Дүйсенбі, 17 Қараша, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Дін мен дәстүр – егіз ұғым

05.11.2025
- Қоғам, Таңдаулы
0
30
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Адамзат тарихында дін мен дәстүрдің өзара байланысы әрдайым ерекше орын алған. Бұл екеуі – халықтың рухани тірегін құрайтын қос таған. Дін – сенім мен ар-ожданның өлшемін айқындаса, дәстүр – сол сенімді күнделікті өмірде жүзеге асыратын нақты әрекеттер жүйесі. Егер дінді адамның жүрегіндегі иман, сенім, ар тазалығы деп қабылдайтын болсақ, дәстүр – сол иманды қоғамға жақын тілде жеткізіп, өмірдің бөлінбес бөлігіне айналдыратын құрал. Сол себепті дәстүр мен дінді егіз ұғым ретінде қарастыру – ғылыми да, тарихи да тұрғыдан дұрыс түсінік.

Қазақ қоғамында дін мен дәстүрдің тұтастығы айқын сезіледі. Мәселен, қазақтың қонақжайлығы – жай ғана әдет емес, ол діни сеніммен астасқан терең ұғым. «Үлкенді сыйлау, ата-ананы ардақтау, жетім-жесірге қол ұшын беру – ислам дініндегі ең негізгі ұстанымдар болса, қазақ дәстүрінде бұл өмірлік қағидаға айналған. Яғни, халқымыздың салт-дәстүрі діннің құндылықтарымен үйлесіп, ғасырлар бойы қоғамның бірлігін, татулығын, рухани тұрақтылығын сақтап келген.

Дәстүр мен діннің егіздігін айғақтайтын тағы бір мысал – қазақтың ырымдары мен тыйымдары. «Босағаны керме», «Түнде тырнағыңды алма», «Сүтті төкпе» деген секілді тыйымдардың барлығының түбінде ізгілік пен құрмет жатыр. Бұл әрекеттер бір қарағанда тұрмыстық әдеттей көрінгенімен, олардың ар жағында діни дүниетаным бар. Адамды тәртіпке, сақтыққа, ізгілікке тәрбиелейтін мұндай тыйымдар дәстүрдің де, діннің де тоғысқан тұсы.

Қазақ халқының көптеген дәстүрі діннің мәнімен толық үйлесіп жатыр. Мысалы, «Жеті атадан асқанша қыз алыспау» дәстүрін алайық. Бұл – жай ғана рулық ереже емес, ұрпақ саулығын сақтаудың, қан тазалығын қамтамасыз етудің ғылыми мәні бар даналық. Иә, бұл талаптың исламдағы жақын туыстардың некелесуіне берілген рұқсатпен үйлеспейтін тұсы бар. Әйтсе де, дін ғалымдары да ләжі болса қан араластырмай, қызды алыстан алу керегін айтады ғой. Ал «Асар» дәстүрі – шаруашылық көмектің түрі ғана емес, ол қоғамның ынтымағын арттыратын, бауырмалдық пен қайырымдылықты дәріптейтін құндылық. Дәл осындай дәстүрлер діннің негізгі қағидаттарымен үндесіп, халықты бірлікке, татулыққа бастайды.

БҰҰ: Жыл сайын 1 млрд тонна азық-түлік қоқысқа тасталады

БҰҰ: Жыл сайын 1 млрд тонна азық-түлік қоқысқа тасталады

17.11.2025
ҚМДБ: Ғұламалар кеңесі пәтуалар қабылдады

ҚМДБ: Ғұламалар кеңесі пәтуалар қабылдады

16.11.2025

Алайда қазіргі кезеңде дәстүр мен діннің арасын ажыратып көрсетуге тырысатын, тіпті дәстүрді мүлде жоққа шығаруға бағытталған деструктивті ағымдар пайда болуда. Олар халықтың ғасырлар бойғы қалыптасқан әдет-ғұрыптарын «шариғатқа қайшы» деп, ұлттық болмыстан безіндіруге тырысады. Мұндай әрекеттер – қауіпті құбылыс. Өйткені дәстүрінен ажыраған, тарихи тамырынан қол үзген адам рухани аштыққа ұшырайды. Ал рухани аштықтың орнын агрессия, ашушаңдық, төзімсіздік басады. Бұл – тек жеке тұлға үшін емес, тұтас қоғам үшін де қатерлі.

