Сәрсенбі, 16 Шілде, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Қылмыстық заңнаманы ізгілендіру кімге тиімді?

23.06.2025
- Сұхбат
0
7
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Атырауда өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде жастар арасында синтетикалық есірткінің таралуы қатты алаңдатып отырғанын тағы бір мәрте қадап айтты. Президент бұл аса қауіпті құбылыспен күресті кешеуілдетпей, шұғыл қолға алу қажеттігін ескертті. «Қазір есірткі сатқан қылмыскер қатаң жазаға тартылады. Менің ұсынысым: есірткі заттарын өндіретін адамдардың жазасын барынша қатайту керек. Оны ең ауыр қылмыстарға теңестіру қажет», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Осы орайда Қылмыстың кодекстің тиісті баптарына өзгерістер енгізілген болатын. Біз оның егжей-тегжейі туралы Солтүстік Қазақстан облысының прокуроры Қайрат Әбдіхановтан сұрадық.

– Жуырда 297-бап бойынша санкцияларды төмендететін заң қабылданып, күшіне енді. Бұл қандай өзгерістер әкелді?

– Иә, шын мәнінде, Қазақстанда есірткі айналымымен байланысты қылмыстарға жауапкершілік қайта қаралды. Бірқатар баптарда санкциялар жеңілдетілсе, кейбір баптар – керісінше – ең ауыр жауапкершілікке дейін қатаңдатылды.

Өткен жылы Ұлттық Құрылтайда Президент бұл қылмыс түрін ең ауыр қылмыстармен теңестіруді ұсынды және әсіресе жасөспірімдер мен жастарға қатысты дифференцияланған көзқарас қажеттігін атап өтті. Ол бұл адамдардың көбінің наркобұйымдардың ұйымдастырушылары құрсауына түсіп, шамадан тыс қатаң жазаға тартылғанын жеткізді. Сонымен бірге, лауазымды тұлғалардың жауапкершілігін күшейтіп, оларды «наркобарондармен» теңестіріп, мүлкін тәркілеп, өмір бойына бас бостандығынан айыруды ұсынды.

ҰҚК төрағасы: Діни-экстремистік ұйымдар радикалды идеологиясын насихаттауды тоқтатар емес

ҰҚК төрағасы: Діни-экстремистік ұйымдар радикалды идеологиясын насихаттауды тоқтатар емес

13.07.2025
Заңның жаңа нормасы: ниқаб кию қалай реттеледі?

Заңның жаңа нормасы: ниқаб кию қалай реттеледі?

12.07.2025

«Заңға өзгертулер мен қосымшалар енгізу туралы» құжатты Мемлекет басшысы 2025 жылғы 2 қаңтарда қол қойып, 6 наурызда күшіне енді. Атап айтқанда, 297-баптың 1-бөлігінің санкциясы 10 жылдан 8 жылға дейін төмендетілді. 2-бөлігі – 12 жылдан 10 жылға, 3-бөлігі – бұрынғы 10–15 жылдың орнына 7–12 жыл болды.

Бұл ретте заңның кері күші ескеріліп, 297-баппен сотталғандар 6-бап бойынша үкімнің қайта қаралуына өтініш бере алады. Мысалы, бұрын кішігірім көлемдегі есірткі саудалау 5–10 жыл аралығында жазаланса, қазір – 5–8 жыл; ірі көлемде – 6–10 жыл (бұрын 6–12), аса ірі жағдайда – 7–12 жыл (бұрын 10–15).

Осының себебі – «жасырып кетуші» аталғандар негізінен жасөспірімдер мен жастар, оларды өндіріс немесе қайта өңдеу ісіне араластырмай, тек тарату мақсатында пайдаланған. Ал ұйымдастырушылар мен лауазымды тұлғаларға – 15–20 жыл немесе мүлкін тәркілеп, өмір бойына қамау түріндегі жаза көзделді.

Заң ұйымдастырушылар мен орындаушылар жауапкершілігін айқын бөліп көрсетеді: есірткі өндірісіне, қайта өңдеуге қатысқандарға қатаң жаза, ал «салып қоюшыларға» – жеңілдетілген жаза тағайындалады.

– Облыс бойынша қанша сотталушы мерзімін қысқартуға үміттене алады?

– Бізге түскен мәлімет бойынша, жалпы 175 адам формальды түрде мерзімдерін  қысқартуды күтуде. Бүгінгі күнге дейін 175 материал сотқа қайта қарауға жіберілді. Соттар 173 істі қарап, 9 адамды дереу босатты, 155-інің мерзімі қысқарды, 9 адамға қысқарту мүмкіндігі берілмеді.

