Жексенбі, 14 Маусым, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Амалдың дұрыс болуы – сүннетке сай келуі

13.05.2025
- Ғибратты әңгімелер, Таңдаулы
0
72
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Кез-келген құлшылық қабыл болуы үшін ол Алла Тағала үшін жасалуы тиіс. Ал амалдың  Алла үшін жасалуы «ықылас» деп аталады.  Ел ішінде  «ықылас» сөзі – «ынта, шын көңіл» деген мағынада қолданылады.

Ал шариғи мағынасы:  «Құлшылық жасау барысында ниетіңді Алланың разылығынан басқа нәрселерден («адамдар көрсін, естісін» деген ойдан және адамдардың алғысын үміт етуденада болу) тазалау.

Ықылас – тағат-ғибадаттардағы ниет арқылы Аллаға жақын болуды ғана мақсат ету.

Ықылас – барша ынта-назарды Аллаға үздіксіз түрде бұруменен, адамдардың өзіне деген көзқарастарын ұмыту.

Әбутәліп МУТӘЛІ: Кибералаяқтықты заң мен тәртіп жеңеді

Әбутәліп МУТӘЛІ: Кибералаяқтықты заң мен тәртіп жеңеді

14.06.2026
Онлайн-грумингтен қалай сақтанамыз – психологпен сұхбат

Онлайн-грумингтен қалай сақтанамыз – психологпен сұхбат

14.06.2026

Ықыластың ақиқаты – жүректі, оның тазалығын кетіретін қоспалардан арылту. Расында, қоспа заттар өзгенің тазалығын кетіруі мүмкін. Сондықтан әрбір зат қоспадан арылса ықыласты (таза) болған болады дейді ғұламаларымыз.

Ғұламалардан ғибрат

Ықылас – істеген амалына Алладан өзге куәларды талап етпеу. Алла Тағала бұл турасында Құранда: «Олар Аллаға шынайы ықылас және дінге толық берілген хәлде ғибадат жасауға, намаз оқуға, зекет беруге ғана әмір етілген», – деген. («Байина» сүресі, 5-аят) және тағы да Құранда: «Ол (сондай Алла) сендердің қайсыларың амал қылуда жақсырақ екенін сынау үшін өлім мен өмірді жаратты»,-деген. («Мүлік» сүресі, 2-аят).  Осы аяттың «амал қылуда жақсырақ» деген бөлігі туралы атақты ғалым Фудайл ибн Ъияд: «Амалдың жақсырағы – ең ықыласты және ең дұрыс болғаны»,- деп түсіндірме берген екен. Сонда қасында отырғандар:

– Ей, Әбу Әли! Амалдың ең ықыластысы және ең дұрысы қандай болады?- деп сұрады. Сонда ол кісі:

– Егер амал шынайы ықыласпен жасалынып, бірақ дұрыс болмаса қабыл етілмейді. Керісінше дұрыс болып, бірақ ықылассыз жасалынса және қабыл емес. Амал ықыласты және дұрыс болғанда ғана қабыл етіледі. Амалдың дұрыс болуы дегеніміз – сүннетке сай келгені, ал ықыласты болғаны – Жалғыз ғана Алланың разылығы үшін орындалғаны»- деп айтты да, сол сөзіне дәлел ретінде «Каһф» сүресінің 110-аятын оқыды. «Кімде-кім Раббысына жолығуды үміт етсе, салихалы амалдар жасасын және Раббысы үшін болған ғибадатында Оған ешкімді ортақ етпесін!». Яғни амалдарын орындау барысында оның нәтижесін тек жалғыз ғана Алладан үміт етіп, адамдардан дүниелік мақсаттарды күтпей орындасын деген екен.

Ықылас сөзінің түбірі

Ықылас сөзінің түбірі «Холис» деген сөзден шығады, яғни арап тіліндегі сөздік мағынасы «Холис» – «мұнтаздай  таза» деген мағынаны білдіреді.  Құранда Алла тағала «Нахыл» сүресінің 66-аятында сиырдың  сүтінің жасалуын айтқан кезде  «Холис» деген сөзді қолданған.  «Біз сендерге малдардың қарындарындағы нажасат пен қанның арасынан шығатын, ішетіндерге сүйкімді тап-таза сүтті ішкіземіз». Сүттің ішіне кішкентай ғана қыл-қыбыр түссе ашып кететіні сияқты ықылысқа Алланың разылығынан басқа нәрселердің, тіпті шыбынның қанатындай бөлігі  араласса, амалымыз зая кетеді.

Атақты Ислам ғұламасы  Фудаил Ибн Ъияд: «Адамдарға бола амалды тәрк ету – рия (мақтангершілік). Ал енді олар үшін амал жасау – Аллаға серік қосу. Ал ықылас – осы екеуінен де таза болу»,- деген.

Дайындаған – Тұрар ТҮГЕЛҰЛЫ

Таңбалар: Ғибратниетықылас
Бөлісу2Твитерге1БөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Оларды аяз емес, өзімшілдік өлтірді…
Ғибратты әңгімелер

Оларды аяз емес, өзімшілдік өлтірді…

10.06.2026
Уланған нанның қайтарымы
Ғибратты әңгімелер

Уланған нанның қайтарымы

05.06.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Жапондық домбырашы: Күй тартуды ноғай азаматынан үйрендім

Жапондық домбырашы: Күй тартуды ноғай азаматынан үйрендім

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Танымал тақырыптар

  • Құрбан айт – құтты мереке

    Айт намазының кестесі (барлық қала бойынша)

    3.3k
  • 27 мамыр – Құрбан айттың бірінші күні

    659
  • Бір хадистен – жеті хикмет

    89
  • Қауіпсіз сана – қауіпсіз бала

    55
  • Тақ үстінде дәруіштік жол бола ма?

    42

Соңғы жарияланымдар

Конфессияаралық және дінаралық диалогтың халықаралық орталығында жасанды интеллекттің дін саласына ықпалы талқыланды
Жаңалықтар

Конфессияаралық және дінаралық диалогтың халықаралық орталығында жасанды интеллекттің дін саласына ықпалы талқыланды

14.06.2026
Ұлыбритания: Имамның үйіне шабуыл жасалды
Жаңалықтар

Ұлыбритания: Имамның үйіне шабуыл жасалды

14.06.2026
Әбутәліп МУТӘЛІ: Кибералаяқтықты заң мен тәртіп жеңеді
Сұрақ-жауап

Әбутәліп МУТӘЛІ: Кибералаяқтықты заң мен тәртіп жеңеді

14.06.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00