Бейсенбі, 21 Мамыр, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Сайрамдағы Қарамұрт елді мекенінің атауы қайдан шыққан?

20.04.2026
- Қоғам, Таңдаулы
0
49
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Қазақ жерінде кездесетін көптеген елді-мекен атаулары өз бойына терең тарихты, аңыз бен халық жадын сақтайды. Солардың бірі – Сайрам өңіріндегі Қарамұрт. Бұл атаудың шығу тегі Ислам дінінің Орта Азиядағы ұлы тұлғасы Қожа Ахмет Ясауидің есімімен тікелей байланысты.

Оңтүстік аймақта Қожа Ахмет Ясауидің киелі атағы елге тарала бастаған тұста оның беделін көре алмаған Ақман мен Қараман деген екі қараниет бек болыпты. Хазіреттің халық арасындағы ықпалының күшейе түсуінен сескенген олар оны құртуға бекінеді.

Бірде екі бек ханның өгізін ұрлап сойып, етін Ясауидің қорасына жасырады. Содан кейін ханға барып арыз қылды:

– Әулиеміз ұры екен. Күндіз елді басына көшіріп «зікір» салады. Қараңғы болса жұрттың малын ұрлайды. Көк өгізді ұрлады. Сенбесеңіз, үйін тексерейік. Жалған сопының тиісті жазасын берейік, – десіпті.

Бір хадистен – жеті хикмет

20.05.2026
Хизбут-Тахрир қандай ұйым?

“Хизб-ут Тахрир” ұйымының қателіктері

20.05.2026

Хан тексеруге барады. Аттан түсер-түспестен Ақман мен Қараман қораға жүгіріп, өгіздің етін сүйреп шықты. «Терісін мен көрсетемін, жоқ мен көрсетемін», – деп аяқастынан өзара таласып кетті. Бұл манаптардың сайқымазақ кейпін көрген хан аң-таң қалды.

Сол сәтте қатты қапа болған Ясауи бабамыз:

– «Осы рас болса мені Құдай атсын, ал жапқандары жала болса, иә, Аллам, мына екеуін итке айналдыр, Аллаһу акбар!», – деп бетін сипады. Сол заматта екі бек шикі етті жұлмалап, теріні тістеп, ырылдасқан ақ және қара иттерге айналып кетеді. Бұған куә болғандар үркіп, қаша жөнеледі. Хан Ясауиден кешірім сұрап:

– «Әулиеге жала жапқаның Құдайды қарғағанмен бірдей. Жала жабамын деп жаза таптыңдар. Обалдарың өздеріңе», – деп кері қайтты.

Содан сол, итке айналған Ақман мен Қараман ішкі күйік және ызамен жалғыз-жарым адам біткенді талап, малға да тыныштық бермейді. Түрлері сұсты, ұлыған үндері жын-перінің үнін еске салатын. Денесіне оқ дарымайтын бұл жыртқыштардан бұқара үрейленіп, кейбіреулер бұл маңнан басы ауған жаққа қашып кетеді. Сонда Ясауидің бір батыл шәкірті қараптан қарап отыра алмай, ұстазына келіп, аймақ мазасын кетірген екі итті жоюға бата сұрап келеді:

– «Тақсыр, елдің мазасын алып, жұртты әбігерге салған екі итті құртсам деп едім!».

Ясауи ұзақ ойланады. Итке айналса да олар бір кездері адам еді. Бірақ адамзат жейтін аңға айналған соң, оң шешімін берген-ді. Шәкіртіне бата қылады.

