Дүйсенбі, 26 Қазан, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Ортақ құндылықтарды жақындататын көпір

25.11.2025
- Мемлекет және дін
0
77
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Бүгінде түрлі мәдениет пен түрлі сенім өкілдері бір қоғамда өмір сүреді. Осындай ортада өзге дін өкілімен дос болу – тек төзімділік белгісі ғана емес, рухани байлықты арттыратын, адамдық өрісті кеңейтетін ерекше мүмкіндік. Бұл – қоғамды ұйыстыратын, адамдарды жақындастыратын үлкен мәдени құндылық.

Өзге сенімдегі адаммен достық – кісілікті, кеңпейілділікті, ізеттілікті күшейтеді. Түрлі көзқарасты қабылдай білу, қарсы пікірді тыңдау, өзгеге құрметпен қарау – нағыз парасатты тұлғаның белгісі. Көпқырлы ортада жүріп адам өз мінезін шыңдап, төзімділігін арттырады. Бұл – жеке тұлғаның биік мәдениетке жету жолы.

Әр халықтың, әр діннің өз ерекшелігі бар. Өзге діндегі дос – сол әлемге ашылған терезе.Ол арқылы адам жаңа дәстүрлермен, философиямен, ойлау үлгісімен танысады. Бөгде дүниені көріп білген сайын адам санасы кеңейіп, дүниетанымы байи түседі. Бұл – рухани дамудың ең мықты жолдарының бірі.

Өзге діндегі досы бар адам ешқашан өшпенділікке, дінге қатысты араздыққа бой алдырмайды. Өйткені ол нақты адамды таниды, оның жүрегін, ниетін, құндылығын біледі.Осындай жеке қарым-қатынас қоғамдағы бейбітшіліктің де негізін қалайды.

Как радикалы планировали теракт в «Пирамиде»

Қазақстан жастарының идеологиялық мәдениетін қалыптастырудағы дінтанудың философиялық аспектілері

20.10.2026
Рухани келісім – бірліктің берік негізі

Рухани келісім – татулық пен өзара құрметтің негізі

15.10.2026

Қазақтың «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» дейтіні бар – дос арқылы адам дұрыс түсінік қалыптастырады.

Діндердің үні әртүрлі болғанымен, түбінде қайсысы да ізгілікке, адамгершілікке, әділетке үндейді. Өзге сенім иесімен достық құру – осындай ортақ құндылықтарды сезінудің шынайы жолы. Жақсы қарым-қатынас арқылы дін туралы теріс түсініктер азайып, адам санасы ашылады.

Бүгінгі қоғамның мәселелері – дін атаулыдан жоғары тұрған ортақ проблемалар: жастар тәрбиесі, отбасы құндылығы, білім, еңбек мәдениеті, экология, қауіпсіздік. Өзге дін өкілімен дос болу осындай мәселелерде пікір алмасуға, жаңа шешімдер табуға, әлеуметтік байланыс орнатуға жол ашады.

Өз сеніміне берік адам өзге діндегі досымен қарым-қатынастан қорықпайды. Керісінше, «өзгені таныған адам – өзін таниды» дегендей, ол жүрегіндегі имани құндылықтарды одан сайын бағалай бастайды. Адамгершілік, әділдік, мейірім – барлық дінге ортақ қасиеттер. Достық осы қасиеттерді күшейтеді.

Қазақстан – көпэтносты, көпконфессиялы ел. Мұнда түрлі дін өкілдерінің достығы – қоғам тұрақтылығының басты кепілі. Қарапайым адамдардың арасындағы өзара сыйластық пен достық – ірі саяси келісімдердің де негізін нығайтады.

Осы тұрғыдан алғанда, өзге дін өкілін дос тұту – елдік тұтастығымызды бекемдейтін азаматтық мәдениет. Ол – жүректі кеңейтетін, ойды ашатын, қоғамды біріктіретін рухани көпір.Адамды жетілдіретін, қоғамды көркейтетін, ел ішіндегі татулықты сақтайтын үлкен құндылық.

Адамдықтың еншіcі – сыйластықта, ал сыйластықтың тірегі – өзгені түсініп, құрметтей білу.

Ж.БАҚЫТБЕК

Таңбалар: дінаралық достықконфессияаралық келісім
Бөлісу2Твитерге1БөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Дінаралық диалог – ислам сеніміне қайшы келмейді
Сұрақ-жауап

Өзге діндегілерге жақсылық жасауға бола ма?

21.09.2026
Қазақ-қырғыз бауырластығына күрес әлемінен 3 мысал
Мемлекет және дін

Қазақстандық мәдениеттегі толеранттылық дәстүрі

17.09.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Жұлдыз Данбаева: Шетелден шипа іздейтіндер ел медицинасының әлеуетін ескермейді

Жұлдыз Данбаева: Шетелден шипа іздейтіндер ел медицинасының әлеуетін ескермейді

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Танымал тақырыптар

  • О молитве джамаатом после намаза

    Намаз жайлы қысқаша сипаттама айтасыз ба?

    73
  • Діни азғындануға алып баратын себептер қандай?

    70
  • Сауд Арабиясы бес ұшқышсыз ұшу аппаратын атып түсірді

    68
  • Тағаттылық Ислам дініне қайшы ма?

    66
  • Елімізде тіркелген діни білім беру ұйымдары (3-тоқсан)

    63

Соңғы жарияланымдар

Қ. Тоқаев: Рамазан рухты тазартып, жан-дүниені жаңғыртады
Жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев: Бұл – қазақ мемлекеттілігінің қайта жаңғыруын айшықтайтын қастерлі мереке

25.10.2026
«Бозоқ» және «Несвиж» музей-қорықтары ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды
Жаңалықтар

«Бозоқ» және «Несвиж» музей-қорықтары ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

24.10.2026
Ислам

Туған елдей ел болмас, туған жердей жер болмас

24.10.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00