Сенбі, 25 Сәуір, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Заң үстемдігі зорлыққа жол бермейді

25.11.2025
- Жаңалықтар, Таңдаулы
0
21
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Кеше Астанада Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысымен Қазақстандық қоғамдық даму институты Отбасы және гендерлік саясат саласындағы зерттеулер орталығы әзірлеген «Қазақстан Республикасындағы отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу туралы» ұлттық баяндаманың таныстырылымы өтті.

Бұл іс-шара Біріккен Ұлттар Ұйымының «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» халықаралық науқанының басталуымен орайластырылып отыр. Айта кетсек, аталған науқан 25 қарашадан 10 желтоқсанға дейін жалғаспақ. Тұрмыстық зомбылықты түп-тамырымен жоюға бағытталған бастамаға Қазақ елі де үлесін қосып келеді.

Баяндама таныстырылымында сөз сөйлеген Мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов БҰҰ бастамасымен жүзеге асып жатқан биылғы науқанның тақырыбы әйелдер мен қыздарға қатысты цифрлық зорлық-зомбылыққа қарсы күресте күш біріктіруге арналғанын айтты. Осы орайда республикамызда бес жүзге тарта іс-шара жоспарланғанын, оның ішінде ақпараттық-ағартушылық жұмыстар, семинарлар, маман кеңестері, сондай-ақ зорлық-зомбылықтың алдын алу мен жәбірленушілерге қолдау көрсетуге бағытталған қоғамдық әрі жастар бастамалары бар екенін тілге тиек етті.

«Біздің басты мақсатымыз – әрбір баланың, әр адамның отбасында және қоғамда өзін қауіпсіз сезінуі. Зорлық-зомбылықтың алдын алу тек заңнамамен немесе қызметтермен шектелмейді, ол тұлғалар арасында өзара құрмет пен қолдау мәдениетін қалыптастыруды талап етеді» деді ол.

Зейнеткерлер жалпықалалық сенбілікке қатысты

Зейнеткерлер жалпықалалық сенбілікке қатысты

25.04.2026
Медресе-колледж студенттері арасында республикалық олимпиада басталды

Медресе-колледж студенттері арасында республикалық олимпиада басталды

24.04.2026

Е.Кочетовтің айтуынша, ұлттық баяндама Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысымен жылына екі рет әзірленеді. Оның негізгі мақсаты – еліміздегі отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесін терең зерттеп, оны шешуге арналған нақты тәжірибелік ұсыныстар әзірлеу.

«Ұлттық баяндама өңірлердегі жағдайды объективті бағалауға, саясаттың тиімділігін анықтауға және қандай бағыттарды күшейту қажеттігін айқындауға мүмкіндік береді. Ол қабылданатын шаралардың қоғамның шынайы қажеттіліктеріне сай болуын қамтамасыз ететін негізгі аналитикалық құрал. Баяндамадағы деректер сарапшылар қауымдастығы мен мемлекеттік органдар тарапынан кеңінен пайдаланылады, ал баяндама ұсынымдары стратегиялық және нормативтік құжаттарды әзірлеуде ескеріледі» деді вице-министр.

Е.Кочетов былтыр елімізде заңнамаға өзгерістер енгізіліп, тұрмыстық зомбылыққа қатысты кейбір әкімшілік құқық бұзушылықтар қылмыстық құқық бұзушылық санатына ауыстырылғанын, содан бері оң үрдістер байқалып отырғанын жеткізді. Отбасын қолдау орталықтарының саны үш есеге көбейіп, 33-тен 131-ге дейін артқан. Жыл басынан бері бұл орталықтарға 44,5 мыңнан аса өтінім келіп түскен. Оның ішінен 20 мың отбасы құқықтық, психологиялық, әлеуметтік кеңес алса, 15,4 мың отбасы кешенді қадағалауда жүр.

«Ұлттық баяндама мәліметтеріне сүйенсек, қоғамда әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бағытында оң өзгеріс бар. Мұндай көзқарастағы адамдар саны кейінгі екі жылда 8 пайызға артып отыр» деді ол.

Айта кетсек, ұлттық баяндама төрт аналитикалық блоктан тұрады: қазіргі жағдайды бағалау, зорлық-зомбылықтың жасырын түрлерін талдау, қолданыстағы шаралардың және профилактикалық тәжірибелердің тиімділігіне шолу. Зерттеу әлеуметтанулық сауалнама деректеріне, ресми статистикаларға және сараптамалық бағалауға негізделген.

ҚҚДИ басшысы Жұлдызай Ысқақова баяндаманың отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық саласындағы ахуалды талдауға арналған маңызды құрал екенін және оның зорлық-зомбылықтан қорғау жүйесін жетілдіруге арналған шешімдерді айқындауға негіз болатынын атап өтті. Сондай-ақ азаматтардың, әсіресе әйелдер мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мемлекет саясатының басым бағыттарының бірі екенін де тілге тиек етті.

Жиын барысында өзге де қатысушылар сөз алып, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға бағытталған мемлекет саясатын одан әрі жетілдіру жөніндегі ұсыныстарын ортаға салды.

Ескендір ЗҰЛҚАРНАЙ

Таңбалар: заң үстемдігізорлық-зомбылықұлттық баяндама
БөлісуТвитергеБөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Зайырлы елдің іргетасы – заң үстемдігі
Видео

Зайырлы елдің іргетасы – заң үстемдігі

10.03.2026
1 шілдеден бастап жәбірленуші арызданбаса да, полиция із қозғайды – ІІМ
Жаңалықтар

«Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн» халықаралық науқаны басталды

25.11.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Ислам ипотекасы қаншалықты пайдалы?

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

  • Індеттен қайтыс болған адамның мәйітін жерлеу туралы пәтуа

    123159 бөлісті
    Бөлісу 49264 Твитерге 30790
  • Духа намазы қалай оқылады?

    5252 бөлісті
    Бөлісу 2100 Твитерге 1313
  • Сәби шағында қайтыс болған бала ата-анасына шапағатшы бола ма?

    3073 бөлісті
    Бөлісу 1229 Твитерге 768
  • Шәууәл айының ораза кестесі (қалалар бойынша)

    456 бөлісті
    Бөлісу 182 Твитерге 114

Соңғы жарияланымдар

Дінтанушы: Қазақстандағы діни бірлестіктер – қоғам тұрақтылығының маңызды бөлігі
Сұхбат

Дінтанушы: Қазақстандағы діни бірлестіктер – қоғам тұрақтылығының маңызды бөлігі

25.04.2026
Зейнеткерлер жалпықалалық сенбілікке қатысты
Жаңалықтар

Зейнеткерлер жалпықалалық сенбілікке қатысты

25.04.2026
Толеранттылығы жоқ елдің түтіні түзу шықпайды
Мемлекет және дін

Өзге дін өкілін құрметтеу – толеранттылықтың белгісі

24.04.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00