Сәрсенбі, 22 Шілде, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Уланған нанның қайтарымы

05.06.2026
- Таңдаулы
0
29
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

«Асыңа не салсаң, алдыңнан сол шығады» деген халық даналығының мәнін ашатын мынадай бір ғибратты оқиға бар екен.

Бір үйдің әйелі есігін жиі қағып, қайыр сұрай беретін бір кедей әйелден әбден мезі болады. Оның күн сайын келіп, бірде нан, бірде тамақ сұрайтыны үй иесінің көңіліне жақпайтын.

Бір күні әлгі қайыршы тағы да есік қағады. Бұл жолы үй иесі одан біржола құтылмақ болады.

– Сәл күте тұрыңыз, – деп, ішке кіріп кетеді.

Ұлттық архивтің ашылғанына 20 жыл: негізгі жетістіктері мен даму бағыты

Ұлттық архивтің ашылғанына 20 жыл: негізгі жетістіктері мен даму бағыты

22.07.2026
Бес жүз жылдық амал (ғибрат)

Намаздың хикметі неде?

22.07.2026

Ас үйден бір бөлке нан алып, ортасынан жарады. Арасына ірімшік пен зәйтүн салады. Бірақ сонымен бірге зиянкестерді жоюға арналған күшті удан да сеуіп жібереді.

Сосын сыртқа шығып, нанды қайыршы әйелге ұсынады.

Қайыршы әйел:

– Алла разы болсын! – деп алғысын айтып, кетіп қалады.

Аштықтан әбден қалжыраған ол көп ұзамай бір мешіттің ауласына келіп отырады. Қолындағы нанды жегелі жатқанда, дәрет алып тұрған жас сарбазды байқап қалады. Оның жүзінен ұзақ жолдан шаршап келгені, қарны ашқаны анық сезілетін.

Қайыршы әйел жігіттің жанарына қарап-ақ оның аш екенін аңғарады. Жүрегі елжіреп:

– Балам, мына нанды өзің жей ғой, – деп қолындағы нанның бәрін оған береді.

Жас сарбаз алғысын айтып, нанды тәбетпен жеп қояды.

Алайда көп ұзамай оның өңі бұзылып, бүкіл денесі дірілдей бастайды. Қатты қиналып, жерге құлап түседі.

Біраздан кейін мешітке жамағат жиналады. Олар жігіттің жағдайын көріп, кім екенін сұрастырады. Сөйтсе, ол әскери борышын өтеп, елге енді ғана оралған жас сарбаз екен.

Жұрт оны көтеріп алып, үйіне жеткізеді.

Үйдің иесі айлар бойы сарғайып күткен ұлын ес-түссіз халде көргенде, төбесінен жай түскендей болады. Жылап-еңіреп, не болғанын сұрайды.

Сәл есін жиған жігіт әлсіз дауыспен:

– Бір қайыршы әйел мешіт ауласында маған нан берді. Сол нанды жегеннен кейін осы күйге түстім… – дейді.

Осы сөзді естіген анасының жүрегі тоқтап қала жаздайды.

Өйткені әлгі нанды өзі дайындағанын бірден түсінеді.

Басын ұстап, зар еңірейді.

– Мен не істедім!? Өз қолыммен өз перзентімнің түбіне жеткенім бе?! – деп өкінеді.

Бірақ өкініштен пайда жоқ еді.

Жамандық ниетпен дайындаған уланған нан ақыры айналып келіп, өз шаңырағына қайтып соқты.

Аз уақыттан кейін арыстай азамат жан тапсырды…

Сол кезде ғана әлгі әйел өмірдің ұмытылмас сабағын ұқты:

«Адам баласы өзгеге қандай іс жасаса, оның қайтарымы түптің түбінде өзіне оралады. Жақсылық еккен жақсылық көреді, жамандық еккен жамандық орады» – деген екен өкінішпен.

Сондықтан да дана халқымыз: «Не ексең, соны орасың» деп бекер айтпаған.

 Дайындаған – Тұрар ТҮГЕЛҰЛЫ

Таңбалар: Ғибратжаман ниетнан
Бөлісу1Твитерге1БөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Дұғасының жауабын намаздан тапқан жан
Ғибратты әңгімелер

Дұғасының жауабын намаздан тапқан жан

05.07.2026
Оларды аяз емес, өзімшілдік өлтірді…
Ғибратты әңгімелер

Оларды аяз емес, өзімшілдік өлтірді…

10.06.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Өзбекстанмен мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық жоспарына қол қойылды

Өзбекстанмен мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық жоспарына қол қойылды

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Танымал тақырыптар

  • Қоғамдық тәртіп – ортақ жауапкершілік

    Қоғамдық тәртіп – ортақ жауапкершілік

    42
  • «Құдайдан қорық» деп не үшін айтады?

    34
  • Кешіккен тәубе

    33
  • Қазақ мәдениетінің бейбіт өмірге қосқан үлесі

    32
  • Қажылық жасау міндет пе?

    30

Соңғы жарияланымдар

Ұлттық архивтің ашылғанына 20 жыл: негізгі жетістіктері мен даму бағыты
Жаңалықтар

Ұлттық архивтің ашылғанына 20 жыл: негізгі жетістіктері мен даму бағыты

22.07.2026
Бес жүз жылдық амал (ғибрат)
Сұрақ-жауап

Намаздың хикметі неде?

22.07.2026
«Кітап оқитын ұлт» марафоны бір миллионнан астам адамды қамтиды
Жаңалықтар

«Кітап оқитын ұлт» марафоны бір миллионнан астам адамды қамтиды

21.07.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00