Прокурорлық және ҚАЖ органдары заңды жедел іске асыру мақсатында 6-бапқа жататын азаматтардың материалдарын уақытылы сотқа жолдау үшін қажетті ұйымдастырушылық жұмыстар жүргізді.

– Қандай істер бойынша мерзімдері шын мәнінде қайта қаралды?

– Мысалы, азамат Ф. 2017 жылы 297-баптың 3-бөлігі бойынша 11 жылға сотталған, ал 27 наурызда сот оны 8 жылға дейін төмендетіп, өйткені ол 8 жылдан астам мерзімді өтеп қойғандықтан дереу босату туралы шешім қабылданды.

Тағы бір мысал – азамат М. 2018 жылы сол бап бойынша 11 жыл жазасы болған. Қайта қарау нәтижесінде ол 8 жылға қысқарып, қазіргі уақытта 7 жыл 9 айын өтеп, жақында босатылады.

– Прокуратура үкімдерді қайта қарау жұмысын қалай қадағалайды?

– Есірткі қылмысы бойынша реформамен байланысты қылмыстық жауапкершілік Бас прокурордың жеке бақылауында. 6 наурызда күшіне енген жаңа нормалар жергілікті прокуратура органдарының тікелей қадағалауымен жүзеге асырылады.

Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының қызметкерлері қылмыстық процестің барлық сатыларында заңдылықтың сақталуын тексереді, сот отырыстарына қатысып, құқықтық көмек көрсетеді. Қазір аппеляцияда 4 тұлғаға қатысты мерзімі қысқарды, 2 іс әлі қаралуда. Біз мемлекеттік айыптаушыларды осы істерде ізгілік бағытында қарауға бағыттаймыз.

– Бостандыққа шыққан соң сотталушылардың қайта қылмысқа бармауы үшін қандай шаралар қабылданады?

– Барлық қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде сотталушыларға жеке тәрбие-үйрету іс-шаралары өткізіліп, оларға заң мен еңбек, қоғамдық нормаларға құрмет қалыптастырылады. Бұл шараларға қатысу деңгейі қоғамға бейімдеуге ықпал етеді.

Қоғамға бейімдеудің басты элементі – еңбек: босатқанда жұмыс болса, өмір сүру жағдайы жақсарады. Облыста 62 % сотталушы еңбекке тартылған, олардың 12 % – есірткі қылмысы үшін сотталғандар.

Колонияларда оларға тігінші, модельер-пішуші, сантехник, құрылысшы, әрлендіруші, көгалдандырушы, аяқ киім шебері, шаш қиюшы, бал арасы күтушісі секілді мамандықтарғаүйренеді.

17 кәсіпкер облыс колонияларында ағаш және металл өңдеу, дәнекерлеу, әйел киімі, формалық, арнайы киім, төсек-орын  тігу, жыл бойы жұмыс істейтін жылыжайлар ұйымдастырды.

Сонымен қатар, колонияларда мал азығына жұмсалатын май мен шрот, арбаға арналған құрал-жабдықтар шығарылады; ағаш паллеттерді экспорттайтын өндіріс бар. Қолөнер түрлері – үстел ойындары, сувенирлер де жасалады.

Пробация қызметі  белсенді жұмыс істеуде. Есірткі  қылмысы үшін 22 шартты түрде сотталған, бас бостандығын шектеу және қоғамдық жұмысқа тартылғандар есепте тұр. Сотталғандардың осы санатымен қайталанған  қылмыстық құқық бұзушылық жасауды ескерту бойынша күшейтілген профилактикалық жұмыс жүргізілуде пробацияға тіркеуге келу саны көбейтілді, тұрғылықты мекенжайға жиі тексерулер, әсіресе демалыс, мереке, кешкі, түнгі уақытта). Қайталама қылмыс жасау қаупі бар тұлғаларға қатысты  полиция бөлімдеріне бастама хабарламалар  жолданады.

– Жастарды зиянды кәсіптен сақтандыру үшін қандай профилактикалық жұмыстар жүргізіледі?

