Жұма, 12 Маусым, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Жасөспірімдерді радикалды идеологиядан қалай қорғаймыз?

13.03.2026
- Ағымдар ақиқаты
0
Суретті ЖИ жасаған

Суретті ЖИ жасаған

22
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Қазіргі ақпараттық заманда жасөспірімдердің санасы түрлі идеялар мен көзқарастардың ықпалында қалыптасады. Әсіресе интернеттің кең таралуы жастардың әлеммен байланысын күшейткенімен, олардың санасына жат әрі қауіпті идеологиялардың енуіне де жол ашып отыр. Соның ішінде радикалды діни көзқарастар – қоғам үшін де, жеке тұлғаның болашағы үшін де үлкен қауіп төндіретін құбылыстардың бірі.

Жасөспірім шақ – тұлғалық қалыптасу кезеңіндегі ең нәзік кезең. Бұл уақытта адам өзін, өмірдің мәнін, қоғамдағы орнын іздей бастайды. Осындай ізденіс кезеңінде олар әртүрлі ақпарат көздеріне жүгінеді. Егер осы кезде дұрыс бағыт-бағдар берілмесе, кейбір жастар интернеттегі немесе әлеуметтік желілердегі радикалды мазмұндағы уағыздарға сеніп қалуы бек мүмкін. Өйткені мұндай идеологиялар көбіне қарапайым әрі әсерлі сөздермен жеткізіліп, жастардың эмоциясына әсер ету арқылы оларды өз қатарына тартуға тырысады.

Жасөспірімдерді радикалды идеологиядан қорғаудың ең тиімді жолдарының бірі – дұрыс діни сауат қалыптастыру. Дін туралы үстірт немесе қате түсінік көбіне адасудың басты себептерінің бірі болады. Сондықтан жастарға діннің шынайы мәнін, оның адамгершілікке, мейірімділікке, бейбітшілікке үндейтінін дұрыс түсіндіру өте маңызды.

Дін ешқашан зорлық-зомбылыққа, қоғамға іріткі салуға, нақақ жазықсыз адамның қанын төгуге шақырмайтынын жас ұрпақ санасына сіңіру қажет. Сондай-ақ, жастарды жат идеологиядан құтқарудың ең төте жолында отбасының да рөлі ерекше. Баланың алғашқы тәрбиесі отбасында қалыптасады. Ата-ана баласының кіммен араласатынын, қандай ақпарат көздерін қарайтынын бақылап қана қоймай, онымен ашық сөйлесе білуі керек. Жасөспірім өз ойын, сұрағын немесе күмәнін ең алдымен ата-анасына айта алатындай сенім болуы қажет. Егер бала өз сұрағына үйден жауап таба алмаса, оны сырттан іздей бастайтыны бесенеден белгілі. Ал сырттағы ақпараттың бәрі бірдей дұрыс бола бермейді.

Жат ағым ұстанымдарына жауап

Жат ағым ұстанымдарына жауап

03.06.2026
Әлеуметтік желі адастырмасын…

Әлеуметтік желідегі діни идеология: пайдасы мен зияны

24.05.2026

Сонымен қатар, бұл мәселеде мектеп пен қоғамның да арқалап отырған жауапкершілігі үлкен. Білім беру ұйымдарында жастардың сыни ойлау қабілетін (фильтр) дамыту, ақпаратты сараптай білу мәдениетін қалыптастыру маңызды. Жастар кез келген ақпаратты бірден қабылдай салмай, оның шынайылығын тексере алатындай деңгейде болуы керек. Бұл – қазіргі ақпараттық қоғамда аса қажет қабілеттердің бірі.

Тағы бір маңызды мәселе – жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру. Спорт, өнер, білім, қоғамдық жұмыстар сияқты пайдалы істерге тартылған жасөспірімнің санасы бос болмайды. Ал бос уақыт көп болған сайын адам әртүрлі күмәнді ақпараттарға да оңай тап болары анық.

Жалпы алғанда, жасөспірімдерді радикалды идеологиядан қорғау – тек бір мекеменің немесе бір адамның, не имамдар мен теологтардың ғана міндеті емес. Бұл – отбасы, мектеп, қоғам және мемлекет бірлесе отырып атқаратын ортақ іс. Егер біз жас ұрпақтың санасына дұрыс құндылықтарды сіңіріп, оларға рухани әрі адамгершілік тәрбие бере алсақ, онда олар қандай да бір жат идеологияға ермейтін, саналы әрі жауапты азамат болып қалыптасады. Себебі қоғамның болашағы – бүгінгі жастардың қолында. Ал олардың санасының таза, ойының дұрыс болуы – баршамыздың ортақ жауапкершілігіміз.

Бақберген СӘРСЕНБАЙҰЛЫ,

 Қызылорда облысы дін істері

басқармасы «Дін мәселелерін

зерттеу орталығының» теолог маманы

Таңбалар: деструктивті діни ағымрадикалды идеологиясекта
БөлісуТвитергеБөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Радикалды көзқарастан арылту мен оңалту мамандарына арналған курс өтіп жатыр
Жаңалықтар

Радикалды көзқарастан арылту мен оңалту мамандарына арналған курс өтіп жатыр

12.06.2026
Жалған ағым жанашырлықпен баурайды
Видео

Жалған ағым жанашырлықпен баурайды

11.06.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Қазақтың рухани әлемі және елдік мүдде

Қазақтың рухани әлемі және елдік мүдде

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Танымал тақырыптар

  • Құрбан айт – құтты мереке

    Айт намазының кестесі (барлық қала бойынша)

    3.3k
  • 27 мамыр – Құрбан айттың бірінші күні

    659
  • Бір хадистен – жеті хикмет

    87
  • Бақырша елді мекені атауы қайдан шыққан?

    84
  • Қауіпсіз сана – қауіпсіз бала

    55

Соңғы жарияланымдар

Радикалды көзқарастан арылту мен оңалту мамандарына арналған курс өтіп жатыр
Жаңалықтар

Радикалды көзқарастан арылту мен оңалту мамандарына арналған курс өтіп жатыр

12.06.2026
Ұлы даланың мәдени коды
Видео

Ұлы даланың мәдени коды

12.06.2026
Қазақстан ең тартымды мемлекет деп танылды
Жаңалықтар

Қазақстан ең тартымды мемлекет деп танылды

12.06.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00