Сәрсенбі, 3 Маусым, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Қазақ болмысындағы дін мен дәстүр жарасымы

03.06.2026
- Ислам, Таңдаулы
0
3
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

«Дәстүріңді баққаның – үмітіңді жаққаның» деген халық даналығының астарында терең мән жатқаны рас. Салт-дәстүрін сақтап, ұлттық құндылықтарын қастерлей білген халықтың іргесі берік, келешегі кемел болмақ. Әрбір ұлттың өзіндік болмысы, дүниетанымы, өмір сүру дағдысы мен мәдени ерекшелігі бар. Өзге елге сапар шеккен адам сол айырмашылықтарды көріп қана қоймай, өз халқының қадір-қасиетін, артықшылықтары мен кемшіліктерін де бағамдай түседі. Мұның өзі Жаратушының әр халыққа өзіндік ерекшелік пен тағдыр сыйлағанының айқын көрінісі.

Қазақ халқының Ислам дінімен таныс болғанына қаншама ғасырлардың жүзі болды. Осы уақыт ішінде халқымыздың дүниетанымы, әдет-ғұрпы, әдебиеті мен мәдениеті Ислам құндылықтарымен біте қайнасып, біртұтас рухани арнаға айналды. Сондықтан қазақтың көптеген салт-дәстүрлерінен Исламның ізгілікке, адамгершілікке, мейірім мен парасаттылыққа үндейтін асыл қағидаларын анық көруге болады. Шариғат адам баласының бойындағы жақсы қасиеттерді дамытып, қоғамдағы игі дәстүрлерді бекіту үшін келген. Сол себепті халық арасында қалыптасқан жақсы әдет-ғұрыптар Исламда ерекше құрметке ие. Қасиетті Құранда Алла Тағала: «Кешірім жолын ұстан, жақсылыққа бұйыр және надандардан теріс айнал»деп әмір етеді. Бұл аят халықтың игі дәстүрлерін қолдап, қоғамдағы ізгі құндылықтарды дәріптеудің маңызын аңғартады.

Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) пайғамбарлық келген кезде араб қоғамында да әртүрлі әдет-ғұрыптар болған. Алла Елшісі шариғатқа қайшы келмейтін салттарды сақтап, қоғам игілігіне қызмет ететін дәстүрлерді қолдаған, ал адамға зиян келтіретін немесе Алланың әміріне қарсы келетін әдеттерге тыйым салғанын байқаймыз. Сондықтан Ислам ғұламалары да халық арасында орныққан игі дәстүрлерді шариғатқа қайшы келмеген жағдайда құқықтық нормалардың қайнар көздерінің бірі ретінде қарастырған.

Қазақ халқының ғасырлар бойы сақтап келген асыл дәстүрлерінің бірі – жеті атаға дейін қыз алыспау қағидасы. Бұл тек ұлттық ерекшелік емес, ұлттың болашағын ойлаған көрегендіктің белгісі. Ата-бабаларымыз отбасы құндылығына, ұрпақ тәрбиесіне және қан тазалығына айрықша мән берген. Ислам діні де дені сау, тәрбиелі әрі текті ұрпақ тәрбиелеуді маңызды құндылықтардың бірі ретінде қарастырады. Хазіреті Омар (оған Алла разы болсын) туыстық шеңберден шығып, алыстан некелесуге үндеген сөзі де осы ұстанымның айғағы. Қазақ халқы бұл қағиданы терең түсініп, жеті атаға дейін қыз алыспау дәстүрін қалыптастырған. Тәуке ханның «Жеті жарғысында» бұл талап заңдық деңгейде бекітіліп, ел бірлігі мен ұрпақ саулығын сақтаудың маңызды тетігі ретінде танылған. «Үш атада тән өзгереді, жеті атада қан өзгереді» деген халық даналығының түп-төркіні де осы өмірлік тәжірибеден бастау алса керек. Бұл дәстүр ұлттың тектілігін сақтап, ұрпақтың сапалы болып өсуіне ықпал еткен маңызды рухани құндылық болып саналады.

Сапалы маман – елге құт

Сапалы маман – елге құт

03.06.2026

Зиратты жаман шөптерден тазалауға бола ма?

