Сенбі, 8 Тамыз, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

«Айбоз» Ұлттық әдеби сыйлығының жеңімпаздары марапатталды

02.12.2024
- Жаңалықтар
0
54
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Бүгін Алматыда «Айбоз» ұлттық әдеби сыйлығының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті, деп жазады Egemen.kz.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі ұйымдастырған байқау биыл үшінші рет өтті.

Лауреаттарды құттықтаған Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева қазақ әдебиетінің дамуына қосқан үлестері үшін жазушыларға ризашылығын білдірді.

«Айбоз» әдеби сыйлығы – сөз өнерінің майталмандарын дәріптейтін, олардың шығармашылығын елге танытатын ерекше сыйлық», деді министр.

Сондай-ақ, ол мемлекет тарапынан руханият саласына ерекше мән беріліп, ұдайы қолдау көрсетіліп жатқанын атап өтті.

«Дәстүрлі діни таным және ұлттық құндылықтар» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

«Дәстүрлі діни таным және ұлттық құндылықтар» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

07.08.2026
Қазақ киносының жетістігі артып келеді

Қазақ киносының жетістігі артып келеді

07.08.2026

«Жыл сайын Жазушылар одағы Алматы қаласы әкімдігімен бірлесіп алматылық 400 қаламгерге, Астана қаласы әкімдігімен бірлесіп астаналық 80 қаламгерге қала әкімдерінің гранттары табысталуда. Министрлік кітап саласында да жүйелі жұмысты жалғастырып келеді. Мәселен, биыл қоғамдық маңызы бар әдебиеттерді сатып алу бағдарламасына бойынша 52 авторға қаламақы төленді. Жаңа кітаптар алдағы жылы көпшілік оқырманға жол тартады. Ал қайта басып шығару бағдарламасы бойынша 2023 жыл 134 кітап жарық көрсе, биыл жыл соңына дейін 189 жаңа кітап ел кітапханаларына таратылмақ», деді Аида Балаева.

Биыл министрлік Қазақстан Жазушылар одағымен «Стратегиялық әріптeстік» орнату бойынша үш жаңа жобаны жүзге асырды:

  • Жас қаламгерлер «Қазақстанның әдеби-танымдық панорамасы» жобасы негізінде еліміздің өңірлеріне барып, жаңа шығармалар жазды. Жыл соңына дейін қазақ әдебиетіне жиырма жаңа туынды қосылып, әр жас қаламгер 4 млн теңге көлемінде қаламақы алады;
  • Жас қаламгерлерге арналған «Жазушылардың шеберлік мектебі» ұйымдастырылып, отандық және шетелдік беделді қаламгерлердің дәрістері мен шеберлік сыныптары өтті;
  • «ТМД елдерінің архивтеріндегі қазақстандық жазушылардың зерттеу жұмыстары» жобасы ұйымдастырылды.

«Айбоз» сыйлығынан бөлек, жас қаламгерлерге арналған Президенттік арнаулы әдеби сыйлық, Мәдениетаралық және этносаралық бірлікті нығайтуға арналған әдебиет саласындағы сыйлық, «Дарын» секілді бірқатар сыйлықтар мен байқаулар ұйымдастырылып келеді.

Биыл Мәдениет және ақпарат министрлігінің жанынан жас жазушыларға арналған «Алқа» әдеби клубы құрылды. Жас жазушылар Ілияс Жансүгіровтың 130 жылдығы және Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдығына арналған әдеби тур өткізді.

«Мемлекет басшысы 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялағаны белгілі. Осы орайда, дарынды авторларға қолдау көрсетіп, қоғамдағы еңбек мамандықтарының маңызын ашу мақсаттында жас қаламгерлерге арналған «Ерлік пен еңбек дастаны» байқауы жарияланғанын да айта кеткім келеді. Мұның бәрі ұлт әдебиетін, қаламгерлер қауымын қолдауға бағытталған кешенді жұмыстардың айқын көрінісі деп білеміз», деді Аида Балаева.

2024 жылы «Айбоз» сыйлығына 7 номинация бойынша 176 шығарма авторлары өтінім берді: «Үздік проза» – 57, «Үздік поэзия» – 37, «Үздік драматургия» – 16, «Үздік әдеби сын» – 13, «Үздік әдеби аударма» – 14, «Үздік балалар әдебиеті» – 31 және «Үздік комикс» – 8 өтінім.

Жасырын дауыс беру нәтижесі бойынша, тәуелсіз қазылар алқасының шешімімен «Махамбеттің өлім жазасы» романының авторы Бекет Қарашин «Үздік проза» номинациясының жеңімпазы атанды, «Үздік поэзия» номинациясында – «Айкөркем» балладасының авторы Маралтай Райымбекұлы жеңімпаз болды. «Үздік драматургия» номинациясында ең көп дауыс Думан Рамазанның «Әзірет Сұлтан» пьесасына берілді. «Үздік әдеби аударма» номинациясы бойынша Рауза Мұсабаева «Таң жұлдызы» жұмысымен жеңімпаз атанды. «Үздік балалар әдебиеті» номинациясында Төкен Әлжантегінің «Қызықтың бәрі ауылда» шығармасы үздік деп танылды. Ал «Үздік әдеби сын» номинациясында Жүсіпбек Қорғасбектің «Сайтанның ойыны» еңбегі марапатқа ие болды. «Үздік комикс» авторы болып Жақсылық Сабитов «Жошы хан» жұмысымен танылды.

Ұлттық әдеби сыйлықтың жалпы жүлде қоры 35 миллион теңгені құрады.

Бөлісу1Твитерге1БөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

«Дәстүрлі діни таным және ұлттық құндылықтар» тақырыбында дөңгелек үстел өтті
Жаңалықтар

«Дәстүрлі діни таным және ұлттық құндылықтар» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

07.08.2026
Мүфтият ғимаратының ауласына 440 арша ағашы отырғызылды
Сұрақ-жауап

Ағаш отырғызудың сауабы қандай?

07.08.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Қызылорда облысы тұрғындарынан 2 мыңнан астам киік мүйізі тәркіленді

Қызылорда облысы тұрғындарынан 2 мыңнан астам киік мүйізі тәркіленді

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Танымал тақырыптар

  • Мешіттің есепшісі

    Мешіттің есепшісі

    51
  • Абай – кемел мұсылман

    36
  • Исламда пікір айту әдебі бар ма?

    20
  • Намаздың діндегі орны

    19
  • Қызметке адал болу – көркем мінез көрінісі

    18

Соңғы жарияланымдар

«Дәстүрлі діни таным және ұлттық құндылықтар» тақырыбында дөңгелек үстел өтті
Жаңалықтар

«Дәстүрлі діни таным және ұлттық құндылықтар» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

07.08.2026
Мүфтият ғимаратының ауласына 440 арша ағашы отырғызылды
Сұрақ-жауап

Ағаш отырғызудың сауабы қандай?

07.08.2026
Қазақ киносының жетістігі артып келеді
Жаңалықтар

Қазақ киносының жетістігі артып келеді

07.08.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00