Сейсенбі, 25 Тамыз, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Борис ХАЧИРОВ: Қазақ пен қалмақ қарым-қатынасына айрықша көңіл бөлемін

25.08.2026
- Сұхбат
0
Фото: vmeste-rf.tv

Фото: vmeste-rf.tv

0
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің транзиттік әлеуетін арттырып, Азия мен Еуропа арасын жалғайтын көпір ретіндегі рөлін күшейтуге айрықша мән беріп келеді. Осы орайда жуырда ғана Ресейдің Омбы қаласында өткен ХХІІ Қазақстан-Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумында аталған саланың дамуына сеп болар маңызды мәселелер талқыланды.

Осы жиын барысында біз Ресей Федерациясының сенаторы Борис Хачировпен тілдесіп, Қазақстан мен Ресей арасындағы қарым-қатынастар жайында пікірін білген едік. Айта кетсек, Б.Хачиров – Қалмақ Республикасынан сайланған сенатор. Ол өз сөзінде Каспий теңізі арқылы шектесіп жатқан көршілер ретінде Қазақстан мен Қалмақ Республикасының, сондай-ақ ежелден аралас-құралас өмір сүріп келе жатқан қазақ пен қалмақ халықтарының ұқсастықтары көп екенін тілге тиек етті.

«Бұл форум аясында Атырау облысының әкімі Болат Оралұлымен кездесу өткіздік. Атырау облысы мен Қалмақияның ұқсас тұстары көп. Каспий теңізінің жағасын ен жайлаған екі өңірдің экономикасы, климаты мен басқа да ерекшеліктері бір-біріне жақын. Бүгінде екі тарап арасында қолға алынып, одан әрі дамытуды қажет ететін бірқатар маңызды міндет бар. Олардың қатарында Солтүстік-Оңтүстік көлік дәлізін дамыту, климаттық мәселелерді бірлесіп шешу, мәдени байланыстарды нығайту және өзге де мәселелер күн тәртібінде тұр. Мәселен, Қалмақияда қазақ киносы мен әзіл-сықағы өте танымал. Атырау облысының әкімімен кездесу барысында қазақтың кино және өнер жұлдыздарын республикамызға шақырып, Қазақ мәдениеті күндерін өткізу туралы уағдаластық», деді ол өз сөзінде.

Б.Хачиров осыдан жарты жыл бұрын Қалмақ Республикасына «Астана» көңілді тапқырлар командасы келіп, жергілікті көрерменге үлкен шоу ұсынып қайтқанын, қазақ пен қалмақ халықтарының менталитеті бір-біріне жақын болғандықтан, қазақтың әзіл-сықағы оларға ерекше ұнайтынын да жеткізді.

Дінтанушы: Терроризмнің алдын алу тек жазалау шараларынан тұрмауға тиіс

Дінтанушы: Терроризмнің алдын алу тек жазалау шараларынан тұрмауға тиіс

25.08.2026
Саналы ойлау – қоғамды қорғайды

Саналы ойлау – қоғамды қорғайды

23.08.2026

«Бұдан бөлек, Ресей мен Қазақстан парламенттері арасындағы байланысты да одан әрі нығайта беруіміз қажет. Биыл сіздердің елдеріңізде кең көлемді саяси реформалар қолға алынып, наурыз айында бүкілхалықтық референдум арқылы жаңа Конституция қабылданғанын білеміз. Одан кейін бұрынғы екі палаталы Парламент таратылды. Алдағы уақытта жаңадан құрылатын бір палаталы Құрылтаймен байланысымызды бұрынғыдан да тереңдете береміз деген сенімдемін», деді ол.

Ресейлік сенатор Омбы қаласында өткен ХХІІ Өңіраралық ынтымақтастық форумының мақсаты – бір жерде бас қосып, жүздесіп қайту ғана емес, болашаққа бағытталған ортақ идеяларды ортаға салып, бірлескен жобаларды қолға алу екенін жеткізді.

«Мен Қазақстан мен Ресейдің ынтымақтастығына, соның ішінде қазақ пен қалмақ халықтарының арасындағы қарым-қатынасқа әрдайым айрықша көңіл бөліп келемін. Алдағы уақытта да осы байланыстарды одан әрі дамытуға өз үлесімді қосуға барынша күш саламын», деді ол.

Ескендір ЗҰЛҚАРНАЙ

Таңбалар: Борис ХачировҚазаққалмақ
БөлісуТвитергеБөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Қазақ пен мұсылман – бір ұғым
Видео

Қазақ пен мұсылман – бір ұғым

24.04.2025
Жаңалықтар

Жыл басынан 4,5 мың астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

10.04.2023
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді

Ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Танымал тақырыптар

  • Әулие жерлерге барып түнеуге бола ма?

    Әулие жерлерге барып түнеуге бола ма?

    25
  • Адамды өткен қателігі үшін жазғыру дұрыс па?

    25
  • Тәлімді ұрпақ – тәуелсіз ел тірегі

    20
  • Толеранттылық тәрбиесі – экстремизмге қарсы иммунитет

    16
  • Тарихи сана – діни экстремизмнің алдын алудың маңызды тетігі

    14

Соңғы жарияланымдар

Ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді
Жаңалықтар

Ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді

25.08.2026
Борис ХАЧИРОВ: Қазақ пен қалмақ қарым-қатынасына айрықша көңіл бөлемін
Сұхбат

Борис ХАЧИРОВ: Қазақ пен қалмақ қарым-қатынасына айрықша көңіл бөлемін

25.08.2026
Дінтанушы: Терроризмнің алдын алу тек жазалау шараларынан тұрмауға тиіс
Сұхбат

Дінтанушы: Терроризмнің алдын алу тек жазалау шараларынан тұрмауға тиіс

25.08.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00