03.06.2026

Ұрпақ қамын ойлаған мұндай тағылымды дәстүрлер қазақ халқының салт-санасы мен Ислам құндылықтарының өзара сабақтастығын айқын көрсетеді. Ғасырлар бойы қалыптасқан осы сынды рухани тұтастықтың нәтижесінде халқымыз үлкенге құрмет көрсетуді, кішіге қамқор болуды, жетім-жесірге жәрдем беруді, көрші ақысын сақтауды және мұқтажға қол ұшын созуды өмірлік ұстанымға айналдырды. Бұл қасиеттердің барлығы қазақ халқының тұрмыс-тіршілігі мен дүниетанымынан айқын көрініс тапқан. «Үлкенге – құрмет, кішіге – ізет» деген бабалар өсиеті, халқымыздың тәрбиелік ұстанымына айналса, қонақжайлық пен кеңпейілділік оның ұлттық болмысының ажырамас бөлігі болды. Мұның бәрі Ислам діні дәріптеген көркем мінез бен адамгершілік құндылықтардың айқын айғағы.

Тарихымызға зер салсақ, халқымыз асыл дінімізді тек құлшылық жүйесі ретінде ғана емес, бәлки тәрбие мен руханияттың негізі ретінде қабылдағанын көреміз. Бұған ел ішінде Ислам құндылықтарын насихаттап, мешіт салдыру ісіне ұйытқы болған Құнанбай Өскенбайұлының қызметі дәлел бола алады. Ұлы жазушы Мұхтар Әуезовтің Құнанбайдың Қарқаралыда мешіт салдырғаны туралы пікірі де халқымыздың дінге деген құрметін айқындай түседі. Сонымен қатар неке қию, бата беру, сәлемдесу, үлкеннің батасын алу секілді көптеген дәстүрлер қазақтың діни танымымен біте қайнасып кеткен.

Дегенмен Ислам діні кез келген дәстүрді бұлжытпай қабылдай бермейді. Егер белгілі бір әдет-ғұрып адамға немесе қоғамға зиян келтірсе, әділетсіздікке, ысырапшылдыққа немесе күнәға бастаса, шариғат оны құптамайды. Сондықтан халқымыз да «Дәстүрдің озығы бар, тозығы бар» деп, салттың пайдалысын сақтап, зияндысынан бас тартқан. Өйткені дәстүрдің басты мақсаты адамды ізгілікке, ар-ұятқа, имандылыққа және тәртіпке тәрбиелеу.

Осылайша,  қазақтың салт-дәстүрі мен Ислам діні халқымыздың рухани тірегіне айналған қос құндылық. Олар бір-бірін толықтырып, ұлттың тәрбиесін, мәдениетін және адамгершілік болмысын қалыптастыруға қызмет етіп келеді. Дін мен дәстүр үйлесім тапқан қоғамда ұлттық рух нығайып, ұрпақ тәрбиесі толығып, елдің болашағы баянды болады. Сондықтан ата-бабадан аманат болып жеткен асыл дәстүрлерді қастерлеу өткенге тағзым ғана емес, келер ұрпақ алдындағы жауапкершілік. Халқымыз бекерден-бекер «Өткенін білмеген – болашағын болжай алмас», «Дәстүр – елдің көркі, әдет – жердің көркі» деп айтпаса керек. Ұлттық құндылықтарды сақтап, дін мен дәстүр сабақтастығын жалғастыру ұлттың рухани тұтастығын нығайтатын ең маңызды міндеттердің бірі.

Нұрбек ӘУЕСХАНҰЛЫ,

Астана қаласының бас имамы

Таңбалар: басты тақырыпдін мен дәстүрсалт-дәстүр
БөлісуТвитергеБөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Алаш арысының адал жары
Қоғам

Алаш арысының адал жары

01.06.2026
Айттың екінші күні 20 811 отбасыға ет таратылды
Жаңалықтар

Айттың екінші күні 20 811 отбасыға ет таратылды

29.05.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Сапалы маман – елге құт

Сапалы маман – елге құт

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Танымал тақырыптар

  • Құрбан айт – құтты мереке

    Айт намазының кестесі (барлық қала бойынша)

    3.2k
  • Құрбан айт қашан басталады?

    1.5k
  • 27 мамыр – Құрбан айттың бірінші күні

    647
  • VIP қажылық ысырап емес пе?

    163
  • Бақырша елді мекені атауы қайдан шыққан?

    80

Соңғы жарияланымдар

Сапалы маман – елге құт
Видео

Сапалы маман – елге құт

03.06.2026
Қазақ болмысындағы дін мен дәстүр жарасымы
Ислам

Қазақ болмысындағы дін мен дәстүр жарасымы

03.06.2026
Сұрақ-жауап

Зиратты жаман шөптерден тазалауға бола ма?

03.06.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00