Сәрсенбі, 29 Шілде, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Қазақстан халқы Ассамблеясы: Бірлік пен келісімді нығайтқан 30 жыл

28.01.2025
- Мемлекет және дін
0
223
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Биыл – Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 30 жыл толады. Осы уақыт аралығында халық арасындағы бірлік пен келісімді нығайтуға бағытталған маңызды институт ішкі тұрақтылықты нығайтып қана қоймай, түрлі этностық және мәдени топтар арасындағы татулық пен келісімді сақтап, азаматтық қоғамның саяси кемелдену деңгейін арттырды деуге толық негіз бар.

Жалпы, Ассамблея құрылған күннен бастап көпұлтты қоғамдағы тұрақтылық пен келісімді сақтауға бағытталған бірқатар маңызды міндеттерді өз мойнына алды. Атап айтсақ, ұлтаралық қақтығыстардың алдын алу және әртүрлі халықтардың бейбіт өмір сүруіне жағдай жасап және олардың әрқайсысына өз мәдениетін, тілін, дәстүрін сақтауға мүмкіндік берді. Нәтижесінде өзіне жүктелген негізгі миссияны орындап, қоғамда этносаралық тұрақтылықтың негізін құраушы фактордың бірі болды.

Сонымен қатар Ассамблея қызметінің арқасында елімізде этностық немесе діни ерекшелігіне қарамастан әрбір азаматтың Конституциямен кепілдік берілген азаматтық құқықтары мен еркіндігі толығымен қолданылатын этносаралық және конфессияаралық келісімнің айрықша үлгісі қалыптасты. Сондай-ақ, еліміздің көпэтностық бай кеңістігінде сенім, келісім мен өзара түсіністік үлгісі орнады.

Бірлік пен келісімді нығайтудағы Ассамблеяның рөлі

На VII Съезде лидеров мировых и традиционных религий утвердили Итоговую декларацию

Діндер съезі – жаһандық диалогтың маңызды алаңы

27.07.2026
Діни толеранттылық – бейбітшілік кепілі

Өзге дінге құрметтің озық үлгісі

27.07.2026

Қазақстан халқы Ассамблеясы әсіресе посткеңестік өтпелі кезеңде әртүрлі этностар арасында сенім мен сыйластық атмосферасын қалыптастыруда орасан зор рөл атқарды. ҚХА құрылған 30 жыл ішінде еліміздегі бірлік пен келісімді нығайтуға бағытталған маңызды шаралар мен бастамалар өтті. Соның арқасында Ассамблея көптеген халықтар, діндер мен мәдениеттерден тұратын ұлттардың бейбіт өмір сүруін сақтаудың маңызды құралы бола білді.

Қазақстанда ұлтаралық келісім мен бірліктің бірегей моделінің қалыптасуы мен дамуы шыңында бірнеше негізгі кезеңдерден өтті.

Бірінше кезең Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылуы (1989-1995 жылдар). 1995 жылы еліміздің барлық этностары мен мәдениеттерінің өкілдерін біріктіретін негізгі орган ретінде Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды. Бұл әртүрлі халықтардың мүдделерін үйлестіру алаңын құруға жасалған алғашқы қадам болды.

Екінші кезең келісім үлгісін институттандыру (1995-2002 жылдар). Осы кезеңде көп ұлтты халық арасында бірлік пен келісімді одан әрі нығайтуға бағытталған тетіктер айқындалды. Атап айтсақ, «Қазақ­станның болашағы – қоғамның идеялық бірлігінде» (1993 жыл) және Қазақстан Республикасы мем­лекеттік бірегейлігін қалыптастыру тұжырымдамасы (1996 жыл) жасалды.

Үшінші кезең тұрақтылық және реформаларды тереңдету (2002-2007 жылдар). Бұл  кезеңде Қазақстан халқы Ассамблеясының 2011 жылға дейінгі стратегиясы, Тілдерді қолдану мен дамытудың 1998-2000 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, Этносаралық және конфессияаралық келісімнің 2006-2008 жылдарға арналған қазақстандық моделін жетілдіру бағдарламасы әзір­леніп, қабылданды.

Төртінші кезең жаңа міндеттер мен саяси трансформацияларға негізделді (2007-2019 жылдар). Бұл кезеңдерде Қазақстан халқы Ассамблеясын реформалау бойынша оның тиімділігін арттыруға бағытталған нық қадамдар жасалды. 2007 жылы «халықтар ассамблеясы» «халық Ассамблеясына» атауы болып өзгерді.

Ал, 2010 жылы Ел бірлігі доктринасы қабылданып ортақ құндылық­тарға негіз­дел­іп, мәдениетаралық алмасуды нығайта түсті.

Бесінші кезең 2020 жалдан бастау алды. Соңғы жылдары Ассамблея жастармен белсенді жұмыс жасап, бейбітшілік пен келісімді сақтаудағы негізі міндеттерге тоқталды. ҚХА аясында ұйымдастырылған жастар бастамалары Қазақстанның әлеуметтік және мәдени ландшафтының маңызды бөлігіне айналды.

Ассамблея жыл сайын өз жұмысын жетілдіріп, оның өкілеттігі мен қоғамдағы рөлін кеңейтті. Соңғы жылдары саяси және әлеуметтік реформалар жағдайында Ассамблея елдегі барлық этностар арасындағы бірлік пен келісімді нығайту жолындағы жұмысын жалғастыра отырып, жаңа сын-қатерлерге бейімделді.

ҚХА құрамына мыңнан астам этномәдени бірлестіктер, мекемелер, бірқатар қоғамдық құрылымдар мен жобалар кіреді. Атап айтқанда, бір жарым мыңнан астам Аналар кеңесі, мыңнан астам Ақсақалдар кеңесі, «Ассамблея жастары» республикалық қоғамдық бірлестігі, «Жомарт жан» орталықтары жалпыұлттық мақсатта қызмет етіп келеді.

«Мәдени мұра» бағдарламасы аясында Ассамблея Наурыз мейрамы, орыс мәдени фестивалі сияқты түрлі этникалық мерекелерге, сондай-ақ қазақ халықтарының салт-дәстүрлеріне арналған іс-шараларға жиі қолдау көрсетеді, мұны елдегі барлық этностардың бейбіт өмір сүруіне барлық жағдай жасалғандығының айқын көрінісі десек те болады.

Ассамблея Қазақстанның саяси өмірінде де маңызды рөл атқарады, ол заңнаманы әзірлеуге қатысады. Парламентте ұлттық бірлік пен қоғам­дық келісімді нығайту мәселелерімен айналысатын «Бір ел – бір мүдде» атты жаңа депутаттық бірлестік құрылды. Сондай-ақ, мемлекеттік органдарға, әсіресе ұлтаралық саясат, көші-қон, әлеуметтік теңдік және азшылық құқықтарын қамтамасыз ету мәселелері бойынша консультативтік көмек көрсетеді. Ол барлық этностарды құқықтық қорғауды қамтамасыз ететін және олардың заң алдындағы теңдігіне кепілдік беретін Ұлттық саясат туралы заң жобасын әзірлеуге қатысты.

Сонымен қатар жыл сайын елімізде 100-ден астам этнос өкілдері қатысатын түрлі тақырыптардағы конференция ұйымдастырылған. Конференцияда әртүрлі халықтар арасындағы қарым-қатынастарды үйлестіру мәселелері, сондай-ақ Қазақстанның көпұлтты мемлекет ретіндегі даму перспективалары сөз етілді.

Осылайша, 30 жыл бұрын Ассамблея көпұлтты Қазақстанда тұрақтылықты, бейбітшілік пен келісімді құру мен сақтауда маңызды рөл атқарған бірегей институт ретінде танылды. Осы жылдар ішінде Қазақстан халқы Ассамблеясының институционалдық құрылымы нығайып, қоғамды ұйыстырушы әлеуеті толысты, ол халық дипломатиясының маңызды күретамырына айналып үлгерді. Еліміздің алдында тұрған қиындықтарға қарамастан, Ассамблея әртүрлі халықтар мен мәдениеттердің үйлесімді өмір сүруін қамтамасыз етті. Ассамблеяның этносаралық өзара іс-қимыл саласындағы жетістіктері толеранттылық, құрмет пен өзара түсіністік қағидаттарына негізделгені еліміздің одан әрі өркендеуінің кепілі бола түсті.

Қырмызы ЖҰМАҒАЛИҚЫЗЫ

Қайнар көзі: egemen.kz
Таңбалар: басты тақырыпбірлікҚазақстан халқы Ассамблеясы
Бөлісу5Твитерге3Бөлісу1Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Қолжазбаларда ұлттың құндылығы қатталған
Ислам

Қолжазбаларда ұлттың құндылығы қатталған

24.07.2026
Дінімізде ауызбіршілік туралы не айтылған?
Қоғам

Бірліктің қайнар көзі – халықтар достығы

23.07.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Киелі шаһардың екінші тынысы

Киелі шаһардың екінші тынысы

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Танымал тақырыптар

  • Ясауи іліміне қатысты XVII ғасырдағы сирек қолжазба Мәскеуден табылды

    Ясауи іліміне қатысты XVII ғасырдағы сирек қолжазба Мәскеуден табылды

    526
  • Сарышаянды арқалаған бақаның соңғы өкініші

    35
  • Қолжазбаларда ұлттың құндылығы қатталған

    30
  • Дінтанушы: Зайырлылық – барлық дінге тең қарайтын ұстаным

    20
  • Ұлттық таным адасудан сақтайды

    15

Соңғы жарияланымдар

Бес өңірде мәдени инфрақұрылым жаңартылып, музей және архив қорлары цифрландырылып жатыр
Жаңалықтар

Бес өңірде мәдени инфрақұрылым жаңартылып, музей және архив қорлары цифрландырылып жатыр

29.07.2026
Насихат елді түзейді
Видео

Насихат елді түзейді

29.07.2026
Арбаудың үш деңгейі
Видео

Арбаудың үш деңгейі

28.07.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00