– Профилактикаға үлкен көңіл бөлінеді. Облыста құқық қорғау және басқа да арнайы органдар тұрақты түрде есірткі қылмысының алдын алу жұмыстарын жүргізуде. Мәселен, биыл ақпанда Петропавл құрылыс-экономикалық колледжінің 30 студентімен №50 әйел колониясындағы  «жасырып қоюшы» сотталушылардың кездесуі ұйымдастырылды. Олар студент бола жүріп қалай «оңай ақша» ұсынғандардың құрбаны болғанын баяндады.

Өткен жылы да онлайн форматта (Skype арқылы) осы оқу орны студенттеріне сол колониядағы жас «жасырып қоюшылармен» кездесу өткізілді – 200-ге жуық адам қамтылды. Олар өз оқиғаларын айтып, студенттерге әсер етті, қатысқандары үшін марапатталды.

«Аурудың алдын алған дұрыс» дегендей, біз де алдын алуға басымдық береміз: есірткі бизнесімен айналысуға тарту мен жазаланатынын насихаттаймыз.

Сонымен қатар студенттер мен мектеп оқушыларына Закиржан Мамлютовтың «Закладчики. Расплата» деректі фильмі көрсетілді. Фильм жастардың «жеңіл ақша» үшін қалай түрмеге түскені туралы шынайы оқиғаларға негізделген.

– Жастар арасында есірткі қылмысының алдын алуда өңірлік деңгейде біртұтас стратегия немесе бағдарлама бар ма?

– Әрине бар. Жан-жақты күрес – тек органдар ғана емес, қоғам да бірлесіп жұмыс істеуі керек. 2024–2025 жылдарға арналған «Солтүстік Қазақстан облысының есірткіге қарсы іс-қимыл және алдын алу» жол картасы әзірленді. Осы құжат шеңберінде дөңгелек үстелдер, алдын алу әңгімелері, ақпарат сағаттары, акциялар, буклет тарату, рейдтер, фильм көрсетілімдері, наркограффитилерді бояу, дәрістер және басқа да іс-шаралар өткізіледі.

Жастар мен оқушыларға есірткінің зияны, есірткі пайдаланудың қаупі мен есірткі қылмысын жасағаны үшін құқықтық салдарын түсіндіру үшін облыс телеарналары, баспасөз және әлеуметтік желілер ресурстары пайдаланылады.

Жыл басынан бері «Закладки» және «Иллюзия обмана» деректі фильмдері білім беру ұйымдарында көрсетіліп, 22 000-ға жуық оқушы қамтылды. Оқу орындарында тұрақты түрде дәрістер мен әңгімелер өткізілді.

– Жаңа түзетулер Қазақстанда есірткі қылмысымен күресте  қалай ықпал етеді?

– Қылмысқа қатысушылардың рөлдерін айқын бөлу дәлелдемелер жинауды жеңілдетеді және тергеу тиімділігін арттырады. Құқық қорғау органдарының күштері ең үлкен қатер төндіретін ұйымдастырушыларға бағытталады, желілерді анықтау мен жоюды жылдамдатады, қылмыс құрамын нақты сараптауға және желілердің жұмысының алдын алуға  мүмкіндік береді.

Сұхбаттасқан Ескендір ЗҰЛҚАРНАЙ

Таңбалар: ізгілендіруҚылмыстық кодексСолтүстік Қазақстан облысы
БөлісуТвитергеБөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Интернетте діни алауыздық тудырған адам полиция қызметкеріне шабуыл жасады
Жаңалықтар

Интернетте діни алауыздық тудырған адам полиция қызметкеріне шабуыл жасады

18.06.2024
СҚО-дағы сепаратизм: сот үкімі шықты
Жаңалықтар

СҚО-дағы сепаратизм: сот үкімі шықты

29.11.2023
Тағы жүктеу
Келесі жазба
«Мұнара» газетінің ұйымдастыруымен журналистер арасында үстел теннисі турнирі өтті

«Мұнара» газетінің ұйымдастыруымен журналистер арасында үстел теннисі турнирі өтті

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Көп қаралғаны

  • Медресеге қалай түсуге болады?

    481 бөлісті
    Бөлісу 192 Твитерге 120

Соңғы жарияланымдар

Можно ли совершать намаз в обуви?
Сұрақ-жауап

Жұма намазында сыртта аяқ киіммен намаз оқуға бола ма?

15.07.2025
Велосипедпен умраға бара жатқан жолаушыға көмек көрсетті
Жаңалықтар

Велосипедпен умраға бара жатқан жолаушыға көмек көрсетті

15.07.2025
Ғибратты әңгімелер

Жеті ұрпаққа жетер шарапат

15.07.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2024 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2024 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00