Жексенбі, 16 Қараша, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Қайролла ЕРЕЖЕПОВ: Ұлық күннің ұлағаты зор

23.10.2025
- Сұхбат, Таңдаулы
0
18
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Республика күні қарсаңында Еге­мен­дік декларациясын қабыл­даған XII сай­ланған Жоғарғы Кеңестің депутаты, белгілі қайраткер, Мәжілістің I, II ша­қы­­ры­лымдарының депутаты, Маңғыстау облысының құр­­мет­ті азаматы Қайролла ЕРЕЖЕПОВПЕН әңгімелескен едік.

– Қайролла Жеткізгенұлы, Мемле­кет­­тік егемендік туралы деклара­ция­ның қабылданғанына 35 жыл толды. Аса ма­ңызды тарихи оқиғаның басы-қасында болғандықтан, сол бір әсерлі сәт көз алды­ңызда сақталған болар?..

– Иә, Маңғыстау өңірінен Жоғарғы Кеңеске депутат болып сайланған депутаттық кезеңім ел тарихында ерекше маңызға ие оқиғалармен тұспа-тұс келді. Әсіресе ата-бабамыз ғасырлар бойы арман еткен Егемендік туралы декларацияны қабылдау – ас та төк қуаныш, бұл жаңалықтан артық жаңалық, бұл қуаныштан үлкен қуаныш болар ма екен? Халық арасында «ақ түйенің қарны жарылды» делінетін нағыз ақжарылқап мереке, қазақ даласының төрт қиыры түгел қуанып, шет мемлекеттердегі қандастар бас киімдерін аспанға ата шаттанған ұлы мейрам болды. Бұл қуаныштың әсері мен шаттығы өмір бойы жүрегімізде, көз алдымызда қалатыны анық.

– Олай болса, қазақ халқы үшін маңызды құжатты қабылдау туралы естелікті тағы бір жаңғырта еске алып, баяндап берсеңіз.

ҚМДБ: Ғұламалар кеңесі пәтуалар қабылдады

ҚМДБ: Ғұламалар кеңесі пәтуалар қабылдады

16.11.2025
Қосшы қаласында «Ұлы дала тарихының жазба мұралары» атты жылжымалы көрме өтті

Қосшы қаласында «Ұлы дала тарихының жазба мұралары» атты жылжымалы көрме өтті

16.11.2025

– 1990 жылы-ақ одақтың шаңырағы шайқалып, сол жылдың мамыр айына дейін Балтық бойы мемлекеттері мен Армения одақтан шығып, Әзербайжан мен Грузия тәуелсіздігін жариялады. Жаз мезгілінде, яғни маусым-тамыз айларында Қазақстан, Өзбекстан мен Қырғызстаннан басқа республикалар өз декларациясын қабылдады.

Мен Қазақ КСР XII сайланған Жоғарғы Кеңесінің ғылым және халыққа білім беру комитетінің мүшесі едім. Соның алдында 24 сәуір күні сессия ашылғанда Қазақ КСР-нің Президенті институты енгізіліп, Н.Назарбаевты Президент етіп сайлаған едік. Сайлаудан соң Мемлекеттік егемендік туралы декларацияны әзірлеуге кірістік. Қазан айында Декларация жобасын комитеттерде талқылау басталды. Талқылау үлкен пікірталаспен, өте қызу жүрді, балама жобалар ұсынғандар да болды. Талас-тартыс болуы орынды еді, өйткені бұл Декла­рация болашақ Конституциямыз­дың негізіне айналған республиканың тұң­ғыш заң актісі болды. Осылайша, әбден талқы­­лау, пікірталас, ұсыныс-жобалар нәтиже­сінде 1990 жылы 25 қазанда Декларация қабылданды. Маңызды сәттің бүкіл елді қуанышқа бөлеген әсерін жоғарыда айтып өттім, ал саяси маңызына келсек, бұл өте үлкен, аса маңызды тарихи да саяси құжат еді. Декларация арқылы Қазақ КСР-нің мемлекеттік егемендігін жариялау еліміз үшін өз дамуының жолын дербес анықтау мүмкіндігін ашты. Сонымен қатар тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Конституциясының жобасын әзірлеу керектігі айқын бола түсті. Осы жылы 15 желтоқсанда Жоғарғы Кеңестің қаулысымен оның төрағасы басшылық еткен, 35 адамнан тұратын Конституциялық комиссия құрылды. Құрамына Жоғарғы Кеңес депутаттарынан басқа жекелеген заңгер-ғалымдар, қоғамдық бірлестіктердің және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері кірді. 1991 жыл толықтай бола­шақ Конституцияның тұжырымдамалық ережелерін айқындауға арналды.

