Бейсенбі, 21 Мамыр, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

“Хизб-ут Тахрир” ұйымының қателіктері

20.05.2026
- Ағымдар ақиқаты, Таңдаулы
0
5
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Бүгінгі таңда дін атын жамылып, өздерінің жымысқы әрекеттері мен мүдделерін ашық әрі жасырын жүзеге асырып жүрген көптеген ұйымдар мен  түрлі ағымдар бар. Солардың қатарында «Хизб-ут-Тахрир әл-Ислами» өзін «әлемдік халифат» құруды көздейтін саяси партия ретінде көрсетеді. Осыған орай әлемнің түрлі елдерінде діндар адамдар арасынан өз жақтастарын көбейтумен айналысып келеді.

«Хизб ут-Тахрир әл-Ислами» («Ислам азаттық партиясы») – 1953 жылы Иерусалимнің шығыс бөлігінде құрылған халықаралық саяси-діни ұйым. Негізін қалаған – Такиуддин ан-Набхани. Аталған ұйым қазіргі мұсылман елдерінің басқару әрі саяси жүйесі «жасанды» деп есептейді және оны жою қажет деп санайды. «Хизб ут-Тахрир әл-Ислами» ұйымының ұстанымы бойынша демократия мен ұлттық қағидалары Ислам саясатына қайшы деп таниды. Халифатты құру интеллектуалдық және саяси күрес арқылы жүруі керек деген ұстанымды қолдайды.

Аталған ұйым Ислам атын жамылып, бейбіт елдің тыныштығын бұзуға тырысады. Мемлекетті, үкіметті мойындамайды. Негізгі мақсаты – саяси төңкерістер жасау. Ислам қағидаларын өзгертуге тырысады. Осылайша мұсылмандар арасына жік салғысы келеді. Ислам ғұламаларының бірін мойындап, екіншісін мойындамайды. Мемлекет жүйесін құлатып, билікке қол жеткізуді мақсат етеді. Іс-әрекеттерін әр уақытта жасырын жүргізеді. Қазақ халқының тарихын мойындамайды. Халқымыздың сан ғасырдан бері жалғасып келе жатқан салт-дәстүрін, ұлттық құндылықтарын теріске шығарады. Қолданыстағы заң нормаларын қабылдамайды.

«Хизб ут-Тахрир әл-Ислами» ұйымының мүшелері бір-бірін тек лақап атпен ғана атап, шын болмысын, есім-сойын жасырады. Ұйым мүшелері тапқан табысының 10 пайызын орталыққа беріп отырады. Бұл ұйымның халық арасында жүргізіп келе жатқан діни идеологиялық жұмыстарын үшке бөліп қарастыруға болады. Біріншісі – идеялогиялық күрес. Екіншісі – идеялогиялық төңкеріс. Үшіншісі – үкіметті қолға алу. Діни тұрғыдан мәзһабтарды мойындамайды. Ата-бабамыз сан ғасырдан бері ұстанып келе жатқан имам Ағзам мәзһабын теріске шығарады.

Бір хадистен – жеті хикмет

20.05.2026
Израильдің Ливанға шабуылдарынан 3020 адам қаза тапқан

Израильдің Ливанға шабуылдарынан 3020 адам қаза тапқан

20.05.2026

Қабір азабы, Дажжалдың шығуы, Исаның (оған Алланың сәлемі болсын) түсуі туралы сенімді қабылдамайды. Бұл сенімдегілерді күнәһар санайды. Жақсылыққа бұйыру және жамандықтан қайтару сынды ізгі амалдарды қазіргі таңда парыз емес деген ұстанымды алға тартады. Өзге мемлекеттерді айыптағандай, біздің де елімізді «кәпірлер елі» деп санайды. Әруақтарға Құран бағыштау ісін құптамайды. Әруақтарға Құран бағыштауға болатыны жөніндегі хадистерді қабылдамайды. Еліміздің киелі орындары саналатын жерлерді бұзып, қирату керек деп санайды. Олардың ойынша, адамдар ол жерлерге барып, Аллаға серік қосады. Кәпірлерге айтылған аят-хадистерді мұсылмандарға қарсы қолданады. Мемлекет қазынасын шығынға батыруды көздейді.

