Жұма, 11 Қыркүйек, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Елде кітапханаларға келушілер саны 57 миллионға жетті

06.06.2026
- Жаңалықтар, Таңдаулы
0
27
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Бүгінде Қазақстандағы кітапханалар жаңа даму кезеңіне аяқ басты. Келушілер санының артуы, оқырмандар қатарының көбеюі және кітапқа деген сұраныстың жоғары болуы қоғамда оқу мәдениетіне деген ықыластың күшейгенін көрсетеді. 

Мемлекет басшысы кітап оқу мәдениетін дамытуға айрықша мән беріп отыр. Президент кітаптың зияткер, ойлы әрі прогрессивті ұлт қалыптастырудағы рөлі ерекше екенін бірнеше рет атап өткен болатын.

— Қазіргі уақытта кітапханалар еліміздегі ең көп баратын мәдениет мекемелерінің қатарында. Соңғы деректер бойынша кітапханаларға келушілер саны 57 миллионға жетті. Пайдаланушылар қатары 5,3 миллионнан 5,5 миллион адамға дейін көбейді. Ал оқырмандарға берілген кітап көлемі 85,7 миллионнан 88,9 миллион данаға ұлғайды. Бұл көрсеткіштер қоғамда кітапқа деген қызығушылықтың сақталып қана қоймай, тұрақты түрде артып отырғанын айғақтайды.

Кітапханаларды әсіресе 17 мен 25 жас аралығындағы жастар белсенді пайдаланады. Көркем әдебиетке, қазақ классикасына, тарих, этнография, психология, жаңа технологиялар және ғылыми-көпшілік бағыттағы басылымдарға сұраныс жоғары. Соңғы бір жылдың өзінде балалар әдебиетіне қызығушылық 75 пайызға өсті. Ал қазақ классикасы мен қазақ тіліне аударылған шетел әдебиетіне деген сұраныс 50 пайызға артты, — делінген министрлік хабарламасында.

Дәстүрлі қызмет түрлерімен қатар цифрлық кітапхана сервистері де қарқынды дамуда. Кітапханалар автоматтандырылған жүйелерге көшіп, электронды каталогтарын кеңейтуде. Жасанды интеллектке негізделген шешімдер енгізіліп, кітап қорына қашықтан қол жеткізу мүмкіндігі арта түсті. Электронды кітапхана ресурстарын пайдаланушылар саны 30 пайызға өсіп, 718 мың адамға жетті. Жалпы кейінгі 5 жылда онлайн оқырмандар саны 4 миллионнан асты, ал электронды форматтағы кітаптарды қарау көрсеткіші 9 миллионнан жоғары болды.

Бүгінде кітапханалар әр буын өкілін тоғыстыратын рухани және танымдық ортаға айналды. Мұнда мәдени-ағартушылық іс-шаралар, авторлармен кездесулер, кітап көрмелері, білім беру жобалары мен зияткерлік клубтар тұрақты түрде ұйымдастырылады. 2025 жылы еліміздің кітапханаларында 250 мыңнан астам іс-шара өтті.

Сауд Арабиясымен архив ісіндегі ынтымақтастық

Сауд Арабиясымен архив ісіндегі ынтымақтастық

10.09.2026
«QMDB EXPO-2026» халықаралық көрмесі өтеді

«QMDB EXPO-2026» халықаралық көрмесі өтеді

10.09.2026

— Сонымен қатар елімізде кітапханалар салу және оларды жаңғырту жұмыстары жалғасып жатыр. Астана, Алматы және Қызылорда қалаларында жаңа Президент кітапханаларын салу жоспарланған. Бүгінге дейін қалалық және ауылдық 36 кітапхана жаңғыртылды. 2026 жылы тағы 30 кітапхананы жаңарту көзделіп отыр, — делінген хабарламада.

https://kaz.inform.kz/news/ktaphanaga-17-men-25-zhas-araligindagi-zhastar-koptep-keled-31886b7d

Таңбалар: кітап оқукітапхана
Бөлісу1Твитерге1БөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Жаңалықтар

Кітапхана ісінің мамандарына арналған жаңа ақпараттық портал ашылды

08.09.2026
Электронды кітапхананы пайдалану көрсеткіші
Инфографика

Электронды кітапхананы пайдалану көрсеткіші

26.08.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Мүфтилер алқасының кезекті отырысы

Мүфтилер алқасының кезекті отырысы

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Танымал тақырыптар

  • Қорғансыздың тағдыры

    Қорғансыздың тағдыры

    535
  • Ер мен әйелдің беттен сүйіп амандасуы дұрыс па?

    523
  • Көкшетауда қоғамдық келісімді нығайтудағы мемлекеттік тілдің рөлі талқыланды

    516
  • Лаос Президенті Ұлттық музейге барды

    514
  • Қару-жарақ тәркіленді

    513

Соңғы жарияланымдар

Сауд Арабиясымен архив ісіндегі ынтымақтастық
Жаңалықтар

Сауд Арабиясымен архив ісіндегі ынтымақтастық

10.09.2026
«QMDB EXPO-2026» халықаралық көрмесі өтеді
Жаңалықтар

«QMDB EXPO-2026» халықаралық көрмесі өтеді

10.09.2026
Сұрақ-жауап

Ислам дінінің қоғамдағы қызметі қандай?

10.09.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00