Дәстүрді жоққа шығару – ұлтты өзінің мәдени кодынан айыру. Дін мен дәстүрдің арасына жік салу – халықты екіге бөлу. Ал мұндай алауыздық қоғамның тұрақтылығына сызат түсіреді. Шын мәнінде, діннің түпкі миссиясы – ізгілік пен татулық болса, дәстүр – сол ізгіліктің өмірлік тәжірибедегі көрінісі. Бірін-бірінен бөліп қарау – ағашты тамырынан айырумен бірдей.

Деструктивті ағымдардың қауіптілігі – олар дәл осы құндылықтарды жоққа шығарады. «Асарды» бос әдет, «жеті ата» дәстүрін мәнсіз деп көрсетуге тырысады. Сөйтіп, ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық бірегейлікті жоюға бағытталған әрекет жасайды. Шын мәнінде, мұндай идеологияның түпкі мақсаты – халықты өзінің тарихи болмысынан алыстату. Ұлттық болмыстан ажыраған адам – тамырынан үзілген ағаш секілді. Ол рухани тұрғыдан әлсіз, ықпалға тез түседі.

Қоғамдағы тыныштық пен тұрақтылық дәстүр мен діннің үйлесімінде ғана сақталады. Дәстүр – халықтың тәжірибесі, тарихы, өмір салты. Дін – соған моральдық өлшем беріп, рухани маңызын бекітетін күш. Егер осы екі құндылық бірлікте болса, қоғамда бейбітшілік пен береке орнайды. Ал екеуінің арасын бұзу – халықты бөлшектеудің ең қауіпті тәсілі.

Қорыта айтқанда, дәстүр мен дін – егіз ұғым. Бірінсіз бірі өмір сүре алмайды. Дәстүр – халықтың рухани тамыры болса, дін – сол тамырды нәрлендіріп тұрған өзек. Тамыры терең, өзегі берік халық қана заманның дауылына төтеп береді. Ал дәстүрінен қол үзген, дінін қате түсінген жұртшылық адасуға бейім. Сондықтан дәстүр мен дінді қатар ұстай білу – рухани қауіпсіздіктің кепілі, қоғам тұрақтылығының басты шарты.

Нұрлыхан Қалқаманұлы

Теміртау қаласы, Қарағанды облысы

 

Таңбалар: дін мен дәстүрисламсалт-дәстүр
Бөлісу1Твитерге1БөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Ислам – дәстүр ме әлде өмір сүру салты ма?
Сұрақ-жауап

Псевдосәлафилер неге дәстүрді жоққа шығарады?

11.11.2025
Ислам

Исламдағы жастар тәрбиесі

07.11.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Президент АҚШ-тағы қазақ студенттерімен кездесті

Президент АҚШ-тағы қазақ студенттерімен кездесті

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

БҰҰ: Жыл сайын 1 млрд тонна азық-түлік қоқысқа тасталады
Жаңалықтар

БҰҰ: Жыл сайын 1 млрд тонна азық-түлік қоқысқа тасталады

17.11.2025
Орталық Азия және Әзербайжан мемлекеттерінің басшылары Ислам өркениеті орталығына барды
Жаңалықтар

Орталық Азия және Әзербайжан мемлекеттерінің басшылары Ислам өркениеті орталығына барды

16.11.2025
ҚМДБ: Ғұламалар кеңесі пәтуалар қабылдады
Жаңалықтар

ҚМДБ: Ғұламалар кеңесі пәтуалар қабылдады

16.11.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00