Қабірге зиярат жасауға тыйым салады. Ислам дініне қатысты пікір қайшылығын тудыруға тырысады. Исламдағы Құран, сүннет, ижмағ, қияс амалдарына сүйенбей, оны теріске шығарады. «Хизб ут-Тахрир әл-Ислами» ұйымы «азаттық» деген сөзді желеу етіп, мемлекетте төңкеріс, қан төгуді көздейді. Тарихтан белгілі, барлық төңкерістер адам шығынысыз бітпеген. Іштен іріткі салу үшін түрлі діни ағымдар атын жамылып, өз мақсаттарын жүзеге асыруға әрекеттенеді. «Хизб ут-Тахрир әл-Ислами» ұйымына қабылданған азаматтарға әркез: «Сенің амалың дұрыс, өлімнен еш қорықпа, үш секунд шыдасаң болды, көзіңді ашқанда жәннатта боласың» деп тәрбиелейді. Сонымен қатар: «Өзіңді құрбан етсең, шаһид дәрежесіне жетесің» деген сөздермен көтермелеп сөйлейді. «Хизб ут-Тахрир әл-Ислами» ұйымы көсемдері өздерінің үкімдерін шариғатқа сүйеніп емес, өз саяси көзқарасына негіздеп шығарады.

«Хизб ут-Тахрир әл-Ислами» ұйымы осындай теріс әрекеттері әрі қауіпті қадамдары үшін әлемнің бірқатар елдерінде, атап айтқанда Ресей, Өзбекстан, Тәжікстан, Қазақстан, Қырғызстан, Түрікменстан, Германия, Қытай, Индонезия, Пәкістан, Египет, Түркия, Сирия сынды көптеген араб мемлекеттерінде тыйым салынып, экстремистік немесе террористік ұйымы деп танылды. «Хизб ут-Тахрир әл-Ислами» ұйымы Астана қаласы сотының 2005 жылғы 28 наурыздағы шешімі бойынша экстремист ұйым ретінде танылып, Қазақстандағы қызметіне тыйым салынды.

Экстремизмнің мынадай белгісі бар: адам надандыққа, көрсоқырлыққа негізделген өз көзқарасының, пікірінің орындалуын табанды түрде талап етеді. Мұндай адамдар басқа көпшіліктің қажеттіліктері мен жағдайын түсінбейді немесе түсінгісі келмейді. Олар жөн білетін, дұрыс бағыт көрсете алатын адамдардың ешқайсысын мойындамайды. Өз-өзіне сын көзбен қарау деген түсінік – олар үшін жат пайым. Олардың түсінігінше, тек өздерінің ғана сенімдері тура, өзгелердің барлығы – адасушы.

Сондықтан олар өздерінен өзгелердің бәрін әділетсіз, әрі қатігез деп айыптауды міндет санайды, ал өздерін кіршіксіз, күнәсіз пайғамбардай көреді. Мұның соңы шариғатқа, заңға қайшы келетін әрекеттерге, әртүрлі қақтығыстарға алып баратын жалған пікірлердің қоғамда етек жаюына, мәжбүрлеу арқылы өздерінің пікірлерін тықпалауға жетелейді. Ешқандай қажеттілік болмаса да кез  келген істе шектен шығып кетуге бейім тұрады. Басқаларды да соған итермелейді. Нәтижесінде, мұндай жағдайлар адамдар арасындағы қалыпты қарым қатынас бұзылып, қоғамдағы үйлесімді тіршілік арнасынан ауытқып, әлеуметтік толқулардың тууына себеп болады.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 2013 жылы шығарған пәтуасында былай делінген: «Ислам империясын құру» идеясын көтеріп жүрген бұл ұйымның алдына қойған мақсаты – Ислам дінін, халифат құру идеясын желеу етіп, түбінде өздерінің саяси ойларына жету. Алла Тағала «Ниса» сүресінің 59-аятында: «Ей, мүміндер! Аллаға бойсұнып, Пайғамбарға әрі өздеріңнен болған әмір иелеріне бойсұныңдар», – деген. Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадистерінің бірінде: «Менің үмбетім ішіндегі әр түрлілік рахмет-береке», – деген. Құран Кәрім мен сүннет негізінде қаланған «әһл сунна уәл жамағат», ақидадағы екі бағыт (әл-Мәтуриди мен әл-Әшғари) және фиқһ мәселелеріндегі төрт мәзһаб (Ханафи, Шафий, Мәлики, Ханбали) мұсылман үмметінің алауыздығы емес, кеңшілігі мен рахметі деп қабыл аламыз.

