Сейсенбі, 13 Мамыр, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Қабір басына жылқының бас сүйегін неге қояды?

13.11.2024
- Ислам, Таңдаулы
0
94
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Қазақ халқының малдың басына ерекше құрметпен қарап, қадірлі қонағына бас тартатын дәстүрі баршаға аян. Сондай-ақ еліміздің шығыс жерінің кейбір аудандарында мүжілген бас сүйекті де аяқ астына тастамай, үйдің төбесіне, адам аяғы баспайтын биіктеу жерге қояды.

Сонымен қатар, кісі қайтқанда жылдық асына сою мақсатымен өзінің мінген жылқысының жал-құйрығын күзеп еркін қоя беру де біздің салтымызда бар дүние. Уақыты келіп жылдық асын өткізген соң арнайы сойылған жылқының басын асы өткеніне белгі ретінде шығыс өңірінің кейбір аймақтарында қабір басына апарып қою әдеті де кездесіп жатады. Бұл әдет барлық халыққа тән емес әрі бұл соңғы уақытта ұмыт бола бастады. Әу баста бұл салттың бастауы көне наным-сенімдерге байланысты мәйітпен бірге мінген атын жерлеуден басталғандығын айтуға болады.

Дегенмен, бабаларымыз саналы түрде Ислам дінін қабылдағаннан кейін марқұммен бірге тек қана сыртына ораған кебіні ғана көміліп, аталмыш салт тоқтау тапқан.

Сондай-ақ, ерге қанат болып, талай қан майданнан алып шыққан жан серігіне айналған тұлпары өлгенде батырларымыз олардың басын аяқ асты етпей биік төбелердің басына қойған оқиғаларды да кездестіруге болады. Бұған мысал ретінде Қабанбай батыр бабамыздың Қубас атты сәйгүлігінің басы биік таудың басында бертінге дейін сақталғандығын келтіруімізге болады.

Мүфтият жанынан «Қарилар алқасы» құрылды

Мүфтият жанынан «Қарилар алқасы» құрылды

13.05.2025
Күмәнді контенттің қаупі неде?

Күмәнді контенттің қаупі неде?

13.05.2025

Асқа сойылған малдың басын қабірге апарып қоюды шариғатымыз талап етпейді. Алайда, Ислам діні шамасы келген кісі ас беріп, дастарқан жайып, Құран оқытып, көпшіліктің дұғасын аламын десе, оған тыйым салмайды. Сонымен қатар, жергілікті ұлттың шариғат қағидаларына қарсы келмейтін салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарын да мансұқтамайды.

Алайда салт-дәстүрін қоғам жағдайына сай жаңғыртып отыратын дана халқымыз “Дәстүрдің озығы бар, тозығы бар” деп өзектілігі азайған кейбір ырымдар мен тыйымдарды өзгертіп отырған.

Шариғат талабы бойынша зираттардың қоқыс сияқты қажетсіз заттардан таза болуы, ит-құстардың белең алмауы шарт.

Осы орайда, Абай облысы бойынша зираттарға тазалық жасап, қабірлер арасындағы тұрмыстық, құрылыс және т.б. қалдықтар мен қоқыстарды тазалау барысында Семей қаласы Төкеш Ыбырайұлы мешітінің азаншысы Желдібаев Мұрат Сайланұлы кездейсоқ бір қабір басындағы бас сүйектің шариғаттың талабы емес екендігін, қазақ халқының Исламға дейінгі көне діни нанымымен байланысты әдет екендігін жеткізген. Бірақ түсіндіру барысында көне ырымның шығу тарихын, жасалып келген себебін, өзектілігінің қазіргі кезде азайғанын толық түсіндіріп өтпеген. Бұған қатысты тиісті түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Асқар ӘБІТАЙҰЛЫ,

Абай облысының бас имамы 

Таңбалар: жылқының бас сүйегізират
Бөлісу2Твитерге2БөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Сұрақ-жауап

Қабір үстіне бейіт, кесене салуға бола ма?

15.04.2025
Мұсылман зираттары цифрландырылды
Жаңалықтар

Мұсылман зираттары цифрландырылды

09.01.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба
БАӘ-мен мәдени ынтымақтастық артады

БАӘ-мен мәдени ынтымақтастық артады

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Көп қаралғаны

  • Індеттен қайтыс болған адамның мәйітін жерлеу туралы пәтуа

    74810 бөлісті
    Бөлісу 29924 Твитерге 18703
  • Сәби шағында қайтыс болған бала ата-анасына шапағатшы бола ма?

    2469 бөлісті
    Бөлісу 988 Твитерге 617
  • Баланы қай жаста сүндеттеген дұрыс?

    547 бөлісті
    Бөлісу 219 Твитерге 137

Соңғы жарияланымдар

Можно ли совершить хадж без визы?
Жаңалықтар

ҚМДБ: Жалған қажылық жасағандарға айыппұл салынады

13.05.2025
Мүфтият жанынан «Қарилар алқасы» құрылды
Жаңалықтар

Мүфтият жанынан «Қарилар алқасы» құрылды

13.05.2025
Күмәнді контенттің қаупі неде?
Видео

Күмәнді контенттің қаупі неде?

13.05.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2024 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2024 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00