– Тәуелсіздікті жариялау бақыты да сіздің буынға бұйырған екен…

– Тәуелсіздікті жариялау және қалып­тастыру, нығайту жолындағы қат-қабат, қым-қуыт жұмыс елін сүйген, елдің ерте­ңін ойлаған қазақтың небір марғасқа ұл­дарының жұдырықтай жұмылуымен жүзеге асып жатты. Небір «сен тұр, мен атайын» дейтіндей өз саласының жүйріктері өмір­ бойы жиған білімдері мен біліктерін төл мемлекетіміздің іргесінің берік, шаңырағының биік болуына жұмсады. Күллі қазақ баласы, қазақ даласы бірге қуа­нып, бір тілекке, бір мақсат, бір мүддеге жұмылған шақ болды. Азаматтар ерекше екпінмен, айрықша леппен жұмыс атқарды, тәуелсіздіктің басында тұрған олардың әрқайсысын құрметпен атауға болады.

1991 жылы 10 желтоқсанда Қазақ ­КСР-ін Қазақстан Республикасы деп атау туралы заң қабылданды және осы күні Алматыда Президентті ұлықтау рәсімі өтті. Араға алты күн салып «Қазақстан Республикасы­ның Мемлекеттік тәуел­сіз­дігі туралы» Консти­туциялық заңы қабылданды. Аталған заң­ның 1-бабында «Қазақстан Республикасы – тәуелсіз, демо­кратиялық және құқықтық мемлекет» деп жарияланды, сөйтіп, рес­пуб­­лика аумағында өкімет билігін то­лық иемденуге, әрі ішкі және сыртқы сая­сатын дербес жүргізуге құқылы бол­ды.

Арада 35 жыл уақыт өтті. Егемендікті еліміз үшін ең қастерлі мереке деп есептеймін және сол кезде ел үшін қиын­дығы мол болса да сүйініші зор, аласапыран істің бел ортасында жүргенім үшін өзімді бақытты сезінемін. Ұлық күннің ұлағаты – бізге мерей, ұрпаққа аманат. «Тәуелсіздік» деп аталатын бағымыз баян­ды болып, болашаққа жалғаса берсін деп тілейміз, біздің тілек осы.

– Әңгімеңізге рахмет.

Әңгімелескен –

Гүлайым ДӘУІТБАЙ

Қайнар көзі: egemen.kz
Таңбалар: Қайролла ЕрежеповМемлекеттік егемендік туралы декларацияреспублика күні
БөлісуТвитергеБөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Бурдж-Халифа қазақ туының түсіне боялды
Жаңалықтар

Бурдж-Халифа қазақ туының түсіне боялды

26.10.2025
Дос КӨШІМ: Тәуелсіздік алуға қоғамдық ұйымдар айрықша үлес қосты
Сұхбат

Дос КӨШІМ: Тәуелсіздік алуға қоғамдық ұйымдар айрықша үлес қосты

25.10.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Дін қызметкерлері Мысырда біліктілігін арттыруда

Дін қызметкерлері Мысырда біліктілігін арттыруда

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Орталық Азия және Әзербайжан мемлекеттерінің басшылары Ислам өркениеті орталығына барды
Жаңалықтар

Орталық Азия және Әзербайжан мемлекеттерінің басшылары Ислам өркениеті орталығына барды

16.11.2025
ҚМДБ: Ғұламалар кеңесі пәтуалар қабылдады
Жаңалықтар

ҚМДБ: Ғұламалар кеңесі пәтуалар қабылдады

16.11.2025
Қосшы қаласында «Ұлы дала тарихының жазба мұралары» атты жылжымалы көрме өтті
Жаңалықтар

Қосшы қаласында «Ұлы дала тарихының жазба мұралары» атты жылжымалы көрме өтті

16.11.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00