Мұсылмандардың да түрлі мемлекеттерде түрлі тәртіп және даму жолында тіршілік етулері Алланың мейірімі мен шапағаты деп түсінеміз. Ата-бабаларымыз ұстанған бір-ақ жол бар. Ол – «әһл сунна уәл жамағат» жолы. Біздің жолымыз да сол. Ислам діні мұсылмандардың басқа жолдарға бөлінуіне қарсы. Алла Тағала бұл жайлы былай дейді: «Түп-түгел Алланың жібіне жабысыңдар да бөлінбеңдер» («Әли Имран» сүресі, 103-аят). Мұндағы «Алланың жібі» дегенді тәпсіршілер «Құран Кәрім» дейді. Имам Табарани Әбу Саид әл-Худриден (р.а.) риуаят еткен хадисте Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Алланың кітабы – Алланың аспаннан жерге тартылған жібі», – деген. Аллаға шүкір, ақида саласында әл-Мәтуриди, фиқһ саласында имам Ағзам ғалымдарымыз дінді анасы баласының аузына нан шайнап салғандай түсіндіріп берді. Хадисте айтылған сол жіп ешқашан үзілмейді. Оны бекем ұстасақ, тура жолдан адаспаймыз».

Бұл ұйыммен күресудің жалғыз жолы – дәстүрлі, классикалық Исламның сабақтарын ретті түрде түсіндіре білу, дұрыс оқыту. Кейде кейбір азаматтар тарапынан: «Жалпы қандай да бір діни радикализмге ұрынғандар мен түрлі ағымның жетегінде кеткендер қайтпайды, оңалмайды, олардың бәрін түрмеге тоғыту керек, жою керек» деген көзқарастарды естіп қаламыз. Мұндай қатқыл көзқарастар дұрыс емес және адам құқықтарына қайшы. Олар мүлдем қайтпайды, оңалмайды деп бекініп айтуға болмайды. Ол – үмітсіздік. Үмітсіздікке бой алдыру, оңалмайды деп қолды сілтеу шешім емес. Қандай жағдайда да олармен жан-жақты ақпараттық түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, қолдан келген амалдың бәрін жасау керек. Әрине, ол оңай емес. Өйткені бұл – түсініктер мен идеологиялардың шайқасы. Сондықтан біз мұндай теріс идеологиядан өзімізді, жақын адамдарымызды барынша сақтауымыз қажет.

Бақдаулет НҰРМАТҰЛЫ,

Шымкент қаласының бас имамы

Мұнара газеті, №23

Таңбалар: діни ағымтерроризмХизбут тахрир
БөлісуТвитергеБөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Хизбут-Тахрир қандай ұйым?
Сұрақ-жауап

«Хизбут тахрир» ұйымының қандай айла-тәсілдері бар?

17.05.2026
“Жиһадтың” жасырын насихаты
Видео

“Жиһадтың” жасырын насихаты

15.05.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Сарапшылар кеңесінің кезекті мәжілісі өтті

Сарапшылар кеңесінің кезекті мәжілісі өтті

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Танымал тақырыптар

  • Құрбан айт – құтты мереке

    Айт намазының кестесі (барлық қала бойынша)

    1.8k
  • Құрбан айт қашан басталады?

    1.4k
  • 27 мамыр – Құрбан айттың бірінші күні

    575
  • Өте маңызды өсиет

    275
  • VIP қажылық ысырап емес пе?

    151

Соңғы жарияланымдар

Ислам

Бір хадистен – жеті хикмет

20.05.2026
Сарапшылар кеңесінің кезекті мәжілісі өтті
Жаңалықтар

Сарапшылар кеңесінің кезекті мәжілісі өтті

20.05.2026
Хизбут-Тахрир қандай ұйым?
Ағымдар ақиқаты

“Хизб-ут Тахрир” ұйымының қателіктері

20.05.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00