Мұнан кейін шәкірт садағын асынып, иттердің ізіне түскендейін. Аз іздеді ме, көп іздеді ме, Сайрамға жақын жерде апандарын табады. Жыртқыштар күндіз ұйықтап, түнде жортатын болып шықты. Қараңғы түскенде екі ит апаннан шығады. Көздері от боп жанып, жүндері тікірейіп, азу тістері қанжардай өткір еді. Шәкірт Хақ тағала құдіреттен жәрдем тілеп, олардың бойларынан ұрымтал жер іздеп, бірінші арнаған сұр жебесін атып жібереді. Жебе зырқырап барып ақ иттің жалғыз осал жері – көзін тесіп өтті. Ит сілейіп жығылады. Бірақ жан беру оңай емес. Қара ит бұта түбіне бұқпантайлаған жас аңшыны байқап, тұра ұмтылады. Шәкірт екінші жебені оқтауға үлгермейді. Ит кеудесінен басып, алқымына ауыз салмақ болғанда жігіт қанжарын суырып, қарнына салады. Жыртқыш сол жерде арам өледі.

Жігіттің бұл ерлігі халық арасына тарап, барша жамағат еркін тыныстайды. Көшіп кеткендер де қайта орала бастайды. Бұл маңға бақ-берекет қайта орнайды. Ел шат-шадман, мәз-мейрам. Тек бәрінің көкейінде бір сұрақ болды. Әлгі аңшы, ер-азамат кім?

Ешкім түп атасын танып, есім-сойын нақтылап сұрап үлгермеген екен. Оның атын білмеген жұрт қою қара мұртына қарап, «Бір мұртты жігіт еді ғой», – деп, «Қарамұрт» атап кетіпті. Екі иттің жойылған жерін де «Қарамұрт» деп атайды. Уақыт өте бұл жер атауы тұрақтап, Сайрам өңірінде Қарамұрт деген елді-мекен пайда болады.

Айта кетейік, бұл оқиға Түркістан тараптағылардың күллісіне мағлұм. «Әнебір итке айналғандар сияқты болып қалмайық», – деп, сақтанып жүреді. Сырттағылар ұмытыңқыраған. Дегенмен еске алынып, ащы сабақ ретінде айтылудан кенде емес.

Айталық, маңғыстаулық көрнекті ақын Светқали Нұржанның «Құл Қожа Ахмет Ясауи һәм Ақман-Қараман хикаясы» атты әфсәна-дастаны бұған мысал бола алады. Ол бұл хикаяны Әзірет сұлтанға жасалған идеологиялық шабуылдар өршіген бір жылдары:

«Әулиеме соншама өшігеді кер-маңдай –

Әзірет Сұлтан сиырын ұрлап сойып алғандай!

Иә, айтпақшы, бәрі де басталған-ды сиырдан,

Бұл бір кеп-ті ізі өшпей келе жатқан қиырдан.

Шықты тағы алдымнан сол баяғы бүлік сан,

«Қайталанар, – деуші еді, – тарихты ұмытсаң», – деп өлеңге қосты.

Қалай дегенде де Ақман мен Қараман оқиғасында кейінгілерге ұлы сақтандыру бар. Ал Қарамұрт, ол – Қарамұрт болып қалды.

Абылайхан ҚАЛНАЗАРОВ

Таңбалар: Ахмет ЯсауиҚарамұртСайрам ауданы
Бөлісу1Твитерге1БөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Мақала жоқ
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Исламдағы аманат түсінігі қандай?

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Танымал тақырыптар

  • Құрбан айт – құтты мереке

    Айт намазының кестесі (барлық қала бойынша)

    1.8k
  • Құрбан айт қашан басталады?

    1.4k
  • 27 мамыр – Құрбан айттың бірінші күні

    575
  • Өте маңызды өсиет

    275
  • VIP қажылық ысырап емес пе?

    151

Соңғы жарияланымдар

Ислам

Бір хадистен – жеті хикмет

20.05.2026
Сарапшылар кеңесінің кезекті мәжілісі өтті
Жаңалықтар

Сарапшылар кеңесінің кезекті мәжілісі өтті

20.05.2026
Хизбут-Тахрир қандай ұйым?
Ағымдар ақиқаты

“Хизб-ут Тахрир” ұйымының қателіктері

20.05.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00