Сәрсенбі, 16 Шілде, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Жиырма төрт сағаттық құлшылық

03.06.2025
- Ислам, Таңдаулы
0
39
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Бірде хазіреті Әлиден (ол кісіге Алла разы болсын) ғайри діндегі бір кісі: «Уа, Әли, сендер, мұсылмандар ғибадатқа қанша уақыттарыңды арнайсыңдар?» – деп сұрапты. Сонда саңлақ сахаба: «Біз 24 сағат құлшылық жасаймыз!» – деп жауап беріпті.

Жаңағы кісі: «Қой, Әли, артық кеттің! Сонда сендер ұйықтамайсыңдар ма? Жұмыс істемейсіңдер ме? Тамақ ішпейсіңдер ме?» – деп әрі мысқылдай, әрі таңдана сұрағын жалғапты. Әли батыр сонда былай деп жауап қатыпты: «Дұрыс айтасыз, біз де пендеміз: ұйықтаймыз, жұмыс істейміз, тамақ ішеміз; тура сол секілді бүкіл адам баласына тән қажеттіліктерімізді өтейміз. Тек соның бәрін «Алла разылығы үшін» деген ниетпен және Пайғамбарымыз (ол кісіге Алланың салауаты мен сәлемі болсын) үйреткендей жасаймыз! Сол себепті біздің әр ісіміз – құлшылыққа, сауапқа айналады!».

Бұл диалогтан «құлшылық» деген ұғымның мағынасы терең екенін түйсінеміз. Оның маңыздылығы мына аяттан шығады: «Мен жындар мен адамдарды Өзіме құлшылық қылулары үшін ғана жараттым» (««Зәрият» сүресінің 56-аяты). Яғни біздің жаратылу мақсатымыз – Құдіретті де Мейірімді Иемізге құлшылық жасау екен. Ал құлшылық дегеніміз – тек 5 парызды орындау немесе арнайы уақыт пен арнайы мекендерде бекітілген рәсімдерді атқару ғана емес, Құран мен Сүннетте айтылған, жалпы асыл дінімізде дәйектелген барлық үкімдер мен талаптарды орындау.

Таратыңқырап айтсақ: Бір Аллаға серік қосудан сақтану, ата-ананы құрметтеу, туыстық байланысты сақтау, көршімен тату болу, адал табыс табу, бала-шағаны тәрбиелеу, елге қызмет ету, харам мен қиянатқа жоламау, жақсы сөз сөйлеу, адал ас ішу, жақсы ойлау, жақсылық жолында жарысу, мінезді көркемдеу, пікір мен зікір, сабыр мен шүкір, т.с.с. бүкіл үкім-тыйымды, қағидат-талаптарды шама-шарқымыз жеткенше орындау – құлшылық жасау саналады. Бұл ұғымның одан да терең мағынасы – атақты тәпсірші сахаба Ибн Аббастың (ол кісіге Алла разы болсын) айтқанындай: Алла Тағаланы тану. Өйткені біз, адам баласы, Рахман Иемізді тануға лайық дәрежеде жаратылғанбыз!..

Можно ли совершать намаз в обуви?

Жұма намазында сыртта аяқ киіммен намаз оқуға бола ма?

15.07.2025
Велосипедпен умраға бара жатқан жолаушыға көмек көрсетті

Велосипедпен умраға бара жатқан жолаушыға көмек көрсетті

15.07.2025

Дін дегеніміз – әуелі сенім, ал дін ұстану – сол Сенімге негізделген өмір салты. Ал құлшылық – бүкіл тіршілікті қамтитын амал-харекеттер. Егер ғибадат кезіндегі ішкі хәлімізді құлшылықтан кейін де сақтай алсақ – құлшылықтың мәні мен мақсатын түсінгеніміз. Әрбір ой-ниетіміз бен сөзімізді, әр ісімізді, «мені зор махаббатпен жаратқан, Өзіне орынбасар (халиф) еткен сүйікті Ием мені көріп тұр» деген сезімде атқаруымыз, осы түсінік-сенім мен сезім-хәлде өмір сүруіміз – кемелдікке бастар ғажап ғұмырдың кепілі! Яғни Құлшылық дегеніміз – кемелдік мектебі, саналы да сапалы, мәнді де сәнді ғұмыр кешудің шарты…

Тұтас ғұмыр – құлшылық болуы үшін, әрбір сәтіміз – сауапқа, әрбір ісіміз – ғибадатқа айналуы керек. Оның екі басты шарты бар: 1) бүкіл амалымыз «Алла разылығы үшін» деген ниетпен атқарылуға тиіс және 2) іс-әрекетіміз шариғатқа (жаратылыс заңдылықтарына) немесе Сүннетке сай болуы керек. Яғни ісіміз ізгі, амалымыз жақсы болуы үшін – ең әуелі ниетіміз дұрыс болуға тиіс! Ал «дұрыс ниет» дегеніміз – басқа бақай есепсіз, тек «Алла үшін, Алла разылығы үшін» деген ниет-пейіл.

Мінеки, осындай ниетпен істелген әрбір амал – ғибадатқа айналмақ. Мысалы: «Осы тамақтан пайда болатын күш-қуатты Алла разы болатын харекеттерді істеу үшін пайдаланамын» деген ниетпен тамақтануға қатысты Сүннет амалдарын, әдеп ережелерін сақтай отырып, адал ас жеген адам құлшылық жасаған болып есептеледі! Неге? Өйткені ол Алла үкімін Пайғамбар өнегесіне сай атқарды! Осы сияқты кез келген іс-амалды «ниет» пен «сүннеттен» жасалған алтын кілт арқылы ғибадат-құлшылыққа айналдыруға болады!..

Ниеттің маңыздылығына тағы бір мысал қарастырайық. Мәселен «бір жігіт мешіт салды» дейік. Сырттай қарағанда керемет сауапты іс жасағандай көрінеді. Бірақ ниетіне, яғни ол жігіттің қандай ниетпен мешіт салғанына назар аударсақ, бұл амалдың мүлде сауапсыз қалуы әбден мүмкін. Яғни, егер ол жігіт мешітті «атамның атын шығарайын» немесе «өзім қадір-құрметке бөленейін» деген оймен салған болса, онда сол ниетіне сай аларын осы дүниеде алады: атасының аты шығады, өзі қошеметке бөленеді. Алайда Ақыретке ешнәрсе бармайды, амал дәптеріне сауап жазылмайды. Себебі ниет дұрыс болмаған амалдың Алла алдында құны жоқ…

Асыл дінімізде «діннің жартысын қамтыған нөмірі бірінші хадис» деген мәртебелі орны бар «Барлық амал ниетке қарай бағаланады» деген хадистің біз түсінген бір сыры – осындай.

Алла Тағала бәрімізге ізгі ниет пен ықыласты іс-амалды, берекелі ғұмырды нәсіп етсін!

Алғадай ӘБІЛҒАЗЫҰЛЫ

Таңбалар: Алғадай Әбілғазыұлыимандылыққұлшылық
Бөлісу1Твитерге1БөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Бір-бірін іздеген Бақыт, Құлшылық, Иман және Адам
Ғибратты әңгімелер

Бір-бірін іздеген Бақыт, Құлшылық, Иман және Адам

11.06.2025
Мешіттегі оқиға
Ғибратты әңгімелер

Мешіттегі оқиға

02.06.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Қажылық-2025: Уағызшыларға тиісті тапсырмалар берілді

Қажылық-2025: Уағызшыларға тиісті тапсырмалар берілді

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Көп қаралғаны

  • Медресеге қалай түсуге болады?

    481 бөлісті
    Бөлісу 192 Твитерге 120

Соңғы жарияланымдар

Можно ли совершать намаз в обуви?
Сұрақ-жауап

Жұма намазында сыртта аяқ киіммен намаз оқуға бола ма?

15.07.2025
Велосипедпен умраға бара жатқан жолаушыға көмек көрсетті
Жаңалықтар

Велосипедпен умраға бара жатқан жолаушыға көмек көрсетті

15.07.2025
Ғибратты әңгімелер

Жеті ұрпаққа жетер шарапат

15.07.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2024 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2024 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00