Сәрсенбі, 16 Шілде, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

«Махмұтшылар» жамағаты туралы не білеміз?

28.01.2025
- Ағымдар ақиқаты, Таңдаулы
0
76
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Асыл дініміз Ислам – барша адамзат баласын бейбiтшiлiкке, амандыққа, ешкiмге соқтықпай тыныш өмiр сүруге шақыратын иләһи дiн. Міне, осындай хақ дiнiмiз жер бетiнде нағыз адамгершiлiктiң, сыйластықтың рухын жайып, алауыздыққа, қастық пен дұшпандыққа тыйым салғаны да мәлiм. Дiни дүрдараздық деген ұғым қазақ даласында күнi кешеге дейiн болмаған. Өкiнiшке қарай соңғы жылдарда асыл дiнiмiздi жеккөрiнiштi етiп көрсететiндер жер-жерден бой көтере бастады. Күні кешеге дейiн бар қазақ бiр дiндi, бiр мәзһабты ұстанып келдi. Сенiмi де, мақсат-мүддесi де бiр болды. Ендi бүгiн әлемде түрлi мүдделер, жат пиғылды ағымдар көбейіп, дiнiмiзге әртүрлі жаман атаулар таңылуда.

Солардың бірі – «Исмаил-аға» жамағаты немесе «Махмұтшылар» деген атаумен белгілі діни ағымның қатаң ұстанымдары қоғамда жиі сынға ұшырап  отыр. Өйткені жамағат жаңадан қосылған адамдарға көптеген талаптар қояды. Соның салдарынан бұл жамағат өкілдерінің зайырлы қоғамдағы өмірге бейімділігі төмен.

Өз діни қағидаттарын барынша қатаң ұстанып, көсемдерінің пәтуалары мен үкімдерін бұлжытпай орындайтын жамағат өкілдері әлемнің әр түкпірінде бір-бірімен байланыс орнатып, жүйелі жұмыс жасайды. Қазақстан аумағында әлі кеңінен тарап күш алып үлгермегенімен, жамағат мүшелері Алматы және Солтүстік Қазақстан облыстарында кездеседі. Аталғандардан тыс Қазақстан аумағында Ислам бағытына негізделгенімен әртүрлі мақсатқа қызмет ететін басқа да бірқатар ағымдардың қызметі немесе ықпалы байқалуда. Түрік жамағаттарының арасында қолдаушылары көп болмаса да, белсенді жамағаттардың бірі, Ыстамбул қаласында шоғырланған – «махмұтшы» («Исмаил аға») жамағаты. Жамағаттың атауы ханафи мәзһабын ұстанушы, Нақшбанди-мужаддиди тариқатындағы «Халидия» тармағының жетекшісі шейх Махмұт Уста Османұлы әл-Уфиден (1929-2022) алынған.

1945 жылы Махмұт эфенди шариғат ілімдері бойынша ижизаға (куәлікке) ие болып, туған ауылындағы мешітке имам болады әрі ұстаздық қызметін атқарады. 1952 жылы төрт мәзһабтың мүфтиі шейх Али Хайдар Ахисхауидің мүриді атанады. 1954-1996 жылдары Ыстамбул қаласындағы «Исмаил аға» мешітінің имамы болып қызмет етеді. Махмұт эфендидің «Тафсир Рухул Фұрқан», «Үгіт-насихаттар», «Иршадул муршидин», «Рисалә Құдсия шархы» секілді бірнеше кітаптары бар.

Можно ли совершать намаз в обуви?

Жұма намазында сыртта аяқ киіммен намаз оқуға бола ма?

15.07.2025
Велосипедпен умраға бара жатқан жолаушыға көмек көрсетті

Велосипедпен умраға бара жатқан жолаушыға көмек көрсетті

15.07.2025

Бүгінде олар ішінара бірнеше топқа бөлінеді. Жамағаттың кейінгі буын шәкірттерінде діни фанатизм белгілері айқын байқалады. «Исмаил аға» жамағаты ұзын сақал қоюды, жеңі кең шапан (жубба), кең шалбар және сәлде кигенді міндетті деп санайды. Әйелдер жамағаты үстіне «чаршаф» атты кең, қара түсті көйлек киіп, көп жағдайда беттерін бүркеп алады. Олар діни білімді тек өздерінің баспасынан шыққан кітаптардан оқиды. Оқу процесі ескі османдық жүйеде, жабық пансиондарда жүргізіледі. Бүгінде Қазақстандағы махмұтшылар жамағаты өз балалары мен ізбасарларын барынша Түркиядағы сондай пансиондарда оқытуға тырысады. Балаларын еліміздің ресми діни оқу орындарына бермегенді жөн көреді.  Сонымен қатар діни қағидаттар мен өз ережелерін барынша қатаң ұстануға, өз көсемдерінің пәтуалары мен насихаттарын бұлжытпай орындауға ұмтылады. Жамағат өкілдері әлемнің қай жерінде болса да, бір-бірімен байланыс орнатып, жүйелі жұмыс жасайды.

Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) пайғамбардың дүниеден озған кезде көптеген сұрақтар жауапсыз қалды. Мұсылмандардың өз арасында бір-бірімен соғысуы нәтижесінде пайда болған бөлінушілік күні бүгінге дейін жалғасын табуда. Пайғамбардың кезеңіндегі бір ғана Ислам, уақыт өте келе, географияның кеңеюімен, яғни Ислам дінінің әлемге жайылумен әртүрлі халықтарға қарай өзгеріп отырған. Исламға шақыру үшін Исламның өзгеше формаларымен «Жәннатқа барғың келсе менің жолыммен жүр», «Жәннатқа жетелейтін жол» деген қағидаларды ұстанатын әртүрлі мәзһаб пен фырқалар, сонымен қатар тариқаттар, түрік жамағаттар белсенділігін арттырып келеді.

Түркия Республикасын құрушы Мұстафа Кемал Ататүрік зайырлы ел қалыптастыру мақсатында 1925 жылғы 13-желтоқсанында жамағаттардың жиналатын жері мен медреселерін жабу науқанын бастайды. Түркиядағы қазіргі жамағаттар сол кезеңде бастан өткізген ең қаралы күндер болатын. Алайда жамағаттар үшін бұлттар сейіліп, күн жарқыраған кезең – Тұрғыт Озалдың басшылық кезеңі болады.

Махмұт түрік жамағаты Нақшибандия тариқатын ұстанады, әңгімелері мен іс-әрекеттері ескілікке апарып тірейді. Қазақстан тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін руханиятта бос кеңістіктер болғандықтан, көптеген дін мен діни ағымдарға, тариқаттарға есігін ашты. Бастапқыда олардың дінді уағыздау, насихаттау әрекеттері тек оң жағынан көрініс тапса, уақыт өте келе шынайы пиғыл-мақсаттары көріне бастады. Сүлейменшілер мен Нұршылар секілді Махмұтшылар да қазақ жеріне келген болатын. Өздерінің ерекше киім үлгілері мен қожа, яғни ұстаздарының сөздерін екі етпестен, бұлжытпай орындау сынды ұстаз-шәкірт арасындағы байланысты тасаууфтан (сопылықтан) алған бұл элементті жая бастады.

Түркияда пайда болған Махмұтшылар саяси мақсаттарын көрсетпеуге тырысады. Исмаил аға жамағатының медресесі орналасқан Фатих ауданы құдды бір Сауд Арабиясының қалаларының біріне ұқсайды. Медресе аумағында тек араб үлгідегі киімдер тігіліп, сатылады. Олардың медреселері халықаралық статусқа ие болғандықтан, шәкірттері көбіне ТМД елдерінен келіп оқиды. Әрбір жамағат, мәзһаб, тариқаттардың өзіндік қағидалары мен заңдылығы бар.

Бұл жамағаттың қоғамымызға тигізер кері әсеріне тоқталып өтсек:

  1. Шетелден келген діни жамағаттардың еліміз үшін ең басты қаупі – сырттан басқарылуы. Яғни шын мәнінде басшыға бағынуды сөз жүзінде ғана қолданады.
  2. Қаражат көздерінің жабықтығы, қаржының қалай, қай жаққа жұмсалғаны туралы еш мәлімет жоқ.
  3. Тек өз имамдарын, пірлерін ғана тыңдап, дінді өз ұстазының түсінігімен шектейді. Басқа имам-ұстаздардың сөзіне құлақ аспайды. Бұл да бір бөлінушілікке алып келетін сипаттың бірі.
  4. Түріктендіру саясатын қолдауы.
  5. Өз имамдарын пайғамбардан кейінгі дәрежеге көтереді.

Жалпы алғанда әрбір жамағат немесе тариқат ертеңгі күні мәзһабқа айналмауына ешкім кепілдік бере алмайды. Бүгінгі таңда өздерін қоғамнан оқшаулаған, бөлектеніп бір мектеп болған тариқаттың болашағын болжау –оңай. Өйткені бүгін олардың өз заңдылықтары мен қағидалары болса, ертең өздеріне тән сенім негіздері болары. Ал одан әрі «мутацияланатын» болса, дінге де айналу қаупі бар.

Құрметті бауырлар, ел болу үшін, ең алдымен өз ішімізден бөлінуге жол бермейік. «Бөлінгенді бөрі жейді» – демекші, іштегі бірлік кетіп, алауыздық туындаса, сырттан келіп, елімізді ойрандап, іріткі салу оңайға түседі. Сондықтан әсіресе, жастар, жалпы ел мұсылмандары, ешбір топтың жетегіне ермей, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ұстаздарының пәтуасына жүгініп, дәрістерінен рухани азық алғаны абзал.

Бейбіт ӘЛІПБЕКҰЛЫ,

Жамбыл облысының бас имамы 

«Мұнара» газеті, №20, 2024 жыл

Таңбалар: діни ағымсекта
Бөлісу2Твитерге1БөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Дін ілімін елден ал
Видео

Дін ілімін елден ал

04.07.2025
Заңсыздық запыраны
Видео

Заңсыздық запыраны

30.06.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба
«Хасеки» академиясының ұстаздарымен кездесті

«Хасеки» академиясының ұстаздарымен кездесті

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Көп қаралғаны

  • Медресеге қалай түсуге болады?

    481 бөлісті
    Бөлісу 192 Твитерге 120

Соңғы жарияланымдар

Можно ли совершать намаз в обуви?
Сұрақ-жауап

Жұма намазында сыртта аяқ киіммен намаз оқуға бола ма?

15.07.2025
Велосипедпен умраға бара жатқан жолаушыға көмек көрсетті
Жаңалықтар

Велосипедпен умраға бара жатқан жолаушыға көмек көрсетті

15.07.2025
Ғибратты әңгімелер

Жеті ұрпаққа жетер шарапат

15.07.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2024 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2024 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00