Сәрсенбі, 29 Сәуір, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Қазақстан музейлерінің бірыңғай цифрлық жүйесі – E-museum порталы таныстырылды

25.12.2025
- Жаңалықтар, Таңдаулы
0
19
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде E-museum порталының презентациясы өтті. Жоба еліміздегі музейлердің бірыңғай цифрлық кеңістігін қалыптастыру мақсатында, Мемлекет басшысы айқындаған міндеттер аясында жүзеге асырылды.

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева музей саласы елдің мәдени-рухани дамуы мен тарихи мұрасын сақтау үшін ерекше маңызды екенін атап өтті. Оның айтуынша, бүгінде жаһандану мен цифрландыру үдерісі мәдениет саласына да жаңа талаптар жүктеп отыр. Осы орайда Мемлекет басшысы мәдени мұраны цифрландыруға ерекше көңіл бөлетіні де сөз етілді.

«Ұлттық мұрамызды сақтау, ғылыми айналымға енгізу және кең аудиторияға қолжетімді ету – мемлекетіміздің мәдени саясатының басым бағыттарының бірі. Музей саласын цифрландыру оның халықаралық деңгейде танылуына және насихатталуына ерекше әсер етері сөзсіз», – деді Аида Балаева.

Қазіргі кезде Қазақстанда 280-ден астам республикалық, өңірлік музей және музей-қорықтар жұмыс істейді. Музей қорларында 4,5 миллионнан астам экспонат сақталған. Музейлерге жыл сайын 6 миллионнан астам адам келеді. E-museum порталы еліміздегі музей қорларын бірыңғай цифрлық платформаға біріктіреді. Жоба мәдени құндылықтарды ғылыми тұрғыда сипаттауды және халықаралық мәдени кеңістікте таныстыруды мақсат етеді. Сонымен қатар, бұл портал шетелдік музейлермен, ғылыми орталықтармен және мәдени ұйымдармен ақпараттық және ғылыми ынтымақтастықты дамытуға ықпал етеді.

Жоба кезең-кезеңімен жүзеге асырылып, нақты нәтижелер көрсетті. 2023 жылы жүйеге 33 музей қосылды. 15 мыңнан астам музей экспонаты цифрлық форматқа көшірілді. 50 үшөлшемді модель жасалды. 2024 және 2025 жылдар қорытындысы бойынша жүйеге еліміздің мемлекеттік музейлері толық енді. Жүйеге Қазақстанның барлық 20 өңірінен 252 музей қосылды.

Дипломсыз медресе – дүбара дін

Дипломсыз медресе – дүбара дін

28.04.2026
Халықаралық сарапшылар қазақстандық реставраторларға дәріс өткізді

Халықаралық сарапшылар қазақстандық реставраторларға дәріс өткізді

28.04.2026

Цифрлық каталогқа 66 мыңнан астам музей қорының бірлігі енді. 750 үшөлшемді модель әзірленді. Көрерменге арналған музей экспозицияларынан тұратын 15 виртуалды тур бар. Жоба өңірлік музейлердің әлеуетін арттырып, қашықтыққа қарамастан мәдени мұраны қолжетімді етуге мүмкіндік береді. E-museum жобасының дамуы Қазақстанның халықаралық мәдени имиджін нығайтуға сеп болады.

 

Таңбалар: E-museum порталымузейлер
БөлісуТвитергеБөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Мақала жоқ
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Бауыржан Момышұлына «Халық қаһарманы» атағы берілді

Бауыржан Момышұлына "Халық қаһарманы" атағы берілді

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

  • Індеттен қайтыс болған адамның мәйітін жерлеу туралы пәтуа

    123379 бөлісті
    Бөлісу 49352 Твитерге 30845
  • Духа намазы қалай оқылады?

    5258 бөлісті
    Бөлісу 2103 Твитерге 1314
  • Сәби шағында қайтыс болған бала ата-анасына шапағатшы бола ма?

    3077 бөлісті
    Бөлісу 1231 Твитерге 769
  • Құран аяттарын ғұсыл-дәретсіз оқуға бола ма?

    3344 бөлісті
    Бөлісу 1338 Твитерге 836

Соңғы жарияланымдар

Дипломсыз медресе – дүбара дін
Видео

Дипломсыз медресе – дүбара дін

28.04.2026
Халықаралық сарапшылар қазақстандық реставраторларға дәріс өткізді
Жаңалықтар

Халықаралық сарапшылар қазақстандық реставраторларға дәріс өткізді

28.04.2026
ТМҰ Пәтуа кеңесінің мәжілісі өтті
Жаңалықтар

ТМҰ Пәтуа кеңесінің мәжілісі өтті

28.04.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00