінің бақылауымен жүргізіліп келеді.

Бұған қоса, Мәдениет және ақпа­рат министрлігі Түркі­стан облы­сының Отырар ауданын­дағы Өзбекәлі Жәнібек кесенесін­де реставрация жұмысы жалға­сып жатқанын хабарлады. Қазір кесе­ненің күмбездері қыш кір­пішпен қапталып жатыр. Кірпіш қаптау жұ­мысы аяқталғаннан кейін су өтпес үшін жіктері арнайы қор­ғаныш қоспамен толтырылады.

Кесененің ішкі бөлігінде қабыр­ғалар мен төбенің үгітілген сы­лақ қабаты толықтай алынып, қайта сыланды. Алдағы кезеңде кесе­не­нің едені жаңартылып, есіктер мен терезелер қалпына келтірілгеннен кейін қайта орнатылады.

Жүргізіліп жатқан жұмыс кесе­ненің тарихи келбетін жаңғыртып, оның ұзақ уақыт сақталуына негіз болады.

Түркістан облысының Сауран ауда­нындағы Сауран қалашығы – қазақ тарихында айрықша орны бар мекен. Бүгінде «Қазқайтажаңарту» РМК мамандары сол жердегі хана­ка мен медресені қалпына кел­тіру жұмысына кірісті. Оның бары­сында ғимарат қабырғасының беткі қа­ба­тындағы зақымданған кірпіш­терді ауыстыру жоспарланып отыр. Сондай-ақ тарихи нысан­дарды қоршап тұрған тіреу қабыр­ға­ларының үгітілген сылақ қабаты қайта сыланады.

Реставрация кезінде ескерт­кіштердің тарихи келбеті мен сәу­леттік ерекшелігін сақ­тауға басым­дық беріледі. Қолданы­ла­тын құрылыс материалдары ны­сан­­ның өзіндік сипатына сай ірік­теліп, жаңартылған бөлік­тердің ес­керт­кіштің бастапқы сәулеттік кел­бетімен үйлесімді болуы ескеріледі.

Атқарылып жатқан жұмыс ханака мен медресенің одан әрі бүлінуіне жол бермей, олардың беріктігін арттыру мен тарихи келбетін сақтауға бағытталған.

Айта кетсек, Сауран қала­шығы – Түркістан облысындағы тари­хи-мәдени мұраның ма­ңыз­ды нысандарының бірі. Қалашық­тағы ескерткіштерді сақтау көне шаһардың тарихын тереңірек зерделеу мен кеңінен танытуға ықпал етеді.

Ескендір ЗҰЛҚАРНАЙ

Таңбалар: Қожа Ахмет Ясауи кесенесіТүркістан
Бөлісу1Твитерге1БөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Өзбекәлі Жәнібековтің 95 жылдық мерейтойына арналған іс-шаралар өтті
Жаңалықтар

Өзбекәлі Жәнібековтің 95 жылдық мерейтойына арналған іс-шаралар өтті

09.09.2026
Жаңалықтар

Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің күмбезіне реставрация жұмыстары жалғасып жатыр

30.07.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Ұлт руханиятының шамшырағы

Ұлт руханиятының шамшырағы

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Танымал тақырыптар

  • Кешірімнің қарымы

    22
  • Тарбағатайдың рухани шежіресі

    20
  • Таудай рия амалдан, тарыдай риза амал артық

    18
  • Былапыт сөздің салдары қандай?

    18
  • Қазақстанның екі мұрасы ЮНЕСКО-ның «Әлем жады» өңірлік тізіміне енгізілді

    17

Соңғы жарияланымдар

Ақтауда «Қуанышты күн» атты қайырымдылық акциясы өтті
Жаңалықтар

Ақтауда «Қуанышты күн» атты қайырымдылық акциясы өтті

11.11.2026
Бір мәрте Алла десе…
Қоғам

Таудай рия амалдан, тарыдай риза амал артық

10.11.2026
Сұрақ-жауап

Былапыт сөздің салдары қандай